Блоггерге 7 сауал

Қазақ блогосферасы соңғы уақытта ғарыштық қарқынмен болмаса да, Формула1 жарысындағы жылдамдықтар деңгейімен дамып жатырғаны көңіл қуантады. Жалпы осы біз блогты не мақсатпен жүргіземіз деген ой туындап отырғаны. Сол ойдың жетегімен Сіздерге бірнеше сауал қойсам деймін, қарсы болмасаңыздар.
Сонымен:

1. Блог ашуға түрткі болған себеп?
2. Блог жүргізу Сізге не береді?
3. Блог жүргізудегі мақсатыңыз?
4. Блогтарыңызға жаңа жазбаларды қаншалықты жиі жазасыз?
5. Жазбаны тәуліктің қай мезгілінде толтырғанды ұнатасыз?
6. Жазбаны көбіне қандай көңіл-күйде жазасыз?
7. Жазбаны жазуға не түрткі?
Бөлісу:

27 пікір

Karakyz
1. Блог ашуға түрткі болған себеп? — Қазақ тіліндегі блогтардың санын бірге болса да арттырғым келді
2. Блог жүргізу Сізге не береді? — шынайы өмірде танысуым екіталай адамдармен араласу, пікір алмасу
3. Блог жүргізудегі мақсатыңыз? — нөмірі бірінші сұрақтың жауабына қараңыз.
4. Блогтарыңызға жаңа жазбаларды қаншалықты жиі жазасыз? — қалағанымдай жиі емес
5. Жазбаны тәуліктің қай мезгілінде толтырғанды ұнатасыз? — түн жамылып отырып:)
6. Жазбаны көбіне қандай көңіл-күйде жазасыз? — позитивті
7. Жазбаны жазуға не түрткі? — күнделікті өмірде басыма келетін ойлар:)
ЗЫ. Жауап бере отырып, блог жүргізуім туралы өзім бұрын байқамаған нәрселерге көз жеткіздім: (1)эмоциямды сыртқа шығару үшін жазбайды екем блогты (соңғы кезде блогтардан (әсіресе қыздар жүргізетін) оқығаным бар, қасымдағыларға айта бермейтін іштегі сырларды жазам дегенді), (2)жазатын нәрсені екі үш күн ойлап пісіріп жүреді екенмін (піспей орта жолда көбі қалған ғой шамасы, нәтижеге қарағанда:)).
ЗЗЫ. Мынау сауалнама нәтижесі, блог құрылтайда ұсынылатын презентацияның азығы боп кетер ме екен деген дүдәмал ой да жоқ емес;)
alisha
1. Әзірге блогым осы жерде ғана. «Мен неге қарап қалуым керек, осы белсенділердің көшіне маған неге ілеспеске?» деген ойдан туды.
2. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтармен ой бөлісу, пікір алмастыру; бос уақытымды мейлінше тиімді өткізу; осы жерде айтылған пікір-пайымдардан сабақ алу;
