«Қазақстанның футбол федерациясы» - ffk.kz

Бұл қауымдастықтың алғашқы сабағын Футбол Федерациясының сайтынан бастайық. Біраз футбол терминдерін үйреніп сауатымызды ашайық. Сонымен алдымен сайттың аяғынан бастайық:

(19.52 Kb, 1012x396)

Жүлдегерлердiң лигасы
Әйел командаларының арасында жүлдегерлерiнiң лигасы

Менің түсінгенімше бұдан кейін Чемпиондар Лигасын «Жүлдегерлер Лигасы» деп атауды ұсынуда Федерация басшылары. Негізі орысшаға аударсақ Лига призеров болады. Бірақ қол қойылып, қазақшасы бекітіліп, министрдің де тексеруінен өткен болар деген оймен бұдан кейін осылай атау керек.

Бiз туралы БАҚ — Бұрын БАҚ біз туралы жазатын еді, енді Федерация туралы бұқаралық ақпарат құралдары ашылған ба деген ой келді.

Ойыншылардың санақ — Басында түсінбедім. Орысшасын қарап түсіндім, Ойыншылар статистикасын енді осылай атау керек екен, Ойыншылардың санақ!

Төрешiлiк және тексерудi департаменті — Департаменттің аты осындай.

Регламенттер және жағдай — "Қалай жағдай федерация?" деген сұраққа жауапты осы жерден аламыз.



Сатыбалды да атап өткен сауалнаманы шынымды айтсам меңгере алмадым. 2 бөьелке арақ немесе 8 сыра керек шығар деп отырмын, ұлтым қазақ, тілім қазақ, бірақ түсіне алар емеспін, ұялып отырмын…

Контент ұрлаумен күресеміз деп жатамыз. Бірақ көпшілігіміз сайттарымыздың астына копирайт жазбаймыз. Міне алыңдар, дайын нұсқасы тұр ғой:

Автордың нұсқауы бар көзiне сiлтеме сайттың материалдарының қолдануында сөзсiз

Команда аттарын орысша айта берген жөн:

(85.46 Kb, 1014x521)

Ал тур, немесе ойын сөздерін жарыс деп айта беруге де болады екен. Мысалы соңғы ойын немесе жақын ойындарды жақын жарыстар, соңғы жарыстар деп айта беруге болады. Бұрын жарыс деп соревнованияны айтатын едік, енді олай емес.

Соревнование демекші, бұл сөзді де қазақ тіліне енгізіпті Федерация басшылары. Ол үшін Көрермендердiң мiнез-құлығының ережелерiн қарасаңыз болады.

(37.92 Kb, 707x681)

Бүгінше осы, әрі қарай жалғастыруға жүйкем сыр бере бастады. Өз тілімді осылай дұрыс білмегеніме ыза болып отырмын. Маған тіл үйреткен әке-шешеме өкпем қарақазандай. 30 жасқа келіп, әлі күнге шейін қазақша жазылған нәрсені түсінбейтіндей мен не жазып едім Құдай-ау :(((
Бөлісу:

23 пікір

Nurgisa
Жай ғана аудармашы прогадан өткізе салған ба деп қалдым. Немесе, аудармашы легионына өкпесі қарақазандай біреу, "өөй, аудару керек дегенде мүләйімси, кейде көкірек керіп кетесіңдер. Екінің бірі жасай алатын жұмыс. Жоғалыңдар, қане!" деп, білек сыбанушының шедеврлері шығар. Қалай болғанда атша кісінеу керек, басқа лаж жоқ…
asaubota
аударған кім екені, қалай аударғаны бәрібір. бастысы бұған қол қойылды, бекітілді ғой. кім қол қойды? міне сол маңызды. сондықтан бұл аудармаларды дұрыс деп қабылдауларыңды өтінемін. қазақ тілін осылай дамытпаса қалай дамиды?
omarbirat
Дұрыс, дұрыс. Қазақ тілі әлі күнге дейін аграрлық деңгейде қолданылып келеді. Қазіргі индустриялану заманында қазақ тілінің басқа салалардағы қолданысын да осындай аудармалар арқылы, қазақ тілінде жоқ сөз орамдарын тікелей сөзбе-сөз аударып дамытуымыз қажет.
patick
Енді көзіміз ашылды. Кеттім, өзімнің қарауымдағы сайттарды ҚФФ стилінде қайтадан "қазақшалаймын".
asaubota
Құрама үшін Андрей Карпович 50 рет матчта өнерін көрсетті

