"Қазақстан президенті әйелдердің хиджаб киюіне қарсы" дейді...

Қайрааан БАҚ, МАСС МЕДИА или СМИ
Оқып, көріп, жылап ал, кейде жыми. (Жылқышы Өзбек 2011 жыл)

Бүгін Азаттық радиосы, Платон, Nur, Маса, Абай атты ақпараттық сайттары "Қазақстан президенті әйелдердің хиджаб киюіне қарсы" деген тақырыпта бірнеше мақалалар жариялады. Оқығыларыңыз келсе сілтеме мынау.

Осы мақаланы оқып түйгенім, көптеген БАҚ өкілдері, оқу орындары Нұрағаның осы айтқанын негізге ала отырып өз шеңберінде хиджабты шешкізу операциясын бастап жіберетін сияқты болды.

Осы орайда мынаны айтқым келеді. Нұрсұлтан Назарбаев жай ғана өз көзқарасын айтты. Қайталап айтам, жай ғана өз көзқарасын айтты (Әр адамның кейбір нәрселерге өз көзқарасы болатыны табиғи жағдай ғой). Заңға хиджапты шештіру мәселесінде өзгерістер болады деген әңгіменің иісі де шыққан жоқ. Сондықтан, Қазақстандағы әмме мұсылман қауым байбалаң салмай, (паника жасамай) сабыр сақтап, өз позициясымен әрі қарай жүре беруі дұрыс деп санаймын.
Бөлісу:

42 пікір

urimtal
туиттерде жұрт шулап жатқан соң сен көрсеткен ақпараттарды да бір шолып шығып едім, дені Елбасының "қарсымын" деген жерін жұлып, алып соған ғана екпін түсірген.

ҚазАқпараттың жаңалығын оқысым, акцент мүлдем басқаға қойылған екен, яғни дұрыс діни білім алуға қарай ойысқан. Енді «Алаш Айнасы», «Айқын» т.б. газеттер не дейтінін білу қызық болып тұр.

ҚазАқпарат
«Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз, тарихты оқып-үйрену, әсіресе оған жастарды тарту аса маңызды», — деп санайды Президент.

«Бірақ мен паранжа кигенге қарсымын, — деп атап өтті Н.Назарбаев. — Әсіресе хиджаб пен паранжаны студенттер мен оқып жүрген жастардың киіп жүргеніне қарсымын».

Оның үстіне, Мемлекет басшысы атап өткендей, жастардың бойында дінге деген қызығушылықтың артуы — жағымды процесс. «Бірақ шынайы дінді жалған діннен айыра білу қажет», — деп мәлімдеді Елбасы.

Ең қызығы, тиуттегі және орыс тілінде пікір қалдырғандарды дені: «Назарбаевтың осы сөзі үшін, яғни „Әсіресе хиджаб пен паранжаны студенттер мен оқып жүрген жастардың киіп жүргеніне қарсымын“ деген сөзі үшін мен оған дауыс беремін» депті.

пысы. Жұмада орталық мешітте болып едім. Уағызды дұрыс тыңдай алмадым. Бірақ бұл тақырыпқа арналмағаны анық. Сен барған мешітте де солай болды ма?
blackbeard
Мен уағызға қатыса алмадым! Зорға үлгердім:)))
urimtal
Бір есептен сайлау қарсаңында мұндай мәлімдемелердің астарында саяси бір гәптер жататыны бар. Ол кісіге де сөзді әзірлейтін, мәлімет жинақтап беретіндер, әрі оны қай жерде, қашан айтылуы тиіс екені де ойластырылатыны бар екені анық. Эмоцияға берілмей, кішкене астарына үңілу үшін бір аптадай уақыт күту керек шығар.

Қазір барлығы дерлік бірінші эмоциясын шығарады. Біреулерге керегі де сол болып тұр ғой.

пысы. қабыл болсын!
blackbeard
Үрленген үлкен шар!!!

Пысыңызға әмин! Сіздікі де қабыл болсын!!!
Qojeke
masa.kz оқырмандары "Президент уахабистерді "өшіріп тастады" уахаха" деп мәз-мейрам болды. Абай.кз мен Маса.кз сайттарына есі дұрыс емес адамдар көп жиналатындай осы.
blackbeard
Уахабисттер өшсе мейлі ғой! Басқа мұсылмандарға зиян болмаса жарар еді…
Qojeke
Абай.кз мен Маса.кз оықрмандарын ол қызықтырмайды. Сақалды көрсе атып тастардай клавиатурасын тарсылдатып отырады ғой арасындағылары :)
Khan
Негізі, Қара бала, Президенттің өз ойы деген болмайды. Оның ойы, оның саясатының айнасы. Сондықтан, БАҚтың шулауы заңды!

Президент хиджабты дәл қазір сөз етуін сайлауалды ұпай жинау деп түсінген жөн. Себебі, қоғамда бүркенгендерден мезі болғандар жетерлік. Екінің бірі осы уахабтардың көзін қашан құртады, бір түнде неге қырып тастамайды дейді.