3. Өзімді қызықтыратын, толғандыратын тақырыптарды замандастарымның сөз талқысына тастау;
4. Шамам келгенше жиі жазуға тырысамын;
5. Көбінесе негізгі жұмысыммен жарыстыра отырып жазады екем;)
6. Қуаныш, мұң, сағыныш. Бойымды осы сезімдер билесе, міндетті түрде бірдеңе жазылады.
7. Көзім көріп, құлағым естіген жәйттер, бастан кешкендерім, тағысын тағы.
sammita
1. Блог ашуға түрткі болған себеп?
Өз жазбаларымды блог жүргізу деп атамайды екем:) Дегенмен пікір жазу мен тақырып бастап өз ойыңды сәл толығырақ жазу бөлек іс. Пікір алмасу мақсатында, өзгенің ойын білу үшін.
2. Блог жүргізу Сізге не береді?
Ойымды жинақтап жазуды, жұмыстан уақыт бөліп ара-тұра сергіп алуды үйреніп жүрмін.
3. Блог жүргізудегі мақсатыңыз?
Көпшіліктен қалыспау:)) Әзірге айтарлықтай тмақсат жоқ
4. Блогтарыңызға жаңа жазбаларды қаншалықты жиі жазасыз?
Күнделікті емес, сирек дер ем.
5. Жазбаны тәуліктің қай мезгілінде толтырғанды ұнатасыз?
Жұмыстан уақыт ұрлап.
6. Жазбаны көбіне қандай көңіл-күйде жазасыз?
Себеп болған оқиғаға байланысты, адамның көңіл-күйіне әсер еткен жағдайға қарай.
7. Жазбаны жазуға не түрткі?
Таң қалу, шаттану, ренжу, мазалаған ойды ортаға салу.
Aikona
1. Блог ашуға түрткі болған себеп?
Басында қызығушылық болған. Қазір уже хобби.
2. Блог жүргізу Сізге не береді?
Ойларыммен бөлісе алам, пікірлерін біле алам басқа жандардың.
3. Блог жүргізудегі мақсатыңыз?
Қазіргі мақсатым қазақ тілді интернетке өзім білетінміді аздап болсада үлес қылып қосу.
4. Блогтарыңызға жаңа жазбаларды қаншалықты жиі жазасыз?
Шамам жеткенше, уақытыма қарай жаңартып тұруға тырысам.
5. Жазбаны тәуліктің қай мезгілінде толтырғанды ұнатасыз?
Көбіне жұмыс уақытында жазамын. Жұмыс жасап, басқа блогтарды оқыған кезде жазғым келіп кетеді.
6. Жазбаны көбіне қандай көңіл-күйде жазасыз?
Көңіл күйім құбылмалы кезде.
7. Жазбаны жазуға не түрткі? ойлар, пікір, көзқарас
sozak
3. Блог жүргізудегі мақсатыңыз?
Қазіргі мақсатым қазақ тілді интернетке өзім білетінміді аздап болсада үлес қылып қосу.
+1
Gastarbaiter
1. Блог ашуға түрткі болған себеп?
— Бала күнімде күнделік жүргізгем, кейін форумға жазып тіл шынықтырып, сосын блог бастадым.

