Шаршама, Шах-2
Осы блогқа келіп-кетіп жүргендердің Өркеннің үнді киносына құмарлығын білмейтіні кемде-кем шығар. Осыдан екі-үш күн бұрын Ютубты ақтарып юрып, керемет қуанышқа кенелмесім бар ма? Шуақты шаттықтың фотондарынан үстімдегіфутболкам дыр-дыр жыртылып кетті (енді тек еден сүртуге жарамаса ).
Шамалап не көрді екен десеңіздер, баяғы Шахрухтың биылғы “Фильмфэйрден” бас жүлдені алғанына куә болдым. Қара басқанда, ол марапат қаңтардың аяғында өтіп кетіпті (мені де Болливудтың білгірі дейді-ау біреулер). Қойшы, сонымен, Шахқа “Менің атым Хандағы” рөлі үшін “Жылдың ең үздік актері” деген атақ бұйырды. Құттықтап қойыңыз!
“Фильмфайр Эвардзты” салыстырмалы түрде Болливудтың “Оскары” деуге болады. Бұл сыйлық 1954 жылдан бері хинди тілінде түсірілген үнді киносының жетістіктерін саралап келеді. Бұрындары осы байқауды гүлдендіріп Шахрух Хан мен Саиф Али Хан жүргізетін, биылғысында Имран Хан мен Ранбир Капур болды.Жас жұлдыздардың жан достар екенін білеміз, содан ба, жаман жүргізбепті… Әзілдері дөп түсіп жатты. Сонымен, Шахрух сегізінші рет “Фильмфэйрдің” жыл актері деген жүлдесін жеңіп алды. Бұл көрсеткіш жөнінен онымен тек 70-80 шы жылдардың кумирі Дилип Кумар ғана теңесіп тұр екен! Тамаша емес пе? Тамаша. Шахрух сегіз мәрте “жыл актері” атанып қана қоймай, “Фильмфэйрде” 19 мәрте осы жүлдеге ұсынылып көрген екен! Тағы да онымен тек Дилип Кумар теңесіп тұр. Әрине, бұл екеуінің алдын ораған Амит джи (Амитабх Баччан) ғана. Ол “бар-жоғы” 27 рет “жыл актері” болуға ұсынылған дейді дерек көзі.
Мына қызықты қараңыз, Шахрух Хан 2005 жылы үш фильмдегі рөлі үшін үш мәрте “Фильмфэйрге” ұсынылыпты. Олар Фара Ханның “Я рядом с тобойы”, Яш Чопраның “Вир и Зарасы” және сөбственно жүлде әкелген Ашутош Говарикердің “Возвращение на Родину” еді… Тағы да бұл көрсеткіш бойынша ол тек Амитабх атасымен теңесіп тұр. Оның да 1979 жылы үш фильміндегі рөлі үшін үздік деп танылған екен. Ал биыл Шахрух анша-мұнша емес, Аджай Девган (“Однажды в Мумбае”), Хритик Рошан (“Мольба”), Салман Хан (“Бесстрашный”) және Капурлер әулетінің жалғасы Ранбир Капурмен (“Политики”) шайқасты. Жеңіс, біліп отырсыздар, Каран Джохардың “Менің атым Хандағы” рөлі үшін Ханға бұйырды!
Ал мынау, сол “Фильмфэйрдегі” перфомансы. Бұлардың осы тақылеттес фестивальдерде мықты деген жұлдыздарының осылай сахнада билеп, ән айтып, шоу жасайтыны бар. Бұл жолы Шах өзінің “Каприз”, “Любовь без слов”, “Единственная”, “Девдас”, “Сумасшедшая любовь” сияқты хиттерінде әріптесі болған әйгілі (мен үшін) Мадхури Дикшитпен бірге өнер көрсетті. Киноәлемінен жырақтап кетіп, қайта келген Мадхуридің мына көрінісіне өз басым шықылық атып қуандым))))
Бұл енді “Фильмфэйрде” болған пародия… Сол баяғы Шахрух пен Салман Ханның арасындағы араздықты тағы да сатира тіліне түсіруге тырысыпты (аутист Хан мен жанкешті Ханның кездесуі). Меніңше, сәтті шыққан сияқты.
Шахрух биылғы жылды жүлде жинаумен бастаған секілді. “Стар Скрин Эвардзда” да бас жүлдені, дәлірек айтсақ, “Ең танымал жыл актері” сыйлығын алып кетіпті. Мынау сол салтанаттан көрініс еді,.көзайым болыңыздар. Тағы да Салман, Хритик, Ранбир, Аджайларды шаң қаптырып кетіпті, жарайсың! Үндістан кинопродюсерлер Гильдиясының “Апсара Эвардзында ” да биылғы “жыл актерін” кім алды дерсіз? Әрине, Шахрух ХАН!
Ал, мынау “Апсара Эвардзда” көрсеткен “сойқан” сұмдығы. Бір көріністе “Игра со смертью”, “Все в жизни бывает”, “Каран Арджун”, “Вернуть сына”, “Любовь с первого взгляда”, “Непохищенная невеста”, “Девдас”, “И в печали, и в радости”, “Наступить завтра или нет”, “Эту пару создал БОг”, “Я рядом с тобой”, “Вперед, Индия”, “Дон: Главарь мафии”, “Ом шанти Ом” секілді фильмдерін сыйғызып жіберіпті (реттілік саны сақталды). Көріңіздер, өкінбейсіздер!
Айтпақшы, “Апсара Эвардздың” “ең үздік актриса” номинациясындағы сыйлықты Шахрух Видья Балан (сондай сүйкімді актресс) мен Анушка Шармаға (“Эту пару создал Бог” фильміндегі әріптесі) тапсырды. Мынау, сол сәт… Әйтеуір, сөздің ретін тауып, әдемі әзілмен алып шыққан бұл жолы да! Біздің әртістер де осындай “жытқыр” болу керек қой
Осы еді айтарым. Қуанышыммен бөлісейін дегем, “мынауың қуғынбай екен ғой” деп кетіп қалсаңыз да еш ренжімеймін)))))))
Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/02/27/%d1%88%d0%b0%d1%80%d1%88%d0%b0%d0%bc%d0%b0-%d1%88%d0%b0%d1%85-2/
осы қызға «сындым». жеңгең шамалы қызғанып жүр :)))
Мына актөрді «Менің атым Кханнан» ғана біледі екенмін. Мен көрген үнді кинолар «Зита мен Гита», "Әділ сот", «Махаббат, махаббат, махаббат», «Ситара», «Кек алуға құштарлық» сияқтылармен ғана шектеледі екен.
Ал, жалпы актрисаларынан Прити Зинта қатты ұнайды, Айшвария Райдың сұлулығына тәнтімін. :)
ПыСы. Былтырбір фотогроф жігіт туралы кино көріп ем. әкесінен қалған фотоапараты суретке түскен адамға екі күннен кейін не болатынын көрсете ме, сондай бірдеңе. Ұнаған сол фильм әйтеуір.