8 Наурыз


Көктемнің төл мерекесі -8 Наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесімен барша әпке, қарындас, ару қыздарымызды құттықтаймыз!
Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне жеміс тілейміз!
1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі еркектер бұл күні әйелдерге ерекше көңіл бөледі. Ежелгі Римдіктер көктемнің алғашқы айын әйелдер мейрамы деп таңдап алды. Бұл күні әйелдер қауымы сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болып жатады. Тіпті бұрынғы атам заманда да жарлы-күңдер де назардан тыс қалмаған. Мереке күні әр жерде демалыс жарияланып келеді. Ежелгі дәуірде әйелдер барын киіп, мерекелік көңіл-күймен шіркеулерге барған.

Бүгінде біз бұл мерекені қалай бағалаймыз? Сауалнама нәтижесіне, көңіл бөлсек, 66 пайызы бұл-нәзік жандарға арналған мереке десе, 18 пайызы наурыз-көктемнің бастауы, 8 пайызы қосымша демалыс күні деп санайды екен.

Бұл күнді қалай өткізуге болады?

Қазір сауда жүйелерінен әйелдерге қажет нәрсенің барлығын табуға болады. Әлбетте-көптеген арулардың арманы-бой жазып, демалу екен… Әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, әйелдердің 20 пайызы елден оқшауланып, ұйқынмызды әбден қандырсақ деп армандайды екен.

Ал, тұрмыс құрмаған қыздар сүйіктісінен « маған тұрмысқа шығасың ба?» деген ұсыныс күтері анық. Әйелдер күйеуінің ақша үнемдемей, тұрмыстық техника алып берсе екен дейді.

Ерлерден бір қандай сыйлық күтеміз?

Интернеттен алынған цифр көрсеткіштері мынадай:
1. құшақ-құшақ гүл– 31%
2. романтикалық сапар — 24%
3. тұрмысқа шығу туралы ұсыныс — 14%
4. масаймаған күйеу — 10%
5. қымбат әрі әдемі сыйлық — 6%
6. күйеуінің ажырасу туралы келісімі — 4%
7. қолдан жасалған сувенирлер -3%
8. ароматты иіссу- 2%
Бөлісу:

10 пікір

Huan
және мына бір әнді тарту етемін
[music]http://music8.my.mail.ru/file/427c0b507072fc9229c76d4a4993413e.mp3[music]
satibaldi
3. тұрмысқа шығу туралы ұсыныс — 14%
6. күйеуінің ажырасу туралы келісімі — 4%

Неткен антагонизм…
ken
онлайн отырған қыздар, мерекелеріңмен!
Abilakim
Мерекелеріңмен қыздар! Онлайн отырғандар оффлайндағыларға айта салыңдар!
Abilakim
Мұқаң (Мұқағали) Лашын жеңгемізге осы мерекеде мынандай төрт жол арнапты:
Біздің Лашын, біздің Лашын алтын ғой
Күлімдесе оның жүзі жарқын ғой
Үш сом берші арақ алып ішейін
Бүгін сенің сегізінші мартың ғой
edige
«масаймаған күйеу — 10%» пайызына бір адаммен толықты. Қолдан келген силық осы болды.
asaubota
шаңғы жарыстан ұтқан 5000 единица мен дүкеннен тюльпан көріп қалдым, штугы 200 теңгеден екен. соны алдым, көңіл ғой бастысы :)