Исламды модернизациялауға бола ма?

Ерімбетов деген көкемізді сыйлаушы едім, сырттай. Бірақ сол кісі бүгін бір нәрсені құртты-ай. Абай кз-ға президентпен болған кездесуі туралы сұхбат беріпті. Біраз нәрсені теріпті. Басқасын басқа әңгіме мына сөзі ұнамады.  «Менің ойымша, қазір исламды модернизациялау керек сияқты. Бүгінгі өмірге, жағдайға бейімделу керек. Себебі, исламда көп нәрсе догма. Қатып қалған. Үзілді-кесілді. Бірақ, өмір өзгеріп жатыр. Әрине, әлеуметтік, мәдени, геосаяси жағдай бәрі өзгеріп жатыр. Біздің осындай қағидамыз бар деп қатып қалатын жай жоқ»,-дейді сұхбаттың арасында ағамыз. (http://www.abai.kz/content/nyrlan-erimbetov-nazarbaevka-dauys-beremin-dep-sheshtim) Сонда қалай исламды модернизациялауға бола ма? Бұл Қазақстанның экономикасы емес қой, бағдарлама қабылдап кеп жіберіп, модернизациялап тастайын. Әлде, ол кісі басқа бірдемені гөйтіп отыр ма? «Бұрын қалай болды? Тек қана ислам бізді құтқарады. Ислам бізде жақсылыққа алып барады. Каддафи болсын, басқасы болсын ол құдайдың жердегі өкілі дегендей айтылды ғой. Бірақ, халық қарап отыр»,-дейді ары қарай. Сөзінің астырында Араб елдеріндегі қазіргі лаңға исламның қатып қалған қағидалары кінәлі дегендей бір нәрсе жатыр. Мен бұл кісінің пікірін дұрыс түсінсем, бұл кісі мұсылман емес сияқты. Өйткені исламды модернизациялау тіпті түгелімен құрту қазір АҚШ-та отырып әлемге бұйрық беріп отырған, Араб әлеміндегі бүліктің барлығын ұйымдастырып отырған еврейлердің өмір бойға арманы емес па? Олар Ерімбетовтің сөзін естісе ескерткіш қояды.

Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/03/02/%d0%b8%d1%81%d0%bb%d0%b0%d0%bc%d0%b4%d1%8b-%d0%bc%d0%be%d0%b4%d0%b5%d1%80%d0%bd%d0%b8%d0%b7%d0%b0%d1%86%d0%b8%d1%8f%d0%bb%d0%b0%d1%83%d2%93%d0%b0-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%b0-%d0%bc%d0%b0/
Бөлісу:

3 пікір

asaubota
исламды түсінбейтін кісінің сөзі ғой мынау.
Gastarbaiter
Болады.
Яхудилер осыдан үщ мың жыл бұрын Египеттің көп құдайлы дінін өте сәтті модернизациялады.
Рим Империясы тап сол яхудилердің ескі өсиетін модернизациялаумен айналысты. Қан төгілді. Талай адам жан пида болды. Бірақ орындалды.
Тағы бір мың жылдық ішінде Мухаммед (С.А.С) та Христиан дінін модернизациялады. Бірақ ол уақытта Христиан дінін можернизаиялағыштар көп болып кетті. Содан Католик, Пресветериан, Баптист, Ортодокс (православиелік) сияқты діндер тармақталып бізге жетті.
Кейін Шиит, Сунит деп тағы да модернизаторлар келіспей екіге бөлінді.

Бұдан шығатын қорытынды: Модернизация нәтижесінде Бүкіл Ислам әлемі мойындай қоятынына сену, жұмсақтап айтқанда ақымақтық, Христиандардың пресветериандық ағымы сияқты жаңа ағым пайда болуына сенуге болады. Бірақ келіспейтін көне мұсылмандармен кикілжің болады. Арасында жеккөрушілік тіпті атеист пен кришнаиттікінен де үлкен болады. Мақала авторымен де Ертісбаевпен де келіспеймін.
Дегенмен оның дін мен Конституцияның арасында компромисс табуға тырысқаын құптарлық ұмтылыс дер едім.
Тек ұсынып отырған компромисі «алкогольсіз сыра» сияқты сәтсіздікке ұшырап өтпей қалады деп ойлаймын.