Жиі Сұралатын Сұрақтар жиналуда (FAQ - ЖСС)
Көптен қолым тимей жүрген еді, сайтқа FAQ жасау керек деп. Бүгін бастап көріп жатырмын. Бір қарап шығып, сол жерге қосатын тағы қандай сұрақтар бар екен, соларды осында жазсаңыз екен.
www.kerekinfo.kz/page/faq/
Құтты болсын.
Рейтингті жоғары стрелка басу арқылы жинайды
Ал күш деген не, оны қалай жинайды? деген сұраққа жауап керек.
Сосын ұнаған мақалаға +1 басқанда, ұнаған комментке +1 басқанда осылардың иесі не ұтады?
ТОП бөліміндегі жазылымдар қандай тәртіппен сараланады?
Кім онлайн бөліміндегілердің реті қандай заңдылықпен ауысып отырады?
ескі банерлер (блогкамп сияқтылар) қашан шешіледі?
Жарияланған мақалалар мұқаба бетке қандай принциппен шығарылады, автоматты ма, әлде қолмен реттеледі ме?
Қолданушылар жасырын отыра алады ма? Ол үшін не істеу керек?
Сайдбардың төмен жағындағы қауымдастықтардағы ТОП қандай принциппен сараланады?
Байланыс поштасы «Инфо ит дабай» болып қала береді ме?
Футердегі Ақпарат бөліміне не жазылмақ?
Копирайттағы лайфстрит дегенді алып тастау үшін қанша керек?
Сайтқа модер болу үшін қыздар не беру керек, ал ерлер қанша беру керек?
Сәпсем сары боп кеттік күтуден.
оның иесінің де рейтингі өседі
ТОПқа рейтингі жоғары мақалалар шығады
Онлайн тек 20 қолданушы көрсетіледі. соңғы 10 секунд бойынша есептеліп отырады.
уақыты келгенде ағытылады, мысалы блогкэмп біткесін ол баннер де кетеді.
Жарияланған мақалалар мұқаба бетке қандай принциппен шығарылады, автоматты ма, әлде қолмен реттеледі ме?
алғашқы бетке тек админдер ғана шығара алады. көбінесе анонстық сипаттағы және маңызды жаңалықтар, ақпараттық бөліске салынған материалдар шығады.
жасырын отыру функциясы жоқ.
жоғары рейтингке ие қауымдастықтар топтастырылған.
әзірше иә, солай
әзірше бос тұр ол орын :)
жасаушыға донейт жасап жіберу керек, нақты сомасын қарамаппын.
модераторлық функциясы жоқ, тек админдік бар.
нақты бір артықшылықтарын көріп тұрған жоқпын, www.kerekinfo.kz/talk/add/ тек бәріне бірдей хат жіберу мүмкіндігі болмаса.
Сауалнама уақыты қандай?
Сол опция қажет болып тұрған сияқты, Себебі мақалаларын cut тегі арқылы кеспейтіндер көп, әртүрлі себептермен, біреу ұмытады, біреу білмейді, біреу бас қатырғысы келмейді деген сияқты. Бір жағынан қарасаңыз маңызды емес сияқты, бірақ ұзын шұбар мақала сайттың мұқаба бетінің өңін келтірмейді дегенге тек админ емес барша керекшілердің басым көпшілігі келіседі деп ойлаймын. Сонымен қатар жаңа жарияланымдарды шолу барысында да ыңғайсыздық тудырады.
Рахмет
Мүше болу немесе қауымдастықтан шығу үшін қауымдастық туралы
ақапарттыңастындағы мына суретке бассаңыз жеткілікті:sozde kate bar
тұр екен ғо