Астанада блогшылар шаңғымен жарысты
Бекболат Тілеуханның бастамасымен, Намыс журналының ұйымдастыруымен бүгін Астанада, Есіл өзенінің үстінде астаналық блогшылар арасында шаңғыдан жарыс өтті. Барлығы жеті блогшы қатысқан бұл жарыста админдеріңіз бірінші орын алды. Екінші болып мәреге Жанасыл Болатбек, үшінші болып Рахат Жақсыбай келді. Қыздардан бірінші орынды Кәмшат Тасболат алды. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар берілді, қалған қатысушылар да сыйлықсыз қалмады. Жарыстан кейін Намыс журналы жігіттері керемет дастархан ұйымдастырып жіберді, шәй ішіп, дәмнен ауыз тигеннен кейін марапаттау рәсімі болды. Жалпы жарыс алғаш рет өткенімен ұйымдастыру жағы күшті болды. Бекболат ағамызға және ұйымдастырушы жігіттерге рахметімді айтамын.
Ал енді Нұрғисаның түсірген суреттерімен танысып шығайық, видеоақпаратпен кейін өзі бөлісе жатар.
P.S екінші орын алған Жанасыл маған ренжіген сияқты, құлап қалған кезімде көмектеспедің деп. Мұның спорттық жарыс екенін ескерте отырып, құламаған жағдайда бірінші орын алар едім деп ойлауын қарсыластың мүмкіндігін бағаламау ретінде қабылдап, өкпесінің орынсыз екенін айта отырып, бұл қателігін жастығына, тәжірибесіздігіне бергім келіп отыр.
Кәмшат та өз блогында бүгінгі жарыстан алған әсерлерімен бөлісіп еді, мүмкіндік болса қарап, пікірлеріңізді білдіріп кетсеңіздер екен деп сіздерге қолқа салғым кеп тұр:
Спринт барысы жайындағы жазба:
kamshat.dosym.kz/?p=77
Оқиға орнынан видео-репортаж:
kamshat.dosym.kz/?p=80
Негізі, алда келе жатқан сенбіде шаңғы тебісейік астаналықтар. Бүгінгіге Өркен, Бекжандар кешігіңкіреп келгесін осындай ой туды. Блогкемп алдында еңсе тіктеп, бойға қан жүгіртіп алайық, дегендей…
Есілдегі мұз қатпарлары ерімей тұрғанда, бас қосып қалайық, ендеше!
Осы сенбі күні жиналуға тырысайық. Үгіт-насихат жұмысын күшейту керек.
Әзірге сенімен үш адамбыз… Тағы кім қосылар екен…
пысы. Мақпал, тезірек воллейболды ұйымдастырайық!
Осындай танге пайдалы спорттық ойынын ұйымдастырып отырған ағаларымызға алғыс болып, Аллаһ разы болсын дейміз.
www.on.kz/u13120/blogpost/22833/
біраз сурет қойыпсың ғой, рахмет.
сыйлықтарсуреттер керемет. қыздар жағы аз болған ба?