Mail.ru-мен конфликт



Mail.ru-да поштасы барларға сайттан хат бармай жатыр екен. Оның себебі Mail.ru-дың өзінде болып отыр. Олар сайт серверінің ІР номерін динамикалық деп ойлап, блок қояды екен.

Егер Керекинфодан сізге ескертпе хаттар келсін десеңіз, құпиясөз ұмытқан жағдайда жаңа құпиясөз алу үшін поштама сілтеме келсін десеңіз Прфиліңізге кіріп, егер mail.ru поштасымен тіркелген болсаңыз өзгертуіңізді сұраймын.

Өзгерте алмадым дегендер asaubota@gmail.com адресіне логин және пошта адресін жазып хат жазсын.
Бөлісу:

15 пікір

patick
Ия, мал.ру керекинфоның хабарламаларын «спамдар» папкасына лақтырып жатыр.
ErNur
Майлюру поштам, паролы дұрыс жұмыс істеп тұр. Паролын өзгертсем бола ма сонда?
asaubota
жоқ, мындағы профиліңдегі почтаны өзгерту керек деймін.
ErNur
түсіндім… рахмет!
ErNur
өзгерттім поштамды басқасына, ал көрейікші тексеріп :)
sammita
маған 2-3 күн болды Керекинфодан бірде бір хат келмей жатқанына. (Тағы бір проблема бар, 3 күндей болды майл.рудан вложения кетпей тұр бәрімізде, құжат қыстырып жібермек болсақ ошибка деп қабылдамайды).
patick
майл.рудан вложения кетпей тұр

Оның енді керекинфоға еш қатысы жоқ
sammita
сол үшін жақшаға жаздым.
omarbirat
Хаттың тақырыбында қазақша әріптер болғандықтан, қазақша әріптерді қақпайтын Мал.ру оны автоматты түрде спамға лақтырып жатқан шығар.
asaubota
Mail.ru Wordpress.com-ды да мойындамайды :) оған тіркеле алмайды тек қана мал.руда поштасы барлар
balzaminka
мен Wordpress.com мойындамай жүр екен десем, керісінше екен ғо
konvict
Менде бәрі керемет боп тұр ғой
asaubota
істеп тұр дейді жұрт, алдында істемей қалып еді.