Мақтанудың ашық және жасырын тәсілдері

Шейх Абу-Али Ибн Молла өзіне күміс жалатылған Боинг -747 сатып алыпты.

А зато менікі 36 см… Ол тек жуандығы ғана.

Жалпы мақтану деген не? Және ол сүйкімсіз қасиет пе?

Мақтаншақтық түр-түс, тәрбиесіне қатысссыз барлық бүлдіршіндерге тән қасиет. Демек әр ересек адам уақыт өте оны жасырудың, сыпайылап жеткізудің амалын жүре келе үйренеді немесе ондай амалдарды қажетсінбей, турасынан мақтанады.

Мақтана білу өнерінің мықтылығы өзгелерді өзіңнің тамаша қасиеттерің мен сұмдық адамгершілігің туралы ойландырып қойып, өзіңе тағылатын «мақтаншақ» деген айдардан аман қалу қасиетімен өлшенеді… Өзіңіз ойлап қараңызшы, тумысынан эгоисттау келетін пендені өзінің болмысы жайлы бір сәт ұмытып, өзіңнің керемет екендігің туралы ойландырып қою оңай шаруа емес, бірақ тырыссаңыз, әлгөтте бағынбайтын белес жоқ.

Өзін өзгелерден бақыттырақ екенін көрсету, немесе керісінше, қаншалықты бақытсыз болса да, қиындыққа мойымайтындығын көрсету, біреуден күштірек, біреуден ақылдырақ, біреуден пысығырақ екендігін көрсетуге тырысу біреуді өрге, біреуді көрге жетелейтін қасиеттердің бірі…
Бұл кәдімгі қасиет. Жақсы да емес, жаман да емес. Тек сөз жүзінде қала беретін және шексіз мақтаныштың ғана ешкімге пайдасы жоқ.

Ал адамның таланты мен оның басқа жағымды қасиеттері көп болса, мақтаншақтықты көбіне еркелікке балап, қоғам кешіріммен қарайды.
Мысалға дейік, Мухаммед Али Бокс ғана емес, жалпы кәсіпқой спорт тарихында әлемге аңыз болған адам. Ол ешуақытта кішіпейіл, момын болмаған… Алайда кезінде оның осы қасиетін харизмаға балаған қауым, қартайған шалдың «Менсіз Бокс, бокс емес» деген сыңайлы сөздерін «алжыған шалдың сандырағы» деп есептейді.
  • Мақтанудың жасырын түрлері де бар.
Мәселен:
Чак Паланик деген жазушы бір жазбасында мынадай мысал келтіреді: Бір қыз «болашақты көре білем» дейді міс. Және сол қасиетінен қанша зардап шексе де, құтыла алмай, сәуегейлігі маңдайына сор боп жүр-міс. Әрине әлемдегі адам саны 7- миллиардқа жақындап жығылатын заманда өзіңе назар аударта білу қиын. Сол кезде осындай елден еректің «сорлы» күйін танытатын әдістер де іске жарап қалады.

Тағы бір ағамыз "Үйімде әруақ бар" дейді. Ақкөңіл қарт Патриктің елмен араласқысы келетіні соншалық, қарым-қатынасты аңсаған кезде, досына телефон соғып, төменде айғай шу естігенін баяндайтын. Сол айғай шыққан жақа мылтығын алып түсетінін, егер сол кеткеннен мол кетсе, 10 минуттан кейін полиция шақыра берсе болатынын бейнебір өлімге бас тіккен батырлар үнімен айтатын.

Кейбір қыздар «Осы жігіттердің менің декольтеме үңіліп қарайтыны жыныма тиеді! — дейді. Бұдан сіз ол қыздың өзінің декольтесіне қаратқысы келетінін, оның омырауының үлкен, әрі әдемі екеніне назарыңызды аудартқысы келгенін байқасаңыз болады. Дереу комплимент айтыңыз. Әйтпесе, сіздің „Әрине, бәрібір салбырап қалатын емшек қой, соған неге қызыға береді екен ей“ деген аса фәлсафалық мәні бар коментіңізді кешірмеуі де мүмкін.

