Советтік балғын шақтан қалған комплекстер...
Мен сабақты 6 сыныпқа дейін орташа оқыдым. Қазақтар бас ал десе шаш алады. Баяғы Сәбет Өкіметі орыстардың билігінде болса да, қазақтар орыстардан бетер асырып тұрып бағынатын соның ережелеріне.
Орыс мектебінде ең басты назар білімге бөлініп жатқанда, бізде ең басты назар балаларды «авторитарлы Сталиндік режиммен басып» ұстауға бағытталған болатын.
Бәрімізді үшінші сыныпқа дейін тақырбас қып қоятын. Әкем хат жазып, «баламның басындағы биттерге дәрігер ретінде өзім жауап берем» — деп индивидуалдығыма сәл де болса үлес қосты. Бесінші сыныпқа дейін шеренгамен шагайттап, жақсы оқитындарды алдына отырғызып, үшке оқитындарды кемсітіп, қатты алалайтын.
Талай рет, сабақтан қалып, бұрышқа теріс қарап, кітапты жаттамайынша үйіңе қайтпайсың" дейтін.
Ол мектепте білімнен көрі, дисциплинаға асыра мән берілетін.
Жартылай қазақша, жартылай орысша мектепке ауысқанымда сәл де болса еркіндік сезе бастадым. Сабаққа зер салып оқи бастадым. Бірақ бәрібір барлық сабақтан мықты болған емеспін.Арасында қашып кетіп, «банковайттап» көше аралап, үйге сабақ бітті -ау деген уақытта қайтатынмын.
Сүйікті пәндерім, математика мен тілдер болатын. Кейін сүйікті пәндеріме Биология мен Салауатты Өмір Салтына Баулу пәні қосылды (жас мұғалимаға ғашық едім).
Бұл мектепте барлық пәндерді жақсы білмегенмен, мені мұғалімдер "Үздіктер" қатарына қосты. Сүйреді, еркеліктерімді кешірді.
Үйде менің білім алуыма әкем орасан зор еңбек сіңірді. Ол маған түрлі санаға пайдалы ойыншықтар алып беріп, 4 жасымда әріп танып, шахмат ойнауды үйретті. 4-ші сыныптағы әпкем жаттап жүрген «Ленин и печник» өлеңін мәнерлеп оқығанын тыңдап жүріп, жаттап алдым. Әпкем менен бес жас үлкен болды, мен өзімнің оқулықтарымнан бұрын, оның оқулықтарын қызық көретінмін. Менің оқулықтарымда, үшбұрыштар, дөңгелектер, әріптерді салып үйретіп жатқанда, оның оқулықтарында Октябрь революциясы, Ұлы Отан соғысы туралы қырғын қызық ақпаратар мен суреттер болатын.
Мектепте тамыздың аяғында бәрімізге кітап тарататын, кейбір оқушыларға кітап жетіспей қалатын. Менің Алматыда министрліктің кітап шығару бөлімінде көкем болатын. Сол маған әр оқулықтан екі үш данаға дейін салып беріп жіберетін. Бір кітапты бастап, қызық емес деп тастай салған емеспін. Бүге шүгесіне дейін, авторын, кіріспесін, шыққан жылын бәрін оқып шығатынмын.
Мен жетінші сыныпта болғанда, кітапханамда ағамнан қалғаны бар, апамнан қалғаны бар 11-сыныпқа дейінгі бүкіл кітаптар болатын. Әкемнің медициналық кітаптары да маған бала кезден қызық болатын.
Сол кезде түсіне аламын -ау деген оқулықтардың бәрін әдеби шығарма ұқсатып оқып шығатынмын. Түсінбегеніме әпкем мен ағам көмек берді. Анамды тек денсаулығым мазалайтын. Аурушаң болдым, талай жерде аяғыма тік тұрып кетуіме Анам дәрігер көмектесті.
Осы адамдардың арқасында жоғарғы сыныпта мектебімде «Жыл оқушысы» атандым.
Уобшым асқан талант болған жоқ менде, тек орысша айтқанда "қызығушылық" ғана болды, және шыдамды болдым. Және жүрген жерінен маған қызық кітап алып келуді парыз көрген әкем, ағам, әпкем болды.
