Қызбалаға өзгеше, әдемі есім қою керек болып жатыр!!!

Алдыңғы күні біреу түсімде: — Мысыққа басыңды сипатып көрші. Соның өзінен де мейірім сезінесің!-дейді.

Талғат, Жәнібек, Аяулы, Гүлжан, Серік, Айбек, Балжан… Санап біте алмайсыз. Өйткені адам есімдері өте көп.

Осыдан сегіз ай бұрын анам маған қоңырау шалып өзінің жүкті екенін айтты. Қуанғанымды-ай! Енді міне айы, күні жақындап, УЗИ дегенге түсірген екен, қыз екендігін айтыпты. Қалпағымды аспанға лақтыра қуандым. Қалпағым әлі түскен жоқ:)

Құрметті де көңілі ашық керекинфо блоггерлері. Сол қарындасыма ат керек енді. Анамдікі сияқты (Анамның аты — Бірсұлу) ешкімдікіне ұқсамайтын, ешкімде жоқ ат қойғым келеді.

Ойларыңызда жүрген (немесе ойланып) жақсы есімдерді осында жазсаңыздар, дән риза болатын едім…
Бөлісу:

64 пікір

sammita
Аман-есен аяқ-қолын бауырына алуға жазсын анаңыздың! Мына жерден қарап көріңіз. www.kzchat.com/forum/index.php?topic=466.0
Ауылда 6 қызы бар отбасы болды. бәрі «сұлу», Жансұлу, Айсұлу, Нұрсұлу, Меңсұлу, Таңсұлу, Күнсұлу. Ай осымен «сұлу» есімдер біткен болар дедік, соңғысының есімі Әлия болды. Негізі ұйқас есімдерді бұзып өзгеше ат қоймаса, оған қарсы жынысты бала тумайды деген ырым бар-мыс.
Қазақта өмірге келмеген балаға зат-киім алмайды ырымдап. Ал орыстар құрсаққа сәби біткенен бастап жариялап, киім-кешек дайындап, бөлмесіне жиҺазға дейін алып қояды. Біздің жас әкелер роддомнан хабар жеткен күні жүгіреді дүкенге, ұлға қызыл, қызға көк, әйтеуір алып келеді шүберекті. Түсін ұрғаны бар ма, мынадай қуанышта:)))
blackbeard
Менің анамның жанұясында дәл солай! Күнсұлу, Айсұлу, Нұрсұлу, Бірсұлу:) ары қарай Набат, Қалдықыз, Аман, Жанар… Нағашы әжем, жарықтық, 18 құрсақ көтерген екен:)
Zilola
мәәә Қалдықыз да бар ма?
blackbeard
Бар:) Катя дейміз ол әпшемді:)
alisha
"Қыздың атын қиғаш қой, ұлдың атын ұйқас қой" деп отыратын әжем.
gerakl
Менде "Қазақ есімдерінің анықтамалығы" деген оқу құралы бар. Ішінде біршама есімдер бар екен. Қажет болса, бір кездескенде уақытша пайдалануға берейін.
TERISKEI
әй,Қарасақал! Маған Бегімсұлу деген есім ұнап жүрген еді, мүмкін осыны ойланарсың?!
Abilakim
«Бегімсұлу» деген ән бар менде, жақсы былай тыңдауға
blackbeard
Шынында да өте әдемі екенӘ
blackbeard
Жарайды! Әлі бір ай бар! Алып үлгерермін!
alisha
ұл туса ше? УЗИ-дің көз-құлақтан қатар тебетіні бар))))
blackbeard
HAHAHHA:) Бір оқиға есіме түсіп кетті. Көршіміз 4 ұл босанғанннан кейін бесіншісіне тағы да екіқабат болды. Күн айы жақындағанда УЗИге түссе қыз деп айтыпты. Әпше байғұс қуанғаннан барлығымызды тамаққа шақырып дегендей… Сонымен айы күні толып әлгі көршім ұл босанбасы бар ма?! Сөйтсеееек, нәрестенің шошабайы (еркектік мүшесі) кішкентай болғаны соншалық, УЗИде көрінбей қалған екен..:)