Қыздар қауымының тағы бір сүйікті мақтану әдісі ол, өзін өзі жамандау.
«Негізі менің мінезім жаман! Мен сондай эгоистпін бар ғой! Менің болашақ күйеумнің жолы болмады негізі», — Егер фрейдтік мәнермен қазбалай жөнелсек, бұдан не байқаймыз? Біріншіден, оған жігіттер қарайды, демек назарға тоқпын деп тұр, сонымен қатар жігіттер оның тәлпіштігі мен бетпақтығын жиі көтеретінін айтып тұр, ал ондайды тек өзіне ес-түссіз ғашықтықтан құса болған голодняк аңсарлар ғана көтереді. Ондайлар жиі кездесетіндіктен, ол қыз өзіне көкбет болуға, бетіне анализі шыққан долы мінез көрсетуге ерік беруді әдетке айналдырғандығын көрсетеді, немесе көрсеткісі келеді.
Немесе мінезінен басқа жағы, жекелеп алғанда бет-әлпет сұлулығы жағынан бәрі тамаша екендігін меңзегісі келеді, яғни жігіттерге ұнау үшін оған „ибалы, инабатты қыз“ болып көрінуге еш мұқтаждық жоқ. Көзін қысса болды, жігіттер еріп кете беретін сұлулық иесімін-типі. Тап сол сәтте сіз ол қызға: Қойшы-ей, мінезің тым жақсы ғой. Тек аяғың сәл түзулеу, мұрның қысқалау, және арықтау болғаныңда тіпті теңдессіз болар едің! — деп айтып көрші. Әпсәтте, кішкентай долы қыз қалай үлкен жалмауыз қатынға айнала білетіндігіне тәнті боласың. Егер тым тәрбиелі қыз болса: „Комплиментіңізге рахмет!“ -деп бұртиып қалады.
Шындығында, бұндай қыз нәп-нәзік қой аузынан шөп алмайтын қыз болуы мүмкін. Тек сенің оны пайдаланып кетуіңнен қорғаншақтанғаны. Жарайды, мен қыздардың психологиясына тереңдеп, әдетімше лағып кетпей тұрғанда жасырын мақтанудың келесі бір нұсқасын келтірейін.

