Жаңа хат алмасу, жіберілетін хатты іздеуге жазасыз... =))))

Мына тамаша әнді тыңдап отырған едім. Қызғып клипін іздеп көрген едім, Ютубтен бірақ шықтым. Сонда клипі тасталынған екен, Клип ортасында Массаған сайты туралы сөзді құлағым шалды. Сосын не көрдім дейсіздер ғой: Ол заманда, бұл заман клиптағы ағамыз сайтта іздеу арқылы қыздармен танысып, хат алмасып отыр. Ой отырып бір күлдім ғой. Клип режисёрі сол сайттағы Чатқа кірме деп нұсқау берген секілді. Клипті де сәл шындыққа ұқсатса болар еді, сондай бір әттең дегізер кемшілігі бар екен… Былай тамаша ән! )))

Бөлісу:

15 пікір

asaubota
аха, көргем бұл клипті. іздеу жасайтын жерді типа чат сияқты қылып жазады :)))
yerbol89
Осы клипті түсірген адам қазақтар интернетті білмейді, Чат деп ойлайды!-деп ойлаған болуы керек сірә! )))
asaubota
жоқ, өзі білмейді интернетті. клиптегідей сұраған просто ана сайттың аты қалай еді деп, Мәссаған дегесін соны ашты да жазатын бір жер тауып соған жаздырды. яғни интернетті білмейтіндердің істегені. клип жаңа емес, бірнеше жыл болып қалды. бірақ сонда да ұят анау :)
saken
Мәссағанды жарнамалағаны жақсы ғой, бірақ ең болмаса Аська арқылы сөйлестіріп қоймағандары…
Qojeke
хахаха мәссаған деді ғой сұрағанда :)
bazuka
Мәссағанның сайттан іздеуіне барып жазып отырғаны томпақтау екен))
omarbirat
Құрығанда «Сайттан іздеу» деген жерін кадрға алмай-ақ қойса болмайды ма екен. «Ойбай, шұлығееем» дегеннен басқа кәмент жоқ, очм :))))
Khan
Клиптағы жігіт Ерлан Оспан емес пе?
Khan
Осы клипті түсіреміз деп қой қанша адам жүрді. «Біз кәсіпқоймыз» деп тышатын режиссері, сценаристі, продюсері, әншілер — бәрі қаумалап жүрді ғой. Солардың ішінде «Көкем-ау, мыналарың ұят қой» дейтін бір жан болмағаны ма? Позор
sammita
бұлар Астана театрының әртістері Асылбек пен Шолпан:)))
Abilakim
Сақинаң қайда?!

Өзіміз сақинамызды тойдың екінші стөлінде шешіп тастағанбыз))))
анау "Қаройдағы" жігіт емес пе?
sammita
жоқ, Қаройдағы жігіт емес. Асылбек деген Көкшетаудың жігіті.
Abilakim
«Көкшетаудың жігіті „Қаройға“ түспесін деген заң бар ма еді)))))
Қазір „Мәссаған“ істемейді іші пысып жүрген шығар. Клиптің соңында келіншегі аңди ма ,әлде ол да мәссағанда отырады ма?
sammita
«Асылбекті танимын, Қаройда ойнаған жоқ» дегенімді түсініп тұрып, сөзді көбейтудің қажеті не.
Janasil
Бұдан бірнеше жыл бұрын осы клипті көргенде группаластарыммен қырын топан күлгеніміз бар.