Дәруіш мәдениетінің қорғасын қорынан. «Ақ үшбұрыш»

Виттор Қастеев ( Vittor Qasteyev, 1959, Мазари Шәймерден2033, осы жерде өлем дейді) – дәруіш импрессионизмінің көрнекті өкілі.
Басында живопиське бой ұрған Виттор, кейін группаласы Мүлкіаманды ұрып, 1984 жылы Мәскеудегі УЧРЕЖДЕНИЕ 71А еңбекпен түзету колонниясынан қатты өзгеріп келеді. Жұбайы сол кездерді былай еске алады: «Лібә, қатты өзгеріп келді».
Мәскеудегі сапарынан соң бір жылдан кейін, осы «Ақ үшбұрыш» атты туындысын дүниеге әкелді:
Ақ үшбұрыш
Алғашында бұл туындыны салқын қабылдаған дәруіш қауымы, кейін тіптен қақаған аяз боп кетті. Витторды Өнер Академиясындағы мүшелігінен айыруға аттыкін салысқан Израиль Сапарбай былай еске алады: «Виттор – қолмен салатынды мүшесімен салатын, мүшесімен салатынды – қолмен салатын хайуан». Бейнелеу мэтрінің метр тілінің мұндай бағасынан кейін, тапсырыс беруші күрд азайып, түріктердің, қырым татарларының бау-бақшасына жалданып жұмыс істеуіне тура келеді.
Бірақ Виттордың сағы сынбады. Атышулы «Ақ үшбұрыш» кенебінен кейін, бірінен бірі өтетін «Жасыл төртбұрыш», «Қоңыр пирамида», «Көгілдір ромб», «Қызыл додекаэдр», «Қара октаэдр», «Сарғыш эллипс», «Күлгін сфера» атты туындылары дүниеге келді. Айтпақшы, «Күлгін сфера» атты шығармасы өртке шалынып, тап сол мезетте дүниеден қайтып кеткен. Аталмыш туындылардан кейінгі Виттордың ұзаққа созылған тоқырау кезеңін, өнертанушылар оның әйелі, геометрия пәнінің мұғалимасы Зылиқаның ашынасымен қашып кеткенімен байланыстырады. Бірақ бұл жақсы белгі еді. Себебі, алты аптаға созылған шығармашылық дағдарыстан соң Виттор «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің мұғалимасы Раузияның көңілдесі болып, дүниеге енді «Гипербола», «Парабола», «у=kx+b» атты шедеврлер келді. Өз кезегімізде қара халатты вокзал жан Виттор Қастеевке өзі салып алған осы сүрлеуден таймай, шығармашылықтың шыңына жетуін тілей отырайық, Исаның мүмміндері!!!
Бөлісу:

23 пікір

patick
Метла шешең :)))))))))))))))))))))))))))))))
Orkenegro
муахаааа) қатты ішек
Erkekyz
Малевичтың «Черный квадратын» еске тусіреді екен.)))
Gastarbaiter
Мына комент өртейд:)))) Порыларымнан кетті
satibaldi
Лібә))))))))
Gastarbaiter
Лібә, рас айтам, мен бұны Рафайылдың «Секстенкейінгі Мадоннасына» ұқсатып отырғам.
satibaldi
"… еске түсіред" деп жұмсартқанына кісінедім ))))))
Мен негізі джентльмен ретінде: «Малевич деген кім еді?» деп сұрауым керек ед, ммуах-ха-ха-ха-ха-хаааа :))))))))))))
edige
Қазымыр Малұлы ғой…
blackbeard
}{e}{e!!! Құлақтан кетті:)))
blackbeard
Исаның мүміндері:))) Будданың католиктері, Конфуцийдің баптистері, Даосизмнің протестант жамағаты:))))
Abilakim
. Жұбайы сол кездерді былай еске алады: «Лібә, қатты өзгеріп келді».

-Қолтықтан кеттім )))))))))кеңк-кеңк
qisyq
))))))))))))))))))))))))))))))
edige
"Қолмен салатынды мүшесімен салатын, мүшесімен салатынды – қолмен салатын хайуан"
:) Қоймайсындар нақ
konvict

п.с.Бүгін архив ақтаратын күн болды
Abilakim
бұл да бір дәуірлер еді ғой)))
alisha
Мынаны оқымаппын.
sigma
Өңшең археолог бовалғансыңдар ма?
Karakyz
Бұрын оқымаппын. Кешегі кезектен тыс Сатыбалды оқуларынан кейін бүгін оқып күліп алдым.
back2back
қара халатты вокзал жан
Marco
Осындай шедеуірлер неге жазылмай кетті?