Ал, президент түсінеді — құзырлы органдар деңгейінде күштеп хиджабты шештіре алмайды. Сондықтан, халыққа «мен қарсы емеспін, қырсаңдар қырыңдар» деп отырғаны. Осындайда қоғам белсенділігінің төмендігі қынжылтады
Qojeke
Өз ойы боалады. Бірақ бізде «президенттің өз ойы болмайды. Оның ойы дегеніміз оның саясаты» деген түсінік қалыптасты. Дұрысы, солай.
Khan
Сонда ауызы мен қолы екі түрлі қимылдауы өркениетті елде дұрыс қабылданады деп ойлайсың ба? Бізде, Сізде деп бөлетіні жоқ, Президент болған соң сөзі мен ісі сай болуы керек. Ел алдына шығып жариялағаннан кейін жеке ойы, мемлекет қызметкері ретінде ойы деген болмайды. Ол елбасы болмаса оның ойының көк тиындық құны болмас еді.
Qojeke
Президент екі әйел алса, ол әрекеті екі әйел алу заңдастырыл(а)ды дегенді білдірмейтін болар?!
Президенттер де адамдар. Олардың жеке өмірлері (Мыс.: Путинн мен Обаманың иттері, оларға көңіл бөлуі), жеке көзқарастары болады (заң басқа, президенттің жай ғана жеке адам ретіндегі ойы басқа. екеуі сай келе бермеуі мүмкін). Ал елбасыңызға қатысты ештеңе айта алмаймын. Білмеймін.

Менің жазған жауабым тек біздің президентке қатысты емес еді. Дұрыс ұқпай қалдыңыз-ау.
Khan
Әңгіме сонда болып тұр ғой, Қожеке, тамаша ұғып тұрмын.

Президенттің бір нәрсеге қатысты ойы (позициясы) ол мәселеге қатысты заң шығарып тастады дегені емес. Заңды шығаратын Президент емес. Бұл туралы әңгіме қозғауың орынсыз.
Qojeke
Егер кез келген елдегі президент ойындағысын жасаса, онда не болады?
patick
Дұрыс қо нақ Президенттікі. Қазақстан зайыпты, ой, зайырлы мемлекет. Сондықтан андай фанатизмге жол бермеу керек.
Qojeke
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының деректері бойынша, елдегі 16 миллион тұрғын халықтың 70 пайызға жуығын мұсылман дінін ұстанатындар құрайды.
Бұдан асқан сорақы өтірік дерек жоқ шығар :))
Qojeke
Діни бостандық жоқ. Он ықойшы, адамгершілік жоқ. Қай жылы еді, Алматыдағы кришнаиттердің ауылын тасталқан қылды. Олар да адам емес пе? Неге адам сияқты заңға жүгініп әрекет етпейді? Кришнаиттердің әрекеті 100% қате болса да оларды «малдық әрекетпен» азаптауға бола ма екен?
blackbeard
Меніңше, дін менен діни фанатизмнің ара жігін айырып алу керек сияқты. Мәселен, менің қарындасым да хиджаб киеді (Модный хиджаб). Оны діни фанаттық деп айта алмаймын. Басқа хиджабтағы қыздар секілді үйінен шықпай, тек қана құран мен хадис оқып, одан басқасын харам деп, намазды еркектерше оқитын қыздардың қатарында емес. Екіншіден, елімізде ешқандай фанаттыққа қатысы жоқ көптеген зиялы қауымның да орамалды қыздары бар. Әсті қуантатын жағдай.
Үшіншіден, мені де сақалым болғаны үшін діни фанат деп ойлайтындар бар...(Уаахаха бұттан кеттім)
patick
Қыздардың «Ассалаумұғалейкүм» деп амандасқаны тым ерсі естіледі. Қыздар, плиз, «сәлем» не, «сәлеметсіз бе» деп амандасыңдарш.
Qojeke
Приветик, Патик ағҒай :))
konvict
Patrick what a hell are you saying? Your comment is freaking thing, you know.
urimtal
Жаңа «Хабардан» сол Түркістандағы кездесуді көрсетті. Жұрт даурығып жатқан сәт көрсетілмеді. Түсінгенім, осы ақпаратты бірінші болып таратқан адам оны контексттен жұлып алған сыңайлы. Әйтпесе, Елбасымыз қағазға қарамай кең көсіліп сөйлепті. "Қазақ" деп бірнеше рет қайталаған. Қазақтықтан жиіркенетіндердің ілігер тұстары көп екен…
«Алаш айнасы» ақыры ақпаратты орыс тілді БАҚ-тар тәрізді берген. Сәл ғана жұмсартуға тырысқан.

