Әдіре-налин (болған уақиға ізімен)
Бұл оқиғаны Насрулла ешуақытта ұмытпайды.
20 жасар кеше ғана университет бітірген жас маман. Қолында умаж-умаж «Из рук в руки» газеті, әр жерінде маман іздеген мекемелердің көкпен сызып, қоршап қойған телефондары…
Түсініксіз бір колледждің, түсініксіз факультетінде мұғалім болды. 7 мың теңге айлық жалақысының, 4000 теңгесіне жаңа жұмысын әріптестеріне «жуып» жатты.
Расул да Насрулламен бір күнде жұмысқа тұрды. Сондықтан Расулдың жасының едәуір үлкендігіне қарамастан, екеуі тез-ақ тіл табысты. Оның үстіне екеуі бір жерден екен. Тіпті, Расул бірнеше сұрақ қойып, руын қазбалап ақыры туыстықты тауып алды.
— Е-е-е-е, Кіші Жүздің Әлімімін де! Аспанда құдай, жерде Ақұдай дегендей мен де ақұдаймын, інім болдың ғой! — Расулдың жүзі жадырап қоя берді.
— Ия, бірақ Ақұдай деген ру жоқ қой. Бізді басқа рулар «ақұдай» дейді ғой.
— Енді сыртта жүрген соң үйреніп кеткенмін ғой. Кешті біздің үйде жалғастырайық. Мен сені жеңгеңмен таныстырайын, қалай қарайсың інішек!
Насрулла аяқ астынан ет-бауырына кіріп кеткен «ағасына» ия қуанарын, ия таңқаларын білмей ақыры келісті.
Жолайы бір дүңгіршікке соғып сыра алып алды да, ішіне жылу барған соң, "Әкесінің аузы, інімді қыдыртайын!" -деді.
«Айтқан қалжыңдары күлкілі болмағанымен, аузын ашса асфальт көрінетін ашық жігіт екен» — деп түйді Насрулла ішінен.
Өзі айтқан әзілдеріне өзі тырқ-тырқ мәз болып, арқа-жарқа болған «ағасы» бір сәт Насруллаға туған бауырындай ыстық көрінді.
Тағы бір-екі шөлмек сырадан кейін, Расул қалтасында ақшасы таусыла бастағаны мойындады. «Тағы да сыра ішкім кеп тұр, шашлык алайық, ертең жұмыста қайтарам ақшаңды» — деп Насрулладан екі мың теңге сұрады…
Тағы бір-екі бокал сырадан кейін де Расул қызыққа тоймады.
— Кеттік, үйге барып тыққан ақшамды алып қайтайын. Қаланың сыртында сарайдай үйім бар! — деп дес бермей масайып «мың қой айдаған» ағасы Насрулланы жетектей жөнелді.
Көкбазардың маңында үймелеген таксистің біреуіне жақындап, «Кировқа апар» деді. «Ләпбай тақсыр, жайғаса беріңдер, тағы бір екі клиент бар еді, соларды ала кетейін, айып болмаса?» — деді таксист. Сөйтті де, мәшинеден шығып әлгілерін іздеп кетті.
— Айдап кете алмайды деші? — жан жағына алақ-жұлақ еткен Расул шопырдың салбырап тұрған кілтіне меңзеді. — Айдап кете алмайсың! — Насруллаға Расулдың әңгімесі тағы бір талғамсыз әзілдей көрінді.
Расул жан жағына тағы бір алақтап, «Артта ештеңе жоқ па қарап көрші!» — дегенде ғана Насрулла оның қалжыңдап тұрмағанын ұқты.
— Кет-ей ауыш, мынауың жынды ғой қызыл. Болды сендік-сендік! — дегенінше болмады, мәшине орнынан қозғалып, жолға түсті. «Саспа, бауырым, Ақұдай емеспіз бе?» — Айнадан жүзі жылтыңдаған Расул удай мас еді.
Жағдайдың шиеленісе түскені Насрулланың түйсігіне жеткенше, Расул сағатына жүз километр жылдамдықпен жолдың қарама қарсы бағытымен зулата жөнелді. Өзі теріс қарап, тілі күрмеліп әңгіме айтып келе жатыр оның үстіне.
Насрулланы бәрінен бұрын арзан сыраға сылқия тойған Расулдың ағылған мәшинелерге қарсы барлық ережелерді бұзып келе жатқандығы емес, біреуді қағып, не болса өзінің мертігіп қалуы мүмкіндігі мазалады.
Мазалады? Қайдағы мазалаған, зәре-құты қашқаны былай тұрсын, Насрулла, тап сол сәтте «жіберіп» қоюға сәл-ақ қалды. Жұмыстың әкесін, ұжымдағы достықтың шешесін, сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме деген сол екен ау. «Мынау не? А-а-а-а-а! Ойбай!» — лезде бұрылған мәшиненің дөңгелегі шырылдаған Насрулланың даусын естіртпей, «ши-и-и-иқ» етіп қоя берді. — «Тоқтат мәшінені Расул, енеңді ұрайын, тоқтат деймін сағаа-а-а-ан!»
Қайда кетіп бара жатырсың, ақымақ-ау, ана кемпірді басасың, басасың деймін кемпірді, кемпі--, фууф, Құдай-ау сақтады.
— Расул, деймін, өй әкең-ң, тоқтат мәшінені, есікті ашып секіре салам әйтпесе, маған поқи!!! — жаны тәтті Насрулла атынай сай әрекет жасауға дайын тұрды.
— Уәқақақа! Секір нақ поқи болса, қалай домалайтыныңды көрейік! — Расул еш қауіп сезбейтіндей көрінді.
— Ей, мен саған шын айтып тұрмын, есің дұрыс па өзіңнің? Косякқа енегімізден баттық екеуміз де, түсіндің бе! Ұрлықпен ұсталып түрмеде шіриміз!!!
— Қорықпаш, япты, не болды саған! Мен Ақұдайлар батыр болады деп жүрсем. Ұрлап неғылам бұл бақырашты, совхозға жетіп алайық, сосын бір қуысқа тастап кетем…
— Жолға қарасайш, кеміс-ау, соғамыз ғой!!!
Насрулланың көз алдында бүкіл өмірі өтіп жатты. Әкесінің нақыл сөздері. Шешесінің аялы алақаны. Туыстарының аманаты. Сот үкімі. Және түрме.
— Опа! Насрулла, мына қызды алып кетейік, қол көтеріп тұр, теңге жасайық қарап отырмай…
Деген Расулдың даусынан ойын жинақтап алды, машина жылдамдықты азайтып, қол көтеріп тұрған қыздың жанына тоқтады.
«Ох, бұл маған берілген соңғы мүмкіндік, қазір есікті ашамын да тайып тұрамын» — деген оймен мәшине тоқтаған бойда есікті аша бергенде басына ауыр бірдеңе тиді. Тарс-гүрс, ебалаң-шапатах, амп-гүмп!
Насрулланың көзі қарауытып кетті. Әлдебір дауыстар алыстан естілгендей болды. «Шешеңдісс, естерің дұрыс па? Көзді бақырайтып, мәшинені алып кеткендерің не? Малдар сука, счетчикке қояйын ба біләт!!» — деген сөздер әр жерден естіліп жатты.
Жол шетінде есеңгіреп жатқан Насрулла есін жиған сайын болған оқиғаларды бір жіпке тізуге тырысып жатты.
Таксист мәшинесінің ұрланғанын көрген бойда сол жердегі топырлаған әріптестеріне хабарлап қуғыншы салғанға ұқсайды. Олар есесіне жолдың арғы бетінен бергі бетіне қарғып, қисалаңдап келе жатқан мәшиненің соңына түсіп келе жатқанда, аяқ астынан қылмыскерлер өздері тоқтап, сыртқа шыққан… Сол жерде ашынған мәшіне иесінің достары сойылға жығып, сазайын тарттырып жіберген.
Ия, дәл солай болған.
Нақақтан нақақ соққыға жығылғанына ызаланса да, Насрулла дер кезінде жағдайдың бұдан да күрделі болып, полицейлер іске қосылғанда тіпті қиындап кетуі мүмкіндігі есіне түсті.
«Жолымыз болды негізі!» деген тәубелік ой сап ете қалды. Тұрып үстін шаңнан қағып болған соң тонадайда ыңырсып, ішін ұстап бүк түсіп жатқан Расулға жақындады.
— Тұр-ей, «Ақудай» біләт! Сауап болды бізге.
— Тіфу, Шшука, тішімді шындырып кетті. — деді аузынан қан сорғалаған Расул.
— Қайта адам қағып, я мілитса ізімізге түспегеніне рахмет айт, батырсымақ епті.
— деп жұбатты Насрулла.
Сол-ақ екен, артынша, бір-бірін сүйеген екі жігіттің қасына полиция да келіп жетті. Үрей үдей түсті.
— Так-так. Не істеп жүрсіңдер мұнда? Қане үрлеш! Өй, мынауың көк пьян ғой! Тұмсығыңды кім бұзды?
Екі жендеттің әңгімесіне қарап, екі минут бұрын тап осы жерде орын алған оқиға жайлы мыналардың ештеңе білмейтіндігін әпсәтте ұқты. Жүрегі орнына түскен Насруллаға тіл бітті:
— І-імм, біз і-і мұғалімдер едік. Отырыстан қайтып келе жатқанымызда бұзақылар сабап кетті. Сенбесеңіз құжаттарымыз міне. Коледжде мұғалімбіз.
Насрулла сап-сау болғандықтан, полицей оның сөзіне сеніп, құжаттың бетіне қарамады:
— Арыз жазасыңдар ма?
— Жоқ! — деді Расул.
— Мейлің, өздерің біліңдер. Ал бізге енді бензинге ақша тастап кетіңдер онда.
— Менде жоқ ақша — деді Расул.
— Мұнша ғана бар жете ме?! — деп полицейден құтылуға тырысқан Насрулла алғашқы айлығынан қалған соңғы мың теңгелікті тереңірек итеріп қойып, қасындағы екіжүз теңгелікті суырып шығарды.
— О, базар жоқ жетеді. Жарайды! Жолдарың болсын, абайлаңдар жігіттер! — деп полицейлер жұмсарып, жөндеріне кетті.
«Пфүуууфф. Мына менттердің екі минутқа кешіккендері қандай жақсы болды» — деді Насрулла полиция көзден таса болғанда…
— Таксиге ақшаң бар ма? — деді Расул, ұйыған қанды түкіріп тастап.
—Бар наху! — әбден шаршаған Насрулланың аузына жөнді сөз де түспеді. — Қайтуыма жететін ақша бар.
— Кеттік біздікіне! Тынығып ертең қайтасың, жақындап қалдық! — деді есін жия бастаған Расул.
— Жоқ. Рахмет. Есім барда елімді табайын.
— Жарайды онда.
— Расул!
— Не?
— Сен «ақұдаймын» деп өтірікті соға салдың ғой ия?
— Мен ақұдаймын дегем жоқ, оларды жақсы білем — дедім.
— Пиздабол, біләт! — Насрулла қоштаспастан жолдың арғы бетіне жүгіріп кетті.
Келе жатып, такси тоқтатты.
— Қайда?
— Шаляпина-Момышұлы 500 теңгеге апарасың ба?
— 600 бер!
— Секір ішке.
Жылы таксиге отырғанда Насруллаға басынан өткені бір қорқынышты түс сияқты көрінді. Әлгі тереңірек тығып қойған «мың теңгесін» шығарып шопырға берді.
— Брат мынауың не? Біз 600-ге деп келістік қой!
— Мен саған «мың теңге» бердім ғой енді.
— Қайдағы мың теңге, қуасың ба, мынау 200 теңге, міне, қара!
Жарықты жағып қараса, шынымен де 200 теңге екен. Ал мың теңгесі қайда? Насрулла тағы ойланды.
"Әлгі полицейге қараңғыда… мен… туй, сайтан -ай… Бәсе неге бірден риза болып ала қойды десем. Ссукааааа..."
— Ей брат, не деп міңгірлеп отырсың, ақшаң бар болса айт, болмаса осы жерден қалдырып кетем! -таксист жол жиегіне тоқтады.
— Түсірсең түсіріп кет, ендігісін жаяу-ақ жетермін, бірақ басымнан жаңа ғана өткен бір әңгімені айтып берейін тыңдасаң…
4 пікір