“Оскар – 2010″. Оза шауып, бәйге алғандар белгілі болды


2011 жылдың 27 ақпанында болған 83-ші салтанатты шарада 2010 жылдың  “Оскар” алған фильмдері белгілі болды. “Оскармен” марапаттау рәсімі әдеттегідей АҚШ-та, Лос-Анджелес қаласында орналасқан Кодак театрында өтті. Барлығы 24 категория бойынша үміткерлер тізімі осы жылдың 24 қаңтарында жарияланған болатын.
Шараны белгілі актерлар Энн Хэтэуэй мен Джеймс Франко жүргізді. Номинациялар бойынша “Король говорит” фильмі жеке дара көш бастады, ол 12 категорияда сынға түсті.
Бүгін түнде Ресейдің Бірінші каналы “Оскардың” тележазбасын көрсетеді.
Лауреттар мен номинанттардың тізімі

Ал жеңімпаздардың толық тізімі мынадай:

Үздік оператор

* Уолли Пфистер — «Начало»

Суретші-қоюшының үздік жұмысы

* Роберт Стромберг, Карен О’Хара — «Алиса в стране чудес»

Екінші пландағы үздік әйел адамның рөлі

* Мелисса Лео — «Боец»

Үздік анимациялық қысқаметражды фильм

* «Потеря»

Үздік анимациялық толықметражды фильм

* «История игрушек: Большой побег»

Үздік бейімделген сценарий

* «Социальная сеть» — Аарон Соркин

Үздік оригиналды сценарий

* «Король говорит!» — Дэвид Сайдлер

Шет тіліндегі үздік фильм

* «Месть» /Дания/

Екінші пландағы үздік ер адамның рөлі

* Кристиан Бэйл — «Боец»

Үздік композитор
* Трент Резнор, Аттикус Росс — «Социальная сеть»

Үздік дыбыс (sound editing)

* «Начало»

Үздік дыбыстық монтажы (sound mixing)

* «Начало»

Костюмдердің үздік дизайны

* «Алиса в стране чудес»

Үздік грим

* «Человек-волк»

Үздік деректі қысқаметражды фильм

* «Теперь знакомы» (ағылш.)

Үздік қысқаметражды фильм
* «Бог любви»

Үздік деректі толықметражды фильм

* «Внутреннее дело»

Үздік визуалды эффектілер

* «Начало»

Үздік монтаж
* «Социальная сеть»

Фильмге жазылған үздік ән

* «We Belong Together» — «История игрушек: Большой побег»

Үздік режиссер
* Том Хупер — «Король говорит!»

Үздік актриса

* Натали Портман — «Чёрный лебедь»

Үздік актер

* Колин Фёрт — «Король говорит!»

Үздік фильм

* «Король говорит!»

Түпнұсқа.

“Король говорит” фильмін әлі өзім көрген жоқпын, сондықтан ештеңе дей алмаймын. Алайда Натали Портман мен Кристиан Бэйлға “Асқарлар” әділ беріліп отыр. “Қара қуды” да, “Боецты” да көрдім, керемет! Екі актер да әдемі боянып түсе салған жоқ. Натали бір жыл бойы күнде балетпен айналысып, жаттығулар жасаса, Кристиан 13 кг салмақ тастапты. Нашақордың рөлін ойнау үшін.

Соңғы кезде кинематография саласында сіңірген еңбегі үшін Кинематографиялық өнер және ғылым академиясының беретін премиясы беретін “Оскарға” қарсы сын көбейіп кетті. Алайда, әлі де болса әлемдегі ең танымал шаралардың бірі болғандықтан, мыңдаған мүшлері бар гильдиялардың берген дауыстарын жоққа шығара алмайсың.
Пы.Сы. Көретін фильмдер табылды…
Бөлісу:

16 пікір

Nurgisa
Біздегі 31 арна тікелей көрсетіпті марапаттау салтанатын.
Әсілі, осы фильмдердің атауын аудару өзінше қызық дүние ғой. 31-дің кешкілік жаңалықтар топтамасында «Король сөйлейді» деп берді жаңа :) Түпнұсқада «The King's speech» екен. Орысша прокатта «Король говорит». Неге сүйене тәржімалағандары әшкереленді де қалды, әнеки :)

Бұны қарау керек болды, мен де көрмедім әлі. "Әлеуметтік желі" де қаралуы керек пе деп қалдым…
omarbirat
Фильм атауының орысшаға аударылғанына қатысты Ресейдің трекерлерінде былай деп жатыр:
CCat 25-02-2011 15:09:20 (3 дня назад)
Вон даже у украинцев правильно написано — Промова короля — РЕЧЬ КОРОЛЯ!
Осы орыстардың жасаған аудармалары неге тым еркін болатыны маған да қызық осы. «Речь короля» десе де жаман емес қой былай. Жалпы, фильм окорль болуға әзер келісімін берген, кекештеніп сөйлейтін герцог туралы екен.
Nurgisa
«Кекеш болса да король сөйлесіннің» кебі ғой мынау :)
kerekkino
«Король сөйлесін»… жақсы екен:)
omarbirat
«Киңз спичті» бейресми аудармасымен алған едім. Көруге уақыт болмай жатыр.
Nurgisa
«Зесі» бар екен, Омеке.
omarbirat
Тілді тістеп айтылатын «зы» мен «ды»-ның арасындағы дыбысты қалай жазарымды білмей, жазбай кетіп едім :)
Gastarbaiter
Кекеш король -деп аудара салуға болады екен басты қатырмай.
omarbirat
«Железная хваткаға» ештеңе бұйырмағанына қарап, вестернді итальяндықтар ғана жақсы түсіре алады ма деп қалдым.
kerekkino
Мен басында таң қалдым «Железная хватканың» 10 номинация бойынша бәйгеге түскеніне… Жақсы кино, сөз жоқ, бірақ, «Оскарға» тұрмайды. Костюм бойынша да, дыбыстық монтаж бойынша да… Қатардағы вестерн кино… «Поезд на Юму» секілді қызықты фильм…
patick
Қашан да басты Оскарды қайдағы жоқ бір фильмге ұстата салады. Былтыр сапер туралы «Повелитель бури» деген фильмге беріп еді, биыл «К-к-король г-г-гороить» алыпты.
patick
Түзету: Кк-король г-г-говорить
Nurgisa
«Король говорит» негізі… :)
patick
гауарит :) Тағы бір мәрте кечріп жіберіңдер
Nurgisa
:)))) жіңішкерту белгісін бәріміз солай шатастыратын шығармыз. Гауаритті қатырыпсың :) Неше түрлі аудару нұсқалары «кетіп» жатыр…
alisha
украиндердің «гутаритін» естісем, неге екенін қайдам, күлкім келеді