Нереальная любовь (Мүмкін емес махаббат) + Трейлер
Комедиялық мелодрама
Премьерасы: 2011 жыл, күз.
Жанры: Ғаламтор-мелодрама
Өндірісі: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ MCR Productions-мен бірлесіп
Сценарий: Е. Гордеева
Идея авторы және режиссер: Ә.Қарақұлов
Графика: «БАЗЕЛЕВС» студиясы (Ресей)
Рольдерде: А. Смольянинов (Ресей, «9 Рота», «Аптап», «1619»), Б. Сүйіншалина (Қазақстан, «Громовтар», «Хантылар туралы баян»)
Трейлер
ъ
Паң да атақты сұлу өзінің орашолақ қызметтесін көзге ілмей, ғаламтордағы талантты да келісті жігітті ұнатып қалады… Виртуалды шындықта бәрі мүмкін. Ғаламтор шекараларды жояды… бірақ та сұлу осы екі кейіпкердің бір адам екенін білгенде не болады?
Паң бойжеткен өзінің ебедейсіз қызметтесін көзге ілмейді де, ал ол болса қызды әр көрген сайын есі кетіп, қолы дірілдей бастайды…
Содай-ақ осы сұлудан қызметі жоғары бір ер адам да дәмелі, бірақ басшысының көңілін қабыл алуға оның кәсіби беделі мен мәртебесі кедергі.
Шынайы өмірден қашқан ол ғаламтордағы жігітке ғашық болады. Бірақ ол жігіт қызға неге бет жүзін көрсетпейді. Осы махаббат үштағанын қалай шешуге және виртуальды сезімді қалай шындыққа айналдыруға болады?
Қазіргі қалалық романтикалық хикаят жұрт назарын аударған және жан толқытарлық виртуалды романдағы қуатты сезім жайлы әңгімелейді. Нағыз да шынайы сезім жеңіп шығуы үшін ғашықтар небір қиындықтардан, кеңседе небір шытырман оқиғалардан өтуіне тура келеді.
Дерек көзі: Қазақфильмнің сайты.
Бұл фильмнің де бірталай шаңы қағылатын сияқты :)
Дударари ду-удым… Орыс қыз бен орыс жігітті жасанды түрде түйістіріп зайып болды ау мыналар. Ал ұлт аралық келіспеушілік, "Қойнақ, ол орыс қой!" «Да ты что она же казашка!» деген сияқты өмірде болатын проблемалар қозғалмайды.
Трейлер бойынша пікірім, мерейі тасыған шалақазақтар өздерінің тусовкасы жайындағы әдемі ертегіні тағы да секстіре салған сияқты.
Қанша сұлу болса да, қазақтың қыздары орыстың Иванының қасында қауқарсыз))))) деген ой тауып алуы мүмкін:)
бір әннің интросы ма еді??
Сендер маған ана музыка не музыка соны айтыңдаршы аа???
Соған бола фильмды көшіріп артындағы титрларды көруім ғана қалды:)) Таңертеңнен осы музыка прям миымда жүр. қайдан қайдан деп:)))