ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

сілтемені бас
Бөлісу:

15 пікір

sammita
содан?
AsanQaigy
содан сол, көк туың дорба болып жүре бермек…
sammita
өзің жазып шықтың ба? Ұрлап асығыс жазған сияқты мемл. деп қысқарта беріпсің де:)))
AsanQaigy
текст-бекітілген нұсқа.
edige
Көргем осындайды. Шортый емес па мынау?
AsanQaigy
оны жазда көруін әбден мүмкін
alisha
маған көрінбей тұр. Алтын Ордаға шыққан сурет емес пе?
gunner
Блог оқығанда, төрт кластық білімі болса да жазған адамның ойын, пікірін оқығым келеді. Әбілдің интернетінде онсыз да жетпіс пайыздан аса копипаст (көшірме ?) бар. Ту туралы білгім келсе гуглдан іздеп таба алам, оны жазып не керек.

Мысалы, мына кішкентай қыздың блогы қызық lashka.wordpress.com/, қаптаған копипаст емес, өз ойын, пікірін жазады
AsanQaigy
сіз сілтемені көрдіңіз бе?
sammita
Асан Қайғы, ренжіме, шынымен сондай ғой, сілтемені берудегі, көшіріп салудағы мақсатыңызды білгім кеп сұрағам ең алғаш сұрақта.
AsanQaigy
Ер адамға ренжу жаңсақ деп білем. Мәтін бекітілген, арнайы мәтін. Әр мектептің қабырғасында табылады ондайлар. Менің айтпағым сілтемедегі бейнеде.
edige
Мұғалімдер бөлмесінде тағы не ілініп тұр. Адамтану кабинетінде ше?
AsanQaigy
оны неге менен сұрадың?
patick
Тудан дамбал тігіп кию — патриотизмнің шырқау шегі деп есептеймін.
edige
Ұлағатты сөз жоқ бұдан уахахаха