Менің болмашы жетістігіме әкем қатты қуанып, басына көтеріп өсірді. Бірдеңе бастасам, ең алдымен өзіңе ұнай ма? -дейтін. Ешқашан, сен бүйт, мынаны оқы, мына оқуға түспе, деген емес.
Әкем қойшының баласы болса да, өзі жетпіс жеті өнерлі кісі еді. Домбыра, да гитара да ойнайды. Бокстан да разряды бар, елуді еңселеп жүрсе де, жұдырығы ауыр болатын. Тарих пен щежіреден де мықты кісі, кез келген тәуекелден қорықпайтын болатын. Өзі атеист бола тұра, діни кітаптардың біразын тауысқан, имамға барып әңгіме дүкен құрып, пікірталасып та алатын. Және ең бастысы хирург ретінде жергілікті ел сыйлайтын.
Әкемнің жаны жаннатта болсын. Ал қалған туғандарыма Құдай ұзақ бақытты өмір берсін. Мен бұл әлемде қорқатын нәрселерімнің бірі әкемдей нағыз ер бола алмай қаламын ба деп үрейленемін.
Бәрімізде орташаның ояқ-бұяғында оқыдық, мұғалымдердің сүйрелеп «беске» шығарғаны болмаса. Сөйтіп жүріп «Сен керімсің,» — дегенге үйреніп кеттіп, біраз бетке ұстар оқушы болық. Оқушылар арасында өтетін пән аралық олимпиададан облысты жеңіп, республикаға келіп, түк білмейтінімді біліп қайтқаным бар.
Менің де шешем дәрігер.
жақсы жазыпсың, осындай бізде де болатын, мұгалімдердің алалаганы ушін ұялатын едік, класс болып фотоға тускенде де жаксы окитындар мұгалімнің касында алдыңгы қатарда, орташа окитындар арткы жакта туратын…
соның не керегі бар еді деп ойлайтынмын…
Gasta дарігерлерді не ушін жактайтыныңды енді тусіндім:)
әкеңіз дарігер екен гой
Артқы партаға отырад демекші, бірде мені де сол артқа отырғызды. Бізде сәл басқашалау еді. Алда үлгере алмайтындар отырады. Соған ренжіп, сабақ оқымай кеттім. Бір аптадан соң, сәпсем түсіп кетер деп, орныма қайта келдім. 11 классқа дейінгі орным ортадағы рядтың екінші партасы, 2 вариант
Басқа-басқа, мектепте ынталандыра білген ұстаздар ұтатын сияқты. Класымызда бес озатты рейтінгілік есеппен жарыстырып отырушы еді. Үзеңгілестерімізден оқ бойы озғымыз кеп, үнемі ізденіп, алда өтер тақырыптарды күнібұрын талдаушы едік.
химияны жақсы оқыдым, Звездный час болды химиядан. содан финалға бір қыз екеуіміз шықтық. ҚОРҒАСЫН деген сөзден сөздер құрау керек болды. ереже бойынша бір әріпті екі рет қайталауға болмайтыны белгілі. бірақ жеңіліп жатқан ана қыз ереені бұзды. ҚАРҒА деді, 2 А қолданды. Апай оны санады. әрі қарай нуинах дедім, жеңілдім. желание кетіп қалды просто.
Тарих пен географиядан олимпиадада городскойдан үнемі 1-ді аламын да областнойдан қалып қоямын, городскойда 3 алғандар озып кетеді. сосын апай айтты сен жеңуің керек ед, бірақ ана гимназияның баласын жіберу керек болды республиканскийға дейді. біз математикадан алып жатырмыз ғой дейді. бұдан кейін қалай жарысасың? :)
Өмірге өкпе жоқ қой. Қазіргі өлшеммен қарап отырсаң, бастысы басыңда қалғаны, ойыңда тоқылғаны екен ғой. Ал тәтті жеңістер еске алып отырмаққа жақсы, әрине.
+100! Мен де.
Қаладағы мектепке келгенде таң қалғанмын, мұнда мұғалімдер оқушыларға тек ұрсады, бірақ қол көтермейді екен деп. Лицейде бірен-саