Коллаж мінез - asaubota

Осыдан 2 жыл бұрын қазақ блогосферасында бір «эстафета» болған еді (негізі эстафеталар көп болатын сол кездерде). Әр блоггер өзі туралы анкетаны толтырып, соған сәйкес коллаж жасаған болатын. Менің жауаптарым және коллажым төмендегідей болған екен, 2 жылда пәлендей өзгеріс көрмедім. Сондықтан еш өзгеріссіз жарияладым:

Блог - asaubota: Коллаж мінез - asaubota

1. Атың кім? — негізі Аршат, бірақ біреулер үшін Арчи, админ, ұлым үшін Ба-па немесе Ба-пау
2. Сүйікті фильмің? – Побег из Шоушенка
3. Сүйікті сусының? – Сыра
4. Өскенде кім болғың келетін еді? – Суретші
5. Бір сөзбен өзіңді қалай сипаттайсың? – Жалқау
6. Қазіргі көңіл-күйің қандай? – Керемет
7. Арманыңдағы қала? — Стамбул
8. Туған жерің? — Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жекенді совхозы
9. Сүйікті түсің? — Қызыл
10. Сүйікті тамағың? — Қуырылған картоп
11. Дүниедегі ең қатты жақсы көретін нәрсең? – Wordpress
12. Сүйікті мекенің? – Балкон

P.S эстафетаны жалғастырғысы келгендер, өз блогында осы анкетаны толтырып, қасына коллаж қоя қойсын. Тақырып атын «Коллаж мінез» деп жанына өз никіңізді жазып қойыңыз, басқалармен шатасып кетпеу үшін.
Бөлісу:

11 пікір

ErNur
Аршат мынау жақсы дүние екен… Бірақ, кейбіреулерге қиындық тудыратын болар бұл жариялау :) Қалай ойлайсың?
asaubota
атыңды жазғың келмесе жазба :)
Aikona
Бұрын жасағаным бар еді… Тауып қойып-қояйыншы.
19852407
Туған жерің? — Ойыл ауданы, Жекенді совхозы

қай облыс екенін де жаза кетуді ұмытпаңыздар, «керек» дерек жинауға жақсы дүние екен))
alisha
Ақтөбе облысына қарасты аудан, «керек» дәптерге түртіп қойыңыз;)
asaubota
түзетіп қойдым, Ойылды білмесе де Жекендіні бәрі білетін шығар десем :)
aktobe88
Ойылдікі екеніңізге таң қалдым. Шалқардың жөлігі деп ойлап жүргем бұрын.
sammita
ия, болды бұрын, есімде:)
ushkin
Күшті! Мен де жасамасам осындай етіп...))