«Блог ашу» — деген сөзді естісем жыным келеді. Блогты меніңше ашпайды, сайтты ашады. Ал блогты бастайды.

2. Блог жүргізу Сізге не береді? — Сұмдық билік, күш-қуат құдірет сезімін береді.

3. Блог жүргізудегі мақсатыңыз? — Ермек.

4. Блогтарыңызға жаңа жазбаларды қаншалықты жиі жазасыз?
— Кейде үш айда бір рет, кейде бір күнде үш рет.
5. Жазбаны тәуліктің қай мезгілінде толтырғанды ұнатасыз?
Бәрібір

6. Жазбаны көбіне қандай көңіл-күйде жазасыз?
— Іш-пысқанда, бірдеңе бүлдіргім келгенде
7. Жазбаны жазуға не түрткі?
— Біреудің жазбасына түрткі болу
TERISKEI
шыңғырған шындықтың лебі ескен секілді:)
sozak
7. Жазбаны жазуға не түрткі?
— Біреудің жазбасына түрткі болу
+1
kaztarih
1. Блог ашуға түрткі болған себеп?- Бір нәрсені бастамасаң оны түсіну қиын.
2. Блог жүргізу Сізге не береді? — Берері мол деп ойлаймын, ең бірінші байланысым, әріптестерім, таныс, достарым арта түседі.
3. Блог жүргізудегі мақсатыңыз? — негізі тар ауқымда қарастырсақ тарихшы мамандармен жылдам пікір бөлісетін орта жасау, кеңірек ауқымда қарастырсақ қазақ тарихы мәселелеріне бей-жай қарамайтын жалпы қауыммен қарым қатынас.
4. Блогтарыңызға жаңа жазбаларды қаншалықты жиі жазасыз? — болашақта жиі жазып тұруға тырысам,әзірше мандырымды емес.
5. Жазбаны тәуліктің қай мезгілінде толтырғанды ұнатасыз? — таңертең немес түс кезінде
6. Жазбаны көбіне қандай көңіл-күйде жазасыз? — көтеріңкі немесе тақырыпқа өте терең батқан күйде, бұ дүниенің басқа тірлігін ұмытып тұрып десем де болады…
7. Жазбаны жазуға не түрткі? — Ойға ой түрткі болады…
AsanQaigy
1. Блог ашуға түрткі болған себеп? — қызығушылық
2. Блог жүргізу Сізге не береді? — өз ойыңды көпшілікке таныстыру
3. Блог жүргізудегі мақсатыңыз? — шыңдалу
4. Блогтарыңызға жаңа жазбаларды қаншалықты жиі жазасыз? — қолым босаса, шама бар жазуға тырысамын
5. Жазбаны тәуліктің қай мезгілінде толтырғанды ұнатасыз? түнде, ел ұйқыға жатып, айнала тынышталғанда
6. Жазбаны көбіне қандай көңіл-күйде жазасыз? — басып айту қиын
7. Жазбаны жазуға не түрткі? шабыт)
Erkekyz
1. Блог ашуға түрткі болған себеп?
Қызығушылық. Вордпрессте жазып жүрген кісілерге кәдімгідей қызықтым.
2. Блог жүргізу Сізге не береді?
Тіл байлығымды дамытамын, ойымды бөлісе аламын, өзгенің ойын тыңдай аламын.
3. Блог жүргізудегі мақсатыңыз?
2-ші сұрақтағы жауап.
4. Блогтарыңызға жаңа жазбаларды қаншалықты жиі жазасыз?
Мен осы блог жазуды керекинфодан бастадым, баптапқысы болған соң ба сирек жазып жүрмін.
5. Жазбаны тәуліктің қай мезгілінде толтырғанды ұнатасыз?
Бәрібір.
6. Жазбаны көбіне қандай көңіл-күйде жазасыз?
Жақсы көңіл-күйде.
7. Жазбаны жазуға не түрткі?
Жүгіріп барып біреуге айта алмаған ойыңды тез-тез осында жаза саласың, сонысы шығар?
ken
сенің блог жүргізітеніңді білмеппін
Erkekyz
Қалайша? Қазір жазып жүргенім жоқ бірақ.)
balzaminka
1. Блог ашуға түрткі болған себеп? — Индияға кетуім, Айконың индустардың шынайы өмірімен таныстыршы дегені
2. Блог жүргізу Сізге не береді? — Елмен байланыс, жаңа таныстар, заманмен замандас болу.
3. Блог жүргізудегі мақсатыңыз? — Берген уәдеде тұру.
4. Блогтарыңызға жаңа жазбаларды қаншалықты жиі жазасыз? — Әрқалай, кейде жиі, кейде сирек.
5. Жазбаны тәуліктің қай мезгілінде толтырғанды ұнатасыз? — Түнде, барлық жұмысты тындырып тастап, жайланып алып жазғанды.
6. Жазбаны көбіне қандай көңіл-күйде жазасыз? — Көтеріңкі, әйтпесе көңілсіз кездегі пост енді көңілсіздеу болып қалады.
7. Жазбаны жазуға не түрткі? — Жаңа ақпаратпен бөлісу.
