Негативтер қатары!

  • jasulan
Бір байқағаным негативтер қөшін Ислам хақында айтқан жандар бастап тұр екен.
Бірдеңе деп айтуға, сойылым соқпай отыр. Исламды айтса минус қойғыштар көбейіп кетеді, ал Арақ, боқ ауыз сөз, яғни харам нәрсе айтсаңыз болды қызығып пікір жазып + терін аямайды.
Бөлісу:

15 пікір

sozak
Өздеріңіз байқағандай минус қойғыштар осылар екен яғни… айтпай ақ түсінікті
alisha
+-ті қойғандағы себебімді түсіндіріп кетейінші, бұл — негативтер қөшін Ислам хақында айтқан жандар бастап тұр екен дегенді құптағаным емес, жөні түзуге әңгімеге шақырған аптырдың ниетімен ортақтастығымды білдіргенім. Ниетіңізді дұрыс түсінсем, әрине
sozak
Ия Нәби(с.ғ.с.) келгенде де оңай болған жоқ. Өзімен өзі, ешкімгеде зианы жоқ жүргенінде бәрі оны силайтын. Тек бар болғаны Исламға шақырып еді… Көпшілігі қарсы шықты. Қарсы келіп қоймай Тозаққа апаратын жолды таңдап кетті.
urimtal
Айтқың келгеніңді қарапайым айтсаң жұрт оқиды ғой. Сөзіңнің алдыңа хадис те, Құран да емес өзіңнің мысалыңды қой. Мешітке қалай барғаныңды жаз. Құран оқуды қалай үйренгеніңді айт. Қай жақта арзан діни кітаптар бар т.с.с. ақпараттармен бөліссең қызығырақ болатын сияқты.
Дін саласының білгір маман екеніңізді Хадис пен Құран аяттарынан келтіретін дәйексөздер емес, болмысыңыз көрсетіп тұрса, сұрағы бар адам өзі поштаңызға хабарласады.

пысы. мұсылман бауырыңыздың кеңесі деп қабылдарсыз. Бәріне бірдей жағу мүмкін емес, бірақ қалаған адамыңның жүрегіне жол тапқыңыз келсе, кілтін сәтті таңдай білген абзал болар. :)
sozak
Алла разы болсын сізге бауырым.
Дұрыс айтасыз адам баласына жағу оңай емес!
Бірақ байқағаным минус қойғыш Сатыбалдыны 1 000 000 доллар беріп сатып алсамда жақпайтын шығармын.

Келіспейтін жерімде бар Асеке. Құран, Хадистен сөйлемей өз ойымызды айтсақ адасқанымыз ғой онда.
alisha
Бірақ байқағаным минус қойғыш Сатыбалдыны 1 000 000 доллар беріп сатып алсамда жақпайтын шығармын.

Діндар адам параның парқын жақсы білуші ед
sozak
Өте дұрыс айтасыз.
Qojeke
Сатып алу мен пара берудің мағыналары бөлек. Бұл — біріншісі. Екінші, сатып алудың екі мағынасы бар, бірі жақсы (қарапайым сауда), екіншісі жаман (арам пиғылда сатып алу). Ал олай болса, неге жаман жағын қабылдау керекпіз?
sozak
Кім мұсылманның жағдайын жеңілдетсе, Аллаһ оның жағдайын дүниеде және ақыретте жеңілдетеді, ал кім мүмінді бұл дүниедегі уайым-қайғылардың бірінен құтқарса, Аллаһ оны қиямет күнгі қайғы — қасіреттің бірінен құтқарады және пенде өз бауырына көмектесуін тоқтатпайынша, Аллаһ тағала оған жәрдемдесуді тоқтатпайды.
Qojeke
Бұл сөзді кім түсінеді? Қазақ екен деп барлығына бірдей уағыз атуға болмайды. Ислам діні де бірден НАМАЗ ОҚЫ. ЖӘННАТ пен ТОЗАҚ деп түспеген болар.
gunner
Инетте қазақ тілінде ислам туралы уағыз, әңгімені айтса Кәрім деген жігіт айтсыншы. Басқаларының көбісі агрессияға беріліп кетеді, ислам туралы білімі де шамалы. Сенім адам мен құдайдың арасында ғана болады, жүрекпен сеіледі. Сен немесе менің ол адамға түк қатысымыз болмау керек. Реклама жасап сауап жинау, плюс жинау сияқты оңай істермен жүмаққа түсу дәмеңді түсінем, бірақ мен үшін ондай блогтар ұнай бермейді, мындағы адамдар да сондықтан минус қойып жатқан шығар
asaubota
айтқың келген нәрсені дұрыс жеткізбей отырсың. сондықтан минус аласың әрине. дін-ислам тақырыбында біраз мақала бар мұнда. минус алғандарын көрген жоқпын, керісінше жақсы пікірталастар болды. сенің жазғандарың орысша копипаст, мүгедек адамның суреті қойылған демотиватор сияқты мотиватор. әрине минус қойылады. алдымен неге минус қойылғанын түсініп барып басқаларды кінәлаған жөн.
Qojeke
Sozak, дінді көрінген жерге тықпалауға болмайды. біздің елде христиан да, дінсіз де, буддис те, иудаист те тұрады. Сондықтан, діни тақырыпты қозғамас бұрын ол тақырыптың не жайлы екеніне үңілу керек.

Егер жаныңыщ ашыса, қажет адамға, сұраған адамға айтарсыз. Urimtal айтқан сөзді есте сақтаңыз: қалаған адамыңның жүрегіне жол тапқыңыз келсе, кілтін сәтті таңдай білген абзал .
Qojeke
ал Арақ, боқ ауыз сөз, яғни харам нәрсе айтсаңыз болды қызығып пікір жазып + терін аямайды.
Бұл жер алқаштар ордасы болса, онда басқа жаққа баруға тура келеді. Таңдау еркі өзіңізде.
Gastarbaiter
Әрнәрсенің балансы болғаны дұрыс. Эгосы өсіп кетсе, ең иманды адамның өзі шектен шығып кетуі мүмкін.