Үйленгендердің әнгімесі........

Жақын сырласып жүрген досым үйленген еді, енді бұрынғыдай әнгіме айтпайды. Кеше әдейі тиіскен едім әңгіме айт деп) Сөйтсем батырың «сен бірінші үйлен, сосын айтамын» дейді(( Мен білмейтін не әңгіме екен???
Бөлісу:

22 пікір

Abilakim
Екеудің әңгімесі ғой. Шаршап жүрген болар жас үйленсе.Қара жұмыстың уақыты ғой.
Zilola
Бір құрбымнан тағы тұрмыс құрмаған құрбым «семейная жизньнің қалай қалай» деп сұраса, "өзің шыққанда көресің" деген екен. Енді ол да тұрмыс құрып басқа отбасылы қыздарды түсінгендей :)
Makhabbat
Бір анекдот бар гой, екі жігіт бір-біріне «бауырым үйленгенсің ба?» десе, екіншісі «жоқ, түрім озі сондай» депті)
сол сиякты айырмашылық бола ма екен?!:)
ardakkatarbayev
Түрден айырмашылық болмайды. Он жыл отасып, айырылысса (бетін әрмен қылсын) қайта бойдақ боп шыға келеді.
...өмір басталғаннан жалғыз болып, жас келгенде екі адам болып өмір кешу қызықты болғанмен, күшті жақтары да көп. Ойлауда, сүру де екі есе артады, тек қасыңдағы өмірлік досыңды дұрыс таңдау керек.
Makhabbat
түрінде айрмашылық болмайтынын білем гой, анау жай әзіл гой.
alisha
айырылысса демекші...өзім қайтып келген әйелді айтпай танимын, қателескен күнім болмапты.
Makhabbat
қалай білесіз?:)
alisha
білмеймін, әйтеуір ажырасқан әйел екенін сеземін… нақты мынадай критерийлерден деп айта алмаймын, себебі оны өзім де білмеймін… біреулерді «күйеуінен ажырасқан» десе, таң қалмаймын. Себебі, мен оны әп-сәтте солай қабылдап үлгерем. Қызық. Тылсым. Ал, ажырасқан еркектердің алдында бұл «сәуегейлігім» қауқарсыз. Мақтанудың ашық-жарқын формасы)))
ardakkatarbayev
бұл қабілеттілігіңіз шынында да қызық екен. Дей тұрғанмен, ажырасқан, я ажыраспаған дегеннен гөрі жыныстық қатынасқа түскен, я түспегендігін танитын боларсыз.
alisha
жоға, онда тұрмысқа шыққан — шықпағандар туралы болар ед әңгіме)))
alisha
осыған қарап кейде ойлаймын, тұрмыстағы сәтсіздікке көбіне ұқсас типтегі адамдар ұшырайтын шығар деп…
asaubota
үйленгендердің түрі де басқаша болатын сияқты. үйленген адам бойдақтарға қарағанда дұрыс тамақ ішеді, жақсы ұйықтайды. тұрақты жыныстық қатынастың арқасында бет-әлпеті де жақсарады. мінезінде де өзгерістер болады, ойлары салмақтана бастайды, жауапкершілігі арта бастайды.
Makhabbat
әркімге әртурлі сиякты..)
alisha
иә, түр-әлпетіне қарап кімнің бойдақ, кімнің тұсаулы екенін қандай да бір дәрежеде ажыратуға болатын сияқты. Өзімнің байқағаным — жігіттер үйлене салысымен қарындары бұлтиып шыға келеді)))
ErNur
Немесе керісінше болуы мумкін-кейбір жігіттер қусүйек болып қалады.Ондайлар да бар Алишажан :)
asaubota
бүкіл энергияларын әйелдеріне беріп оларды гүл-гүл жайнатып қойып, өзі ұйқы қанбай, арықтап, бітіп, азып жүре ме? :))))
ErNur
Энергия дегеннен бір жағдай есіме түсіп кетті еріксіз :) Екі жыл бұрын бір кластасым үйленіп төрт бес күннен кейін болниске түсіп еді, бүйрегі «отказ» беріп… ))))
alisha
керісінше жағдайда /әйелі азып кетсе/ да осылай дейсіңдер ме екен, әлде)))
Makhabbat
"әркімге ар калай" деп турганым сол гой..:)
edige
Бір жолдасымыз уйленген. Уйленбеген соңгы досымыз одан «Калай былай уйленген? деп сураса маңғазданып отырып:
-Күшті екен
-Несі күшті?
-Танертен турсаң киімің тап таза. Қарның тоқ болады екен!
-Сонда сен не осы жаска келгенше киімің кір-кір болып қарның тоймай жүрген бе еді?- десін. Күлкіден өлдік жаппай. :)