satibaldi
ық-ық…
balzaminka
осы Сізді жиі ықылық атады ше, кім екен Сізді ұмытпастан ойлай беретін, а?
blackbeard
1. Блог ашуға түрткі болған себеп? — Мен Шымкентте өмір сүріп жүрген кезімде… Ойбай, не деп кеттім. Интернетке видеосабақтарымды арнайы бір сайтқа шығарғым келді. Блогосфераға кіріп қарасам, шіркіннің аясы кеең екен.
2. Блог жүргізу Сізге не береді? — Кейбір жазбаларымды компьютерден іздемей, сайтқа кіріп оқып бере салған жақсы:)
3. Блог жүргізудегі мақсатыңыз? — Ой бөлісу. Достар табу.
4. Блогтарыңызға жаңа жазбаларды қаншалықты жиі жазасыз? — Үнемі енгізіп отыруға тырысам (негізі):)
5. Жазбаны тәуліктің қай мезгілінде толтырғанды ұнатасыз? — 00:00 ден 7:00 ге дейін. Күндізгі уақытта тек оқимын, пікір жазам.
6. Жазбаны көбіне қандай көңіл-күйде жазасыз? — Не қатты әсер етсе, соған байланысты.
7. Жазбаны жазуға не түрткі? — Аталарым...:)
TERISKEI
«7. Жазбаны жазуға не түрткі? — Аталарым...:)» — мен де ықылық атқым кеп отырғаны:)
ushkin
Қарасақал «Аталарым» дегенді жәй әзіл үшін айта салды ма, әлде астарында бірдеңе айтқысы келді ме? Сол жағы қызықтырмай ма, Теріскей?)))
blackbeard
Күмәніңіздің ұшқынын сөндіріңіз:))))
TERISKEI
… мен білетін Қарасақалдың «аталарының» не айтқысы келетіні маған беймәлім емес қой, Ұшеке;)
Abilakim
1. Блог ашуға түрткі болған себеп?- Жұрттардың блогын оқып жүрдім де, өзімді осы салада сынағым келді.Гаста құрдасымның көмегімен "Әбіләкімнің ауылын" бастадық
2. Блог жүргізу Сізге не береді?- Бергені көп.Қазір қазақстанның қай түкпіріне барсам да далада қонбайтынымды білемін.көптеген достар берді. Дүниетанымым кеңейді.
3. Блог жүргізудегі мақсатыңыз?- Ермек ретінде бастағанмын.Қазіргі таңда БАҚ жариялай алмайтын ойларыңдв жариялауға болады. Мақсатым блог арқылы қазақ балаларының бойына қазақы тәрбие сіңіру(арасында қуғандарым есептелмейді).Қазнетің дамуына үлес қосу демей-ақ қояйын, себебі менен қазнетке көп пайда келіп жатыр дей алмаймын.
4. Блогтарыңызға жаңа жазбаларды қаншалықты жиі жазасыз?- Басында үйімде инет болмауына байланысты жүрмей тұрып қалды.Қазір екі күнде бір, аптасына екі жазба жариялап жүрмін
5. Жазбаны тәуліктің қай мезгілінде толтырғанды ұнатасыз?-Жұмыс арасында да Кешкі мезгіл де де жаза беремін.Ыңғайын қарай
6. Жазбаны көбіне қандай көңіл-күйде жазасыз?-Көңілді.
7. Жазбаны жазуға не түрткі? -Айналадағы оқиғалар. Бала кезге сағыныш. Естеліктер
talgatjez
Блогкемп баннері блогыма сыймай жатыр, өлшемін қалай кішірейтуге болады?
qisyq
1. Блог ашуға түрткі болған себеп? — Білмеймін. Танымал болып қалайын деген арам ойым болған шығар.
2. Блог жүргізу Сізге не береді? — Жазба жариялаған соң, көңіл-күйім көтеріліп, құрыс-тұрысым жазылып, басымның ауырғаны қойып, бойымды қысқан барлық жағымсыз дүние тарап, бір рахаттанып қаламын.
3. Блог жүргізудегі мақсатыңыз? — Қисық блогты талантым тасып, өнерім асып, шеберлігім басып бара жатқан соң ашып едім дей алмаймын. Коммерциялық жоба десе де болады. Тек басқа жобалардан айырмашылығы, бұл маған ақша әкелмейді, таза рухани демалыс сыйлайды.
4. Блогтарыңызға жаңа жазбаларды қаншалықты жиі жазасыз? — Әрқилы. Кейде күн сайын жазып кетем, кейде екі-үш апта «жоғаламын».
5. Жазбаны тәуліктің қай мезгілінде толтырғанды ұнатасыз? — Бәрібір. Жазба жазатын кезім нақты бір уақытқа тәуелді емес.
6. Жазбаны көбіне қандай көңіл-күйде жазасыз? — Әрқилы. Кейде көңілді, кейде бірқалыпты, кейде шашты жұлып отырып.
7. Жазбаны жазуға не түрткі? — Қу өмір.