Президентті ақтап алуым емес. Дінді желеу еткен үлкен бір саяси ойынның ұшы қылтиып шығып қалғанын, оны президент айналасындағылардан кім бастап отырғанын түсінуге тырысуым ғой…

пысы. бұрындары дін мемлекеттен бөлек деп "ән салу" сән еді. :)
Janasil
Ислам діні мен, Арабтардың салт дәстүрін шатастырып алмайық!!! Мұсылман болу деген Араб болу деген сөз емес!!!
konvict
Май айныса тұз түзейді, тұз айныса не түзейді?
Халық айныса хан түзейді, хан айныса кім түзейді?
Елбасымыздың бұл сөзі жеке басының ойы деп білем. Бірақ, Елбасының айтқанын шариғат деп қараңдар деген еш жерде жазулы емес. Сондықтан, хижаб шешілетін болды деудің еш қажеті жоқ. Құран Кәрімнің Нұр сүресінде: (Мұхаммед Ғ.С) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не істегендерінен хабар алушы. (30)

Мүмін әйелдерге де айт: "(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. (Беті, қол-аяқтары. Ж.Б.М.К.) Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ: Ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, үгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпеке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарыңдағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар. (31)

Ахзаб сүресінде: Әй Пайғамбар! Жүбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: “Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл, олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла (Т.) аса жарылқаушы, тым мейірімді. (59) деп анық көрсеткен. Бұл сөзді жоққа шығару Құранды жоққа шығару, Құранды жоққа шығару пайғамабрымызды жоққа шығару, пайғамбарымызды жоққа шығару Аллаһтың кемшіліксіз екендігіне шәк келтіру. Ал, Аллаһтың сөзіне шәк келтірушілерді жалыны басылмайтын тозақ күтіп тұр!!!
blackbeard
Convict дұрыс айтады. Қаласаңыз да қаламасаңыздар да сол дұрыс. Өйткені құраннан сөз айтылып тұр. Хиджаб деген араб болу дегенді білдіреді деу құр далбаса. Өйткені, Ислам келгенге дейін арабтардың өзінде хиджаб атаулы болмаған. Хиджаб Ислам әмір етілген соң ғана келіп отыр. Демек, оны бір ұлттың салтына балау, анық адасушылық. Одан алдын хиджаб (орану) кию Аллах тарапынан келген барлық діндерде болды. Христиан, Яһуди әйелдері де Аллахтан үкім келген соң оранды. Сол үкімді қазірде Христиан шіркеулеріндегі әйел дін қызметкерлері ұстанып келеді.
Бірақ бұл жерді діни тартыс алаңына айналдырғым кеп тұрған жоқ. Егер ұнамаса тартыспай-ақ минус қоя салыңыздар. Риза болам соған да!
Салт деп жатырмыз ғой жаңағы бері. Егер мемлекетте хиджабқа рұқсат бермей қойса, онда шешінуден басқа жол қалмайды деген сөз емес. Қарындастарым әуретін жабулары үшін керек болса, орамалдарына ою тіккізіп, юбкаларын қазақи өрнектермен безендіріп беремін. Ал енді ұлттық киімге қарсы шығып көрсін…
TERISKEI
Қарасақал, саған минус!!!;) Күшті айттың!
Gastarbaiter
Интернетте шешілмейді бұндай мәселелер құрметті жас максимал бауырлар. Интернетте тек қандай кино қарап, қандай әтір себетіні шешіледі.
AKY
Сабынсу Шампуньды қосып қой.
Khan
Қуыққаптар туралы да тақырыптар жақсы талқыланады екен :)
Khan
Президент сайлау алдында өз ұпайын түгендеп жатыр. Араб елдерінде бірінен соң бірі болып жатқан төңкерістерден шошынып хиджабың құрсын деп отыр.

Хиджабты қолдап отырған бауырлар бір нәрсені түсінбей отыр. Бұл діни саясаттың кесірінен. Шынтуайтына келгенде қазақтардың хиджаб кигеніне арабтардан көрі АҚШтықтар көбірек қуанады — тағы бір соғыс аймағы ашылады. Әлемде қанша миллиард мұсылман бар. Бәрі бірдей бетін бүркеп алып жатқан жоқ, әсіресе, Абу Ханифа мазхабы бойынша өз бағытын таңдаған Сүнниттер.
satibaldi
Әлемде қанша миллиард мұсылман бар.
Кетш )))))
Khan
не болды? екі миллиард аз болып отыр ма? Тағы уағыз жасап 4-5 миллиардқа жеткіземіз аз болса :-)
satibaldi
Әрі қарай, тағы бір миллиардын азғыра салуға не кедергі деген заңсыз сұрақ туындап отыр…
Khan
Қытайда уағыз жасау қиын деп естіп едім. Не уверен болып отырм да
satibaldi
Басқа сұрағым жоқ, мемлекеттік айыптаудың текстіне сөз бере берсеңіз болад.
Gastarbaiter
Әлгі Аутист туралы үнді фильмінің әсерінен шыға алмай жүрмін десейші…
Khan
Ие, маған пох қо. Просты, Сатекең ұсақталып кеткен бе деймін.
satibaldi
Шынтуайтына келгенде қазақтардың хиджаб кигеніне арабтардан көрі АҚШтықтар көбірек қуанады — тағы бір соғыс аймағы ашылады.
Сендей топас, есек адам көрсем көзім шықсын.
Khan
СаянҮштің ылаңын ұмытып семірейін деген екенсің!