«Мен сондай жалқаумын! -деген сөйлем де тағы бір мақтану әдісі болуы мүмкін. Былай қарасаң, кемшілігін айтып тұр. Рас да шығар. Бірақ жалқаулық жаман қасиет емес. Әлемдегі барлық игі дүниелер — адамның жалқаулығы мен оңай жол іздеуге талыпынысының нәтижесі.
Жігерсіздік пен жалқаулық екі түрлі ұғым. Егер жалқаулық мақсатыңа жетуге кедергі болса, бұл жігерсіздік. Ал „жігерсіз омыртқасыз былжырақпын! деп айтқан адамды көрдіңіз бе? Осындай жиіркенішті қасиетін мойындауға әркімнің дәті бара бермейд
і.
Кеттік әрі қарай, тағы не? А-а, «Мен шыдамсызбын». Демек бұл адам өзіне керектің бәрін тап осы жерде, тап қазір алуға үйренген. Яғни дәрежесі басқалардан жоғары. Жағымсыз кезекте төзімділік танытып, сүмірейіп күтіп тұру сорлының тірлігі емес пе? — деген астар жатқандай…
Қысқасы, пенде болғандықтан, өзі туралы айтылған “кемшілікті» мойындаудың барлығында сәл де болса мақтаныштың қыры білінеді.
Себебі тек өзгелер ғана сені бар ынтасымен, шын жүректен сынай алады.
Жалпы әртүрлі адамдардан: «Мен сондай сұмыраймын», «Мен сондай өзімшілмін!», менің бір кемшілігім "өтірік айта алмаймын", «бәрін бетке айтып тастайтыным жаман осы менің», «кешіре алмайтыным үшін өзімді жек көремін», «мен сондай тұрақсызбын, соныма жыным келеді», «мен сондай тез зеріккішпін», менің бір жаман қасиетім «ақшаны бетіне қарамай жұмсаймын»…
Ал қорқақтық ше? Жарайды… әйелдер «Мен сондай қорқақпын» деп айта алады. Ал өзінің қорқақ, ез, өтірікші екенін мойындаған еркекті елестетіп көріңізші? Қаншалықты жиі көресіз ондайды?
Керісінше, өзін «мачо» қылып көрсететін «чамолардың» саны қаншама?
Немесе қандай қыз жігітпен танысқанда, кемшілігің бар ма деп сұрасаң, «Ия, аздап қолтығым сасиды» деп мойындайды??
Қандай жігіт, «Арақ ішсем, малдан жаман боп кететінім бар» деп мойындайды?
Өзінің артын өзі ашып, «Мен сондай нас, надан, арамтамақпын, дүниеде екі нәрсені жақсы көрем: кінәсіз жануарларды өлтіргенді, және өзімнің сондай жексұрын екендігімді жақсы көрем!» деп өзін жер қылатын ұятты шындықты айтуға кім мүдделі??
Қай қыз өзінің салақтығы мен талғамсыз киінетіндігін мойындайды?
Қай бойжеткен құрбыларына өлердей қызғанышы бар екендігін, және жабысқақ, зеріктіргіш, үйден шықпай дым көрмеген топас екендігін мойындайды?
Еш бір! Ешқашан!
Бұндай заттарды тіпті өзіңе сыбырлап мойындаудың өзі қиын. Тіпті мүмкін болғанның өзінде бұндай мойындаулар өткен шақта айтылады.
Мысалға, «мен әлжуаз едім, қазір сұмдық боп кеттім». Немесе, «кезінде үйден шықпайтын сүмелек едім, қазір шындыққа көзім жетіп, пәлендей боп кеттім». қырт-та-сырт.
Тіпті былай дер едім, өзіңнің күнәхар екендігіңді мойындау, кішігірім жиіркенішті әдетіңді мойындаудан оңай.
Жалпы, өзіңіз жайлы жақсы нәрсе айтасыз ба, жаман нәрсе айтасыз ба — оны патша көңіліңіз біледі ғой. Бірақ бұл әрекетіңіздің біріншісі де, екіншісі де сіз туралы басқа кісілердің айтқанындай әсердің жүзден бір бөлігін де тудыра алмайды.
Айтпақшы, ұмытып кете жаздадым. Мақтанудың тағы бір «керемет» үлгісі бар. Өзіңнен басқаның бәрін сынап-мінеу. Былай мақтануға қатысы жоқ сияқты. Бірақ бұл нағыз мақтанудың жасырын үлгісі. Ол маған тән. Және кейбір діншілдер мен әсіре атеисттерге тән.

Кей діншілдер «Барлық мадақ тек Аллаға тән!» дей тұра, өздерінің діндерін мақтан тұтып, барлық өз күнәсін шайып болғандай, басқа яхуди, кришнайыт, индуист, христиан, крестьян, криштиануларды үнемі дұрыс жолға қоюға тырысуынан байқауға болады.
Ал атеисттерді керісінше, әрбір діншілді тығырыққа тіреп, 18-ғаламды шарлап келген 12 мүшелі гигапенде сияқты ұстағанын ұстаған, көргенін көрген жерде логикалық, бейлогикалық, риторикалық айла-тәсілмен қудалап жүріп жұрт көзінше сынауынан байқауға болады.

Бұндай әркімді қаралау ниеті қайдан пайда болады? -деген сұраққа үңілсем, өзіңнің шығармашылыққа/дінге/киіну үрдісіне/т.б-ға деген талғамыңның сұмдық жоғарылығын, талайды көргендігіңді білдірудің, демек асқан интеллект иесі болғандықтан, ненің дұрыс-ненің бұрыстығын анықтаушы альфа және омега екендігіңді меңзеуге бағытталған әдіс екен.
Сондықтан, жазған дүниеңіз өзіңізге ұнап тұрса, қайдағы бір ауылбайдың сынына мән бермеңіз. Интернет арқылы налыған кезде тұмсықтан бір беретін қызмет әлі жаралған жоқ, ал олай болса қандай қызба сыншы болмасын, коментке тышып кетуден әрі аса алмайтынын біле жүріңіз.

Ізгі ниетпен мақтанудың артына үңілген
«Кішіпейілдіктің» жер бетіндегі өкілі Гастарбайтер

cурет көзі: www.jonco48.com
Бөлісу:

59 пікір

patick
Ертең муахахалаңды жорналдардың бетінен көріп жатсаң — таң қалма :)
asaubota
сенің бұл коментіңнен БАҚ редакторларын «жасырын» мақтау сезіп тұрғандаймын. сенің ойыңша бұл мақаланы меңгере алатын интеллект бар ма оларда? (осы орайда өзімнің жоғары интеллетке ие екенімді жасырын атап өттім) :)
Daniar-Alan
Пост пен пікірді бірден түсінгенімді айтып интеллектімнің онан да жоғары екенімді айтып мақтанып өтсем
kuat
басынан соңына дейін бір деммен қызығып оқып шықтым. жақсы :)

Ия Гаста бұл стилде жазу сенің ерекшелігің болса керек.
ErNur
Алып қосар ештеңе жоқ, дәл тауып жазыпсың шырағым. :)
Zhan
Ал адамның таланты мен оның басқа жағымды қасиеттері көп болса, мақтаншақтықты көбіне еркелікке балап, қоғам кешіріммен қарайды.

Бұндай әркімді қаралау ниеті қайдан пайда болады? -деген сұраққа үңілсем, өзіңнің шығармашылыққа/дінге/киіну үрдісіне/т.б-ға деген талғамыңның сұмдық жоғарылығын, талайды көргендігіңді білдірудің, демек асқан интеллект иесі болғандықтан, ненің дұрыс-ненің бұрыстығын анықтаушы альфа және омега екендігіңді меңзеуге бағытталған әдіс екен.
Сондықтан, жазған дүниеңіз өзіңізге ұнап тұрса, қайдағы бір ауылбайдың сынына мән бермеңіз. Интернет арқылы налыған кезде тұмсықтан бір беретін қызмет әлі жаралған жоқ, ал олай болса қандай қызба сыншы болмасын, коментке тышып кетуден әрі аса алмайтынын біле жүріңіз.
1. Тез жалыққышпын деп жиі айтамын.
2. Ойымда не тұр соны айта салатыным жаман.
3. Бұрын ондай емес едім, қазір сұмдықпын деп анда-санда айтады екем.
4. сарказм басым сөздерімде. Ммда, общм мақтана білуді әжептәуір меңгердім деп мақтану да бір өнер екен-ау, а Гаста жолдас
salta
мен бір әріптесім туралы қатты айтқаным бар, несімен артық осы менен деп, говорящая голова ғана болғаны үшін бе деп, сөйтсем, ол қалқам одан сайын жоғары секіріп, жыл адам болғанға дейін барды, сонда әріптестерм маған қарап тұрып, ал бұған не дейсің деді. менің де бетім бүлк етпестен «Көре алмаймын, қызғанамын, көп ырбия бермесінші» дедім. сонда менің түйсігім ол артық болып тұр сенен деді, мойындамады… кіммін?! жоғарыда айтылғандардың бәрі менің бойымда бар, аузымнан да шығыпты… мен сондай «жаман адаммын»)))))…
Gastarbaiter
Меніңше, сізге тек седативті препараттар көмектеседі.
salta
негізі үнемі сөмкемде жүреді ондайлар… көмектеспейтіндей жағдайға жетіп қалдым ғо…
a63a1
Қыздардан «Негізі менің мінезім жаман! осындай сөздерді естідік қой, сырттай жоғии, немесе өтірік дұрысқой сенікі, маған сондай қыздар ұнайд деп қойып, іштей: «Алақаныма түссең қайда барасың, тфу мә!!!»- деп күбірлеп қоясың
madlen
a63a1
Жоқ кешіріңіз, мен адамды алғашқы әңгімеден танимын негізі. Бұл тек бетпақтарға арналған бір вариантқана ғой
Gastarbaiter
Адамды алғашқы әрпінен танитын, аватарына қарап диагноз қоятын асүйлік психоанализ шеберлері сендейлерден шығады
a63a1
аватарына қарап диагноз қоятын
 Тәйт!
a63a1
сенбейсің бәрібір
a63a1
Мен сондай нас, надан, арамтамақпын, дүниеде екі нәрсені жақсы көрем: кінәсіз жануарларды өлтіргенді, және өзімнің сондай жексұрын екендігімді жақсы көрем!»
осыған ұқсас кей шындықтарды салмақты түрде айтып көргем, бірақ оған сенетін қыз таппадым
a63a1
тойыс көрмедім, қалжыңға балап отыра береді жымиып қоййшшшш! — деп қойып
Zhan
Маған айтсаң сенер едім Абзал. Сосын жігіттердің үйленгеннен кейін сені бұрынғыдай құтыртып қоймайтынын любой қыз біледі. Тек сол күйеуге шықпай тұрып, қыз кезіндегі еркіндігін, соңғы тұяқ серпуін пайдаланып қалайын дейді де байғұс. Басқа не істесін. Мен де осы этаптан сүмірейіп өтем ғо, қанша бұлқынсам да. хихи.
a63a1
 еркелік шығар мүмкін,
a63a1
Жоқ сенбес едің, мен оған толық сенімдімін
Aldeken
Мені идеал тұтпауға тырыс, негізі сволыш (тіке мағынасында) адаммын деп сендіре алмай кеткенмін қыздарды, әлі де сендіре алмай келемін. Так ышто, Абзал, мұндайды айтсаң, олар одан сайын жақындау түсе ме сондай бірдеңе, логикаларынссс…
a63a1
ия, ия типа жасырын мақтанып отыр деп ойлайд
salta
сенбеймін...
Aldeken
ииии, жүррректің майы, сен елден ерекшесің ғо…
Daniar-Alan
Мені идеал тұтпауға тырыс, негізі сволыш (тіке мағынасында) адаммын деп сендіре алмай кеткенмін қыздарды, әлі де сендіре алмай келемін. Так ышто, Абзал, мұндайды айтсаң, олар одан сайын жақындау түсе ме сондай бірдеңе, логикаларынссс…
 ахахаа дәл дәл ей дәл
a63a1
Мысалға, «мен әлжуаз едім, қазір сұмдық боп кеттім»
Керісінше мысалдар барғой тағыда Кезінде Боксқа қатысып қазір тастап кеттікқой — Бұл жерде төбелесу білем деген жасырын мақтаныш сияқты
satibaldi
Маған керекинфо — біреуі де күркетауық асырап көрмегенмен, адам рухының үңгірін қолдарына от алып кезіп жүрген пираттар сияқты елестейді
Gastarbaiter
Шынында да күркетауық асырап көрмеппін.
a63a1
Қыздардың кейде қойш қартайдыққой деген сөзі типі мен қанща жасқа келсемде әлі сұлулығым бойымда тұнып тұр деген жасырын мақтанышы
satibaldi
Негізі «мен қаныпезермін, тұрақсызбын!» деген сияқты ескертпе сөздердің мағынасы — сөзде емес, айтылу пафосында жатыр. Кет деп тұрып шақыруға болады. Келсейші деп наққа жібере алатындар да қаншама.
Gastarbaiter
Адам есейген сайын, ондай ешкімге зияны жоқ пендешілікке кешіріммен қарайтын болады екен.
a63a1
Бір қыз бар, лібәәә қаным қайнайд, ауылда Әсел болып жүріп қалаға келіп Ася болып кеткен.
— Қалайсың?
— нормаллльььна
— сам как
— жақсымын, не жаңалық?
— жургенский, вот такие дела
— Жұмыс қалай?
— нормаллльььна, вот такие дела
— ммм
— вот такие дела
Сосын аласыңда көпшіліктің арасында абыройын айрандай шашасың
— ауылдан қашан келдің деп
satibaldi
Кей кезде топ арасынан біре шығып, зәкірәтдинбайдостап жіберсе, әрі қарай өзі оталып мақтанып кететіндер де болады.
Gastarbaiter
Мені жамандаған адамға қарсы агрументті оңай табам, ал мақтап жатса… не дейсің енді, жоқ олай емес, мен сұмырай едім… десең де біртүрлі.
Негізі, бұл бәрін айтпай отыр, мен оның айтқанынан да керім едім дейтіндерді көрмеппін.
satibaldi
Тікелей болмаса да, жанама сүйтетіндер бар, тіпті көп. Бір тойда көргем:
-...үш қараша үй тұрыпты. Соның үшеуінен де профессор шыққан, соның біреуі осы отырған К...ң! — десе, дырдай К...ң:
— Үш үйдің де отағасы үлкеен қызметте болғанын да айтайын. Жалпы сол үш үйдің орны киелі...-деп, уралмотоцикл мініп кеткені бар.
Gastarbaiter

— А-а-ал, Ақтөбелік апайымыз бүгін келінге шуба алып берді!
Абысыны сол кезде: — А-а-а? Не дейт қасқа? Мәәссаған! Шынымен алып бердіңіз бе? -десе.
Ақтөбелік апайы:
-Анау мынау емес, Норка-черный бриллиант, қазіргі модный 380 мыңдық түрін алып бердім.
Gastarbaiter
Қойшы, сонда да бұндай ақкөңілдер тек Гогольдың шығармаларында кездесетін сияқты.
Көзіңе елестетші,
— Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Илья Ильинге сөз беріледі! -дегенде, Илья микрофонды алып,
-Кхм-кхм, кешірерсіздер екі дүркін чемпионы едім, және рекордтың иесімін! -деп тұрса)))
saken
— Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин! — деп қателескен кезде, Илекең үндемей қалса ше? ол нені білдіреді екен?
Edu
-Ондай кезде ішімнен "әумин, періштенің құлағына шалынсын" деп тұрам,- Илья Ильин.
VKM
Осы Жаңа жылда корпоративте болған оқиға)))
Тамада жігіт айтты:
-этот тост предоставляется самой красивой, самой умной, самой прекрасной, самой-самой… девушке Асель
-осы отырыста 3 Әсел бар ғой
-конечно, я говорю об Асель О… вой…
Қалған 2 Әсельдің де, біздің де жаңажылдық көңіл-күйіміз құрып қалды(((
Осындай да жігіттер болады екен((
satibaldi
Сен жөнінен сонша қателесті деп ойламаймын
VKM
не в тему(
satibaldi
ЖльамашЪ нақ.
kyrgynqazaq
нақтан басқа не білесің?! Кішкентайыңнан ешкімге сөзің өтпеген бірдеңесің ғой! Мына жерге келіп қыртисың!
satibaldi
Ашуланбаш лібә енді, не соншама.
kyrgynqazaq
Кейбір жазғандарыңды оқы! Мүмкін сонда түсінерсің!
satibaldi
Иә, кейде үтірді ұмытып кететінім рас.
kyrgynqazaq
Өзіңнің кім екеніңді де ұмытып кеткен сияқтысың!!!
kyrgynqazaq
Өмірде өші кеткен, Адамның баріне ашулы, Қоғамнан қорлық көрген, Өңшең қырттар! Өздеіңді ақылдымыз деп ойлайсыңдар ғой?! Ақымақтар!!!
Aramza
Ақылдан төгіп төгіп кетсей қ
Onlasyn
Сақалыңды боямаш
Aramza
біз емес, мүмкін шығарсың ә?? бермей қойдыма? әлде біреу алдап пәктігіңнен айырдыма? ондай болса барлық негативті осында жаз түс, жаз жеңілдеп қаласың!!!
asaubota
шамалап отырмын кім екенін
dark_nazgul
Осы жігіттердің менің декольтеме үңіліп қарайтыны жыныма тиеді!
Соңғы түзету:
asaubota
қоэ, білдірмей техникалық тұрғыда қараймыз ғо