өнерін көрсетпей жүргендер қаншама :)
Nurgisa
:)))))) өлтірдің :))))))
Елестетіп отырмын… Бәрі ана жақта доп теуіп жүрсе, Карпович өзі бір шеттеме құлағында құлаққап, биді «ырылдатып» жатыр… Әсерлі картина, әрине.
TERISKEI
Біз мұнда тілдің жайын ойлап, ырылдасып жатсақ, Хамитжанов көке бүкіл журналистерді жинап,"қазақ тілінің мерейін өсіріп жатқанын" айтып, жар салған көрінеді.http://www.alaman.kz/?p=17611 мәәә, барған журналистер неге айтпады екен осы қателіктерді?!
KingBilly
Бұл көзбояушылық қой.
Осы журналисттерге іс жарау керек емес. Тек ауыз көпірту керек
asaubota
Аламандағылар сайтты қарамай жаза салған ба?
qisyq
Солай болып тұр ғой.
KingBilly
ммм. Не істесе де федерация, іс кезінде бір осырып қоймаса болмайды))
sammita
«Регламенттер және жағдай (положение!)»
«Төрешiлiк және тексерудi департаменті»
"Қосалқыларды ара-арасындаларды турнир"
«Автордың нұсқауы бар көзiне сiлтеме сайттың материалдарының қолдануында сөзсiз»
масқара…
Dinara
абракадабра болыпты ғой мынау, күлесің ба жылайсың ба? Сайттардың атының өзін орысша қысқартылған нұсқамен атағаннан құтылу керек алдымен осы ше, мына сайтты ffk.kz деп емес, Қазақстанның Футбол Қауымдастығы деп өзгертсе — qfq.kz деп өзгертсе болмай ма екен осы. Топастық дегеннен басқа ешнәрсе айта алмайсың…
asaubota
бұрын солай болды: kff.kz
asaubota
Ал енді жаңа сайтқа қысқаша тоқтала кетсек, бұл жоба шамамен үш айдың ішінде жүзеге асырылыпты.

Кеше осы сайтты сынаушылар мен мінеушілердің алғашқылары қылаң бере бастады. Біз футбол федерациясының қазақ тіліндегі жаңа сайтының бас редакторы Айдын Қожахметке хабарласқанымызда, ол:
— Ол қателердің бәрін өзіміз де көріп отырмыз. Бәрін түзетіп-күзеп жатырмыз. Бәрі де техникалық ақаулар. Кейбір тұстарын компьютерлік нұсқа аударып жіберіпті. Бір-екі күнде оның бәрі түзеледі, – деді

Сынамайық, сыйлайық деген мақала жазыпты типа адекватты қазақ журналист :)

сонда деймін ау, 3 ай істеген болса 3 айдың 1 күні де жарайтын еді ғой қателерді тексеріп шығуға.
Malimetter
Өтірікті де шындай қылып айтса екен :)
kuat
«Тілмаш» пен «audaru.soylem.kz»-тің белгілерін шырамытып отырмын.
Malimetter
Тауықтың миындай миы, жыланның тіліндей тілі бомласа, қиын екен.
blackbeard
Автордың нұсқауы бар көзiне сiлтеме сайттың материалдарының қолдануында сөзсiз
Ішегім-ай! Күле беріп пресc шыққалы жатыр:)
KILYZAMAN
Ана тіліміз талай талай асулардан астығой… Біраз нәрселерді сіңіріпте үлгерді, сіміріпте үлгерді енді семіретін кезі келді.
asaubota
біреулер енді байқап жатыр бізде бояннн болған нәрсені www.fanatik.kz/people/user/174/blog/bomba/