Құжаттарды іздеу машинасы…


Бүгін мен құжаттарды іздеу машинасы Searchuu.com туралы жазбамды жазып отырмын. Сайт қателеспесем GoogleAjax мүмкіншілін қолданып Гуглдың серверінен іздеу жүргізеді. Сіз айтуыңыз мүмін Гугл барда бізге бұл сайттың не керегі бар деп! Сайттың артықшылығы сізге интернетте кездескен сөзді емес, сізге құжат түріндегі ақпарат көзін тілкелей жүктеп алуға мүмкіндік береді. Яғни сіз Қазақстан тарихы деп іздеуге жіберсеңіз, сізге Қазақстан тарихы туралы құжатты шығарып береді.
Ол құжат PDF |DOC |TXT |PPT |XLS -түрінде болуы мүмкін. Егер сізге тек Word яғни DOC түрінде құжаттарды ізлдеу қажет болса, онда сіз DOC дегеннің үстіне бір рет шертіп, іздеу керек құжаттың атын бересіз. Тисінше сізге тек құжат ақпаратты ғана ұсынады. Мен Гуглдың өзінен іздей беремін, арнайы шарт сөздерді қолданып, кілттік сөздер арқылы болсын қажетті құжатты тауып алармын. Ал қарапайым қолданушыға таптырмайтын сайт болып саналады.

p.s. GoogleAjax туралы біраз ақпарат оқыған кезде осындай сайтты істемек ойымда бар еді, менен бұрын жасап қойған екен. )))

http://kazwebnet.wordpress.com/2011/03/06/құжаттарды-іздеу-машинасы/
Бөлісу:

2 пікір

blackbeard
Осы секілді download book деген сайт бр еді. Авторлық құқықтарды сақтамаған деген айыппен жауып тастады помоему!