Қазақстан Facebook қолданушылары бойынша 213 елдің ішінде 103-орында
Facebook әзірге mail.ru-ға балама бола алмас деп ойлаймын. Әйткенмен Қазақстандық интернет қолданушылар орыс тілді виртуалды кеңістіктен ағылшын тілді әлеуметтік желіге сіңісе бастады.
Neweurasia.net сайтына жазба әзірлеп отырып, байқап қалдым. Қазақстан Facebook қолданушылары бар 213 елдің ішінде 103-орында тұр. (кестедегі бірінші баған тіркелген қолданушылар санын, екіншісі сандық және пайыздық өсуді, үшіншісі интернеттегі алар үлесін көрсетеді)
Орталық Азия елдері ішінде бірінші орында екенбіз. Соңғы айларда facebook қолданушылар санының көбеюін mail.ru акцияларының Лондон Қор Биржасында сатылуымен байланыстырушылар бар. Facebook иелері ресейлік ақпараттық-ойын сауықтық порталдың минориталды акциясын сатып алыпты [орыс.т].
Қазіргі кезде Facebook-ке тіркелгенде mail.ru-дан достарыңды шақыру қызметі қосылған. Менің түсінігімде осы қызмет FB-те қазақстандық интернет қолданушылар көбеюіне септесіп отыр. Әрі олардың дені 18-24 жас аралығындағылар.
Пысы. Кеше Амангелді“Үздіктердің қатарындамыз” деген жазба жариялаған. WSJ тілшісі төңкеріс болуы ықтимал елдердің өз тізімін [ағыл.т.] жасапты. Қазақстан ол тізімде 85 елдің ішінде 31-орында тұр. Жұрттың дені Араб елдеріндегі төңкерістерге әлеуметтік медиа түрткі болды деген соң, Facebook тізімі мен WSJ келтірген тізімді салыстырып көріп едім. Бәлендей ұқсастық таба алмадым. Бірақ WSJ тілшісі өз пайымына жүгінді ғой…
Жазба urimtal блогынан алынды.

деген кодты қосу керек сурет кодының арасына, мысалы соңғы суреттің коды мындай болуы керек:
Уақыты келгенде құрсаулап тастау үшін тексеріп жатқан болар… Түбі біздегі интернетті дамыту стратегиясы локалдылыққа қарай ойысады ғой. Ресейлік және белоруссиялық ресурстар қазақшалана бастайтын шығар. Төңкеріс болады деп шошыса, mail.ru-дан бастау керек емес пе?