Көктем шақырады!


Осы жұрттар қызық. Агентке «мазаламаңыз», «орнымда жоқпын» деп жазсаң да, мазалай береді ғой. Өшіріп қоюға тағы келмейді. Бұ күні туысыңның да, досыңның да қалын агентпен сұрайтын дәрежеге жеткенбіз. Оған қоса, қызметтен бөлек, тұрақты түрде үш қаладан жарнама агенттіктері орыс тілінде аудиороликтер жіберіп тұрады, мәтінін қазақ тіліне аударып, қолма-қол өздеріне агентпен қайта салуым қажет. Соның бәріне кедергі дерсің… Сонда да, соңғы үш күннен бері «халқым» қояр емес.
Наурыздың 01-і. Жұмыс орныма бір танысым телефон шалып тұр. «Көктемнің алғашқы күнімен құттықтайын деп…». «Әй, айналайын, сыртта -32 градус аяз, тұрғын үйлердегі жылу қазандықтары тағы атылып жатыр, не деген көктем…» деп іштей бір сыбап алып, сыпайы түрде «рахметімді» жаудырдым. Наурыздың 02-і. Астанадан құрбым «көктем сезіле ме» деп байланысқа шықты. Тағы біреуі «көктем жүрекке маза бермей, соғуын жиілетті…» деп жайып салды. Пәлі, мына біреуісі «мен көктемді ақпан туғаннан-ақ сезіне бастаймын» депті. Қияли десейші… Бүгін көктемнің үшінші күні, -25 тұр. Агентте “гүл жіберу” қаптап кетті. Міне, тағы біреуі жылтылдатып жатыр. Аштым. Бұрын жұмыс орнымдағы студенттерімнің бірі. Негізі, «мой мирымда» жалғасқан тізбекпен сол студенттерім бірінен кейін бірі «достық» ұсынып жатады. Ерінбегені- хал сұраса, кейбіреуі — үнсіз. Үндемегеніне мен де жоламаймын. Әсел сұрақты жаудырды дерсің. «Көктем қалай, не болып жатырсыздар?». Кімдер, біздер ме? Ұйқыдамыз… «Ояну керек!». Әлі есік қаққан жоқ қой… «Ммм, кетпейсіз бе?». Кететіндер тізімде жоқ сияқты едім…көптен ешкім қоймай кеткен бұл сұрақты… шақырса, барармыз… «Көктемнен үміт үзбеу керек». Мәссаған, ақыл айтқан түріңе болайын. Қайда асығамыз…, басталғаны кеше ғана. Ау, сабыр сақтай тұрсаңыздар етті, сәл күн жылынғанда қойсаңыздар да болады ғой сауалдарыңызды. Жә, ары қарай ешқайсыңа жауап берер уақытым жоқ, мазаламаңыздар!

Жалпы, адамдар көктемнен неге жаңалық күтеді екен? Әрине, «он екіден үшті алса дым да қалмайтыны», сол көктем келмей, жер-ана нұрға бөленбейтіні, сол көктемде көңіл ағыл-тегіл, күй басқа екені айдан анық. Кей ақындар «көктемде қыздар құлпырады» деп жатады. Тіпті, сол көктеммен «Халықаралық әйелдер» мерекесінің өзі тұспа-тұс келетінін айтсаңызшы. Бірақ, күн райына байланысты ма екен, көктем бізге, то иес…маған… аса сезіле қойған жоқ. Дегенмен, елден қалмай мен де сіздерді көктемнің алғашқы күндерімен құттықтап қояйын. Жаңарыңыздар, жасарыңыздар, жазыңыздар, шаттаныңыздар! Бірақ,

Бар бақытты…
Биылғы,
Көктем алып келердей.
Көптен күткен сыйымды,
Көктен алып берердей
… — деп, Қалқаман ақын жырлағандай, сол көктем үмітіңізді жиі ақтай ма?…

/сурет майл.ру-дан алынды/

Пы.сы. айтпақшы, «Көктем шақырады» дегенге концерт екен деп ойлап қалмаңыздар :)
Бөлісу:

9 пікір

sammita
Агенттегі блогтан:
«Біздің жақта болмаушы еді қыс мұндай.
Көктем келсе кетуші еді ысқырмай.
Биылғы қыс жатып алды жамбастап,
Наурызды да артына қыстырмай. (Х.Саматыров. ауыл классигі)»:))

«Не көктем келсе, пияз егейін деп пе едіңдер? Как будто шаруа адамы құсадыңдар ғой. Сендерге бәрібір емес пе, жаз ба, қыс па, көктем бе, кабинеттен шықпайсыңдар. Так что көктем өзі біледі қашан келерін» :)))) депті Бейбіт С.
edige
Робочий столға «Көктемді» қанттай орнатып а-л-е-е-е-е-п отырмыз қаңтардан бері
omarbirat
Жылда әпірелге дейін қар кешіп, бір-екі рет тұмауратып жүре беруші едік. Бұл адамдарға биыл не көрінді екен, көктем шықпай жатып тақақтап. Әлде бұрын агент болмағасын білінбей жүрді ме екен… :)
AKY
Сандуғаштар жырлааааағаааааан,
Көктемдерге бір барааааааааам,
Шақырады біздердііііі, көк ораааай бел…
sammita
чета әні таныс…
AKY
нақышына келтіріп отырмын го))
edige
Роза апамның айтатын әні гой білсем…
bazuka
1 наурыз күні қанды ішті жұрт))
manshukn
Көктемнің келгенін Алматы да сезді-ау деймін. Ақпанның ең соңғы күніне дейін аяз қарып тұрған. Тұп-тура 1-наурыз күні күн шуағын шашып тұрғаны, алдында аяз болғанын да ұмытып кетіппіз.