Жұмыстағы махаббат


Кеше кеште үйде бір киноны іздеп отырып, «Служебный роман» дискісіне көзім түсті. Тағы да көргім келіп кетті. Оны байқаған кемпірім де: «Шай қояйын ба?» деді. Әдетте, екеуміз осындай отбасыға арналған киноларды ноутбукпен жерге жатып, жерге журнал төсеп, үстіне бір бокал шай мен тәттілер қойып, рахаттанып қарайтынбыз. Қазір де сондай «романтикалық» жатыстың болатынын болжап сұраған түрі.
Әр көрген сайын бірінші рет көргендей сезім береді бұндай кинолар. Шаттана күліп, әртістермен бірге ойнап жүргендей немесе керісінше экран ішіндегі адамдар қасыңда жүргендей реал күй кешесің.
Осындай кештер күндізгі қауырт тірліктен кейін кәдімгідей демалыс сыйлайды. Тынығып, өмірге құштарлығың қайта оянып, онымен қоса кемпіріңе сезімдерің қайтадан ашылып, бір рақат көңіл-күймен ұйықтайсың. Таңертеңгі ит тірлік пен жұмыстағы тігілістер есіңнен шығып кетеді. Күчт.
Бөлісу:

15 пікір

TERISKEI
расында, осы "Қызметтестер хикаясын" көрген сайын рахат бір сезімге бөленем че. Сәбет кезіндегі адамдар (әрине, ол адамдарды өзім көргем жоқ, шал-кемпірдің айтуындағы кейіпкерлердің дәлелі) қандай мейірімді, қандай жағымды. Осы секілді «Жалғызбастыларға жатақхана беріледі»,"Өміріңізге қауіпті", «Бриллиант қол»,«Автомобильден сақтан», т.б. фильмдерін көргің-ақ келе береді қайта-қайта. Кейде деймін-ау, аталған кинолар тәріздес кинолар неге жоқ қазір? Отбасы, қоғам, т.б. күнделікті күйбең тіршілікті әдемі қиюластыра білген кино болса, жата-жастана көруге әзірмін.
sammita
бір әріп қатесі жоқ, сауатты! Еще күчТ аударады екенсің фильм аттарын:))
Abilakim
Жатыстарың жатысқа ұлассын!!! Ал, киноларға келер болсақ қайталап көре бергің келетіні рас.
Nurgisa
Сәбеттікі дегенді бұл киноны,
Көре бергің келеді, көре бергің…
TERISKEI
Тағы бір айта кетерлік жайт, бұрынға қазақ киноларын (дәлірегі, қазақша дыбысталған сәбет кинолары) экран алдында жіпсіз байлайтыны — аудармасы жоғары сапада болуы дер едім.Атагелді Ысмайылов, Фарида Шәріпова, т.б. шеберлердің дауысы тіптен керемет еді. Өзіңіз ойлаңызшы, атақты «Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаны «дыбыстаған» әйел-адам десе, мен сенбес едім! Алайда, бұл — ШЕБЕРЛІК!!! Қазіргі "қазақша сөйлеген" шетел киноларына кәдімгідей "қарным ашады"! (әрине киноға емес, дыбыстаған біздікілерге!)…
Abilakim
Жартылай келісемін.Өткен жолы үйге туыстарымызды шақырдық қонаққа. Әжесін ертіп немересі келді үйге. 16-17дегі бала. Әжесі түрік сериалын көреді де" ойбай мыналардың сөзін қараш, мақалдарын қараш біздікіндей" деп таң қалады. немересі «Енді қазақтар ғой аударатын» деп күйіп -піседі.
TERISKEI
шамасы, «Дениз» ғой деймін айтып жатқаның. Иә, оны аудармасы мақалдатып тамаша аударыпты, дегенмен, 3-4 актердің сөзін бір адам оқыса(дыбыстаса), түсінбей қаласың дачы. Онымен қоса, қазақшасы мен түрікшесі қабаттасып айтылып жататыны да жанға батады.
Nurgisa
Түрік киносы десе жан-тәніңіз сыздайтын сияқты ғой, әлгілер қабаттасып-шұбаттасып жаныңызға батып жатса ;)
kuat
«журналдарды төсеп қойып… жерге аунап… алдарыңда ноутбук… тәтті пәттілер… шай… екеуің ғана...»

лібә менің де желаниемді ашып жібердің ғоо. кешке анаған барып қайтпасам :)
monti
кино каумдастык ашып сонда жазып отсаңыздар екен… ;)
sammita
Кеше осы фильмді көрдім мен де. Қарап отырсаң сол кездің өз қызығы бар, адамдардың қарым-қатынасы, жұмыс тәртібі, киім кию үлгісі, косметикасы барлығы еске түсті… Соңғы 30 минутын бүгін бітірем, ұйқы жеңіп кетті.
patick
сені де киносүйер деп…
sammita
«ноутбукпен жерге жатып, жерге журнал төсеп, үстіне бір бокал шай мен тәттілер қойып, рахаттанып қарамаған» соң ба, ұйқым кеп кетті:))
Nurgisa
Айтпақшы, Новосельцевтердің бұ бастан кешкендерін римейк етіп, қайта жарақтаған екен. Жақын арада шығып қалуы керек еді, қателеспесем…