TERISKEI
«ббуах-ха-ха-ха-хаа, құлақтан кетті нақ)))))» ©
blackbeard
нағыз тәліб еді ғой, жарықтық:) ©
sammita
УЗИ жиі қателеседі, оған қатты сенудің қажеті жоқ. Пациент өзі ынта білдіріп сұрамаса, көбіне дәрігерлер жынысын айтпайды.
alisha
Бегімай деген де жақсы есім
sozak
Хадиша деп неге қоймасқа!
gerakl
Қоймадың ғо діншілдігіңді көрсетіп
sozak
Хадиске сүйеніп айтып едім!
gerakl
Хадистегілер араб есімдері ғой. Ал, Қарасақалға қазақ есімдері қажет.
sozak
Мен тек өз ойымды айттым.
Сізге ұнамай қалған шығар.
blackbeard
Хадиша керемет ат! Бірақ уже Хадиша бар:)
ErNur
Кәусар, Гүлназым, Инабат осы есімдерді ұсынамын
Abilakim
Іңкар, Гауһар, Дениз, Пелин, ой не деп кеттім…
Nurgisa
Анара, Айжана, Маржана, Гульжана…
gerakl
есіміне «зорлап»
А
әрпін тіркейтін адамдарға жыным келеді :)
asaubota
кеше моймирде Самала деген ат көрдім :)))
Nurgisa
Жүр ғой керекинфода да, саммита деген біреу.
Zilola
Маған Елназ деген есім ұнайды :)
blackbeard
Өзгеше екен шынында! Тағы да бар ма? Орасай:)
Qojeke
Қыздың есімі или қызтекенің бе? :)
Erkekyz
Бірсүлуға ұқсас Бексұлу болсын. :)
blackbeard
Бұл да жақсы нұсқа!
Erkekyz
Маған Жібек деген есім де ұнайды, қазақы әрі нәзіктіктің лебі есіп тұратын есім сияқты.)))
blackbeard
Жібек анамның апкелерінің қыздарында бар:)
Zilola
онда Еңлік
blackbeard
Ойбаааай:) Еңлік деген менің ұнататын қызымның аты ғооой:)
alisha
соның құрметіне қоя салыңыз ендеше, қызыңыздың мерейі тасып, мәз боп қалсын
Zilola
Мен мамамның інісінің қызының есімін осылай қойғанмын :)
Өзіме қатты ұнайды, сондықтан жүрген жерде ұсынып жүретін әдетім бар :))
Abilakim
Қырмызы, Қызғалдақ, Майсагүл
blackbeard
Оһ! Қызғалдақ! Әдемі:)
Makhabbat
Фатима -Мұхаммед Пайғамбардың сүйікті қызы
Камила
Аиша-деген есімдер ұнайды.
qisyq
Аиша ма, Айша ма?
blackbeard
Орфография негізімен қаайтын болсақ, Айша дұрыс сияқты! Жалды Айша дұрыс!
AKY
Кәусар, Көркем, Ақбілек, Керімбала, Кербез
blackbeard
Керімбала өзгеше екен!
asaubota
менің балдызымның қызын түрікшелетіп Айшенур деп қойдық
bekmur
Nurila degen Allanyn nury degen at eken. Domalak ananyn shyn aty katelespesem!
zafar
Алия! Маржан! Зафаргүл! Коп кой ат деген Саке)))

P.S ен адемилерин ЛС аркылы жазып жиберем))))\
sammita
ана жоғарыда берген сілтемеде небір әдемі мағыналы аттар бар. Мына айтылғандар да.
Askarbek
Ассаляму алейкум! қандай есім таңдадыңыз?))
AygerimErnazarova
Маган Инжу, Каусар, Коркем Сымбат деген есимдерде жаксы.
Gulistan
Жасмин биыл үшке келеді!!! Ботақан, ағасынан аумайды!!!
Tamila
Кыз тусам Шырын деп қоям деп армандаааап журмін. Әйтпесе менде өңшең ұлдар