Қазақтын жүз әні

ҚАЗАҚТЫҢ 100 ӘНІ
Жүгіріп отырып телевизордан осы конкурсты көріп қалдым. Бірақ қорапты қарап жататын уақыт жоқ. Сондықтан керекинфо тұрғындарына өтінішім бар.
Орындалып жатқан өлеңдердің тізімі керек. мп3 болса, тіпті керемет.

Интернетте таба алмадым.

Шамалап толықтырайық. Сәкенге рақмет.

«Шақырады көктем» — Роза Рымбаева.
«Жайдарман» — Досмұқасан тобы.
«Су тасушы қыз» — Досмұқасан тобы.
«Есіңе ал» — Ескендір Хасанғалиев.
«Бүлдірген» — Қарақат Әбілдина.
«Бір бала» — Мәдина Сәдуақасова.
"Қазақ елі" — Роза Рымбаева.
«Сүгірдің қоштасу термесі» — Қыдырәлі Болманов.
«Ақмаңдайлым» — Жеңіс Ысқақова.
«Дудар ай» — Жұбаныш Жексенұлы.
Бөлісу:

46 пікір

asaubota
иә, мен де кеше байқап қалдым. осы тізім шыққан кезде осында бөлісулеріңізді сұраймын.
saken
Кеше алғашқы он бір ән халық назарына ұсынылды. Көрсетілім барысында көрермендер арасында жарыс өткізіліп, сол жарыстың жеңімпазы Кәмшат деген кісі өзі бір әнді (сол он бір әннің ішінен) таңдап жүз әннің ішіне кіргізді. Газеттерден оқығаным бойынша айтарым, алғашында көрермен назарына екі жүз жиырма ән ұсынылады екен. Соның ішінде жүз ән іріктеліп алынып Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына арналған гала концертте айтылады дейді.
Жалпы айтар болсам кешегі өткен алғашқы бағдарламасы өте ұнады. Жүргізушілері Нұрлан Әлімжан және бір қыз (танымадым).
Алғашқы күнгі орындалған әндер:
«Шақырады көктем»,
«Жайдарман»,
«Су тасушы қыз»,
«Есіңе ал»,
«Бүлдірген»,
«Бір бала»,
"Қазақ елі",
«Сүгірдің қоштасу термесі»,
«Ақмаңдайлым»,…

тағы екі әнді есіме түскен кезде жазармын ..)))
saken
«Дудар ай» әні болды сосын, Жұбаныштың орындауында…
kuat
«Ақмаңдайлымды» кім орындады?
saken
Жеңіс Ысқақова.
kuat
бір қыз (танымадым).

Қазақстан ұлттық телеарнасының жаңалықтарын жүргізушісі — Гүлназ Әлімгерей деп жатыр еді.
saken
аха, сол. Гүлназ екені есімде.
bekmur
Menin tanys kyzym redaktor edi osy proektte..Biletinim Dinara Adamnyn jobasy.
kuat
Сол телеарнадан соңғы уақыттары көрсетіліп жүрген жобалардың көпшілігі — Динара Адамның жобалары ғой
saken
Кешегі әндерді орындаушылар:
«Шақырады көктем» — Роза Рымбаева.
«Жайдарман» — Досмұқасан тобы.
«Су тасушы қыз» — Досмұқасан тобы.
«Есіңе ал» — Ескендір Хасанғалиев.
«Бүлдірген» — Қарақат Әбілдина.
«Бір бала» — Мәдина Сәдуақасова.
"Қазақ елі" — Роза Рымбаева.
«Сүгірдің қоштасу термесі» — Қыдырәлі Болманов.
«Ақмаңдайлым» — Жеңіс Ысқақова.
«Дудар ай» — Жұбаныш Жексенұлы.

пысы: Мәдинаның жүргізушілігін қанша жамандасақта, әншілігіне тәнтімін. Кеше «Бір бала» әнін керемет орындады деп ойлаймын.
KingBilly
Иә, керемет айтты. Дауысы осы әнге жарасқан.
Erkekyz
Бұл қай арнада болып жатыр? Н/е болды?
saken
Қазақстан ұлттық арнасынан кеше алғашқы бағдарламасы болды. Аптаны әр сенбісінде кешкілік көрсетілімде болып отырады.
alisha
Маған Қыдырдың орындаған «Сүгірдің қоштасуы» ұнады… Бірақ, әңгіме Қыдырда емес, оны КешЮ шырқаса да ұнар еді. Жобаның финалында екі жеңімпаз Розамен бірге "Қазақ елін" шырқады. Розаның әлгі екеуін менсінбей тұрғаны айқын сезіліп тұрды, ең болмаса көз қырын да салған жоқ… тиісінше екеуінің мысы басылды да қалды.
Abilakim
«Сүгірдің қощтасуы» жақсы шықты. Қыдыр жездеміз кезінде осы ән арқылы шыққантын сахнаға.
Peliko
Құрметті достар! Пікірлеріңізге рахмет! Форматқа байланысты пікір айтсаңыздар жақсы болар еді.
asaubota
жүргізуші Нұрлан актер болғасын ба қатты переигровать етеді, адамды жалықтырып жібереді. ал былай барлығы жақсы, әндердің орындалуы керемет. маған әсіресе камералық хордың Еділ мен Жайықты орындағаны қатты ұнады.
Zere
Сөзсіз керек жоба, Ресейдің «Достояние Республики» жобасына ұқсайды екен. Алайда ол жақта да кейде ішің пысатын минуттар болатындықтан екі өлеңнің арасында басқа арналарды аралап шығасың. Ал мында да екі өлеңнің арасы тіптен қызықсыз, өзіміз ойнамаған соң басқалар шешіп болғанша, жүргізушілер сөйлеп болғанша іш пысып кетеді.
Сосын смс-пен дауыс беруге көбінің құлқы жоқ сияқты. Өнердің біртуар туындысына смс жалко емес, бірақ біздің халық бұған әлі дайын емес. Сондықтан финанс жағынан өзін ақтай алса ақтады, ақтамаса жарнама жасау керек қой, смс-пен бас ауыртпай. )
Peliko
Пікір орынды. Алайда дауыс беру жағына келер болсақ халықтың дауыс беру рейтинги «Екі жұлдыз», «Х фактордан» екі есеге асып түсіп жатыр. Сондықтан дауыс беруге құлқы жоқ деуге болмайды. Халық өз қазынасынан аянбайды екен.
saken
байқағаным Пелико сол жобаның басы қасындағы адамдардың бірісіз ғой деймін. Мүмкін болса осы сайтта жоба жайындағы жаңалықтарды жазып отырсаңыз екен. Кейде жұмыс бабымен көре алмай қаламыз дегендей. Сол кезде осы жақтағы жаңалықтардан біліп отырар едік.
Peliko
Иа, жобаны жасауға қатысым бар. Барынша жауап беріп, жаңалықтар жазуға тырысам. Алайда көп ақпаратты on.kz және kaztrk.kz сайттарынан ала аласыздар.
meirzhan
«Нақ-нақты» орындаған "Қоңыр" тобы пен Ерболаттың «Мен мен едім» әні керемет әсерлі шықты.
TERISKEI
«Нақ-нақ» сөз жоқ, керемет орындалды, ал, Ерболаттың әндері бір-біріне қатты ұқсап, белгілі мотивтермен ғана орындалады, уже шаршаған сияқты ел одан. «Мен қазақпыны» мен «Біздің жігіттері» тамаша еді…
Peliko
Арасында жүрген адам ретінде Ерболаттың сахнада жұмыс істеуі мен қазақ әніне, музыкасына деген шын жанашырлығы үшін миллион алғыс айта аламын.
TERISKEI
жарайды, айта ғой:)
meirzhan
«Нақ-нақ»-ты орындағанда өзбекше ырғаққа беріліп кетті деп ойламайсыңдар ма? Әлде маған ғана солай естілді ме? А?
TERISKEI
саған солай естілген шығар, Меке;)
asaubota
иә, бар сондай 100an.kaztrk.kz/v_data/content/1299645872.flv

билеп тұрған қыздар да өзбекше сияқты болып тұр
Abilakim
Маған Қарақаттың «Бүлдіргенді» орындауы мен Мәдинаның «Бірбаласы» ұнады.Мәкеңнің киімі онча емес деп жатыр Саят Досыбаев
edige
«Дудар ай» — Жұбаныш Жексенұлы
бағасы — 5
меніңше
Zere
Негізі осы өлең жігіттер айтатын өлең емес деп жүр ғой мамандар.
edige
Айту мәнеріне байланысты айттым
omarbirat
Өткен жолы болған «100 әннен» ұққаным — бұл өлеңді Мәриям Жагорқызына бір қазақ еркек шығарып берген-міс.
omarbirat
Сонда да еркекке арналған әнді еркек айтқаны бір түрлі енді :)
TERISKEI
Үлебайдың әні деп жүр білетіндер. Үлебай Мариамның атынан Дударайға әзіл ретінде шығарған деп оқыған едім. "Қазақ әдебиеті" газетінде бір кездері осы ән төңірегінде дау шығып еді…
Peliko
Өте дұрыс байқағансыз. Ән авторы Өлебай ақын әнді Мариямға сыйлады. Яғни ән әйел адамның атынан айтылады. Ал біздің эстрада көп әндерді ауыстырып айта береді. "Әдемі қыз" әнін жігіттер орындау керек. Одан да басқа көптеген әндер өз орындаушыларында емес. Әннің мағынасын ашпау деген өте үлкен тақырып.
TERISKEI
Пелико мырза/ханым, дегенмен кей сәттерде қыздың айтатын әнін жігіттер де, жігіттің айтатын әнін қыздар да нақышына келтіріп, ел жүрегіне жылы көрініп жататын да тұстар аз емес. Мәселен, Қарақаттың «Асыл әжем» деген әнінің орта тұсында: — Әке болып жүргенімді ұмытып, әлі күнге еркелеймін мен саған,- деп шырқайды. Алайда, Қарақат осы әні арқылы да жұлдызды сәтінің тудыра алғаны жасырын емес. Мөлдір Әуелбекованың да сіз тілге тиек еткен "Әдемі қыз" әнін (өзінің жеке орындауында) құлпырта айтқаны ұнайды маған;) ИМХО…
Zere
Бәрібір де бас салып, елге танылам дегенше, авторға, ішіндегі сөздеріне, сазына мән бөлген дұрыс деп ойлаймын.
TERISKEI
Зере, сіздікі де дұрыс, әкем айтушы еді, бұрын біздерде көркемдік кеңес деген дүние болған, кез-келген әні бар, киносы бар, спектаклі бар, сол жерде талқыланғаннан соң барып, халық назарына ұсынылатын дейді. Бір кездері қазіргі депутат Нұрлан аға Өнербаев та көркемдік кеңестің құрылғанын, бұдан әрі жақсылап жұмыс жасайтындығын мәлімдеп еді, аяғы сиырқұйымшақтанып кетті ғой деймін…
Abilakim
Көркемдік кеңестен өтпеген ән радиоға, ТД-ға жолдама ала алмайтын біздің кезімізде
asaubota
орындалған біраз әндер жүздікке кіретіндей емес дегім келеді. мысалы Махамбеттің Мен едімін кең таралған ән деп ойламаймын. Досмұқасанда Су тасушы қыздан басқа да күшті әндер бар ғой. танымалдық рейтингі бойынша конкурстағы әндерден де танымал әндер бар, бірақ ол әндер кірмейтін шығар деп ойлаймын. мысалы: Ақсәулем, Не жаздым мен жаным саған.
Abilakim
«О,қу арақ», «Кекілді қыз» дегендерді ұмытпа
Peliko
Құрметті достар! Сіздер өз отандастарыңыздың талғамын мүлде төмен деп ойлайды екенсіздер. Ұйымдастыру барысында осындай қауіп болды, алайда халық дауыс беріп жатқан әндердің тізімі алғаш келгенде тілімізді тістедік. Халқымыз, құдайға шүкір, өз мәдениетін жақсы біледі. Нағыз таңдаулы әндерге дауыс беріп жатыр. Көп тыңдалмай кеткен халық әндерін, ретро әндерді, ұмытылып бара жатқан авторлардың есімдерін жіберді. Халықтың талғамы өте жоғары. Өте қуанышты жайт. Әрине, арасында біраз «халтуралар» болды, алайда ондай «шөп-шаламды» жібермейтін музыкалық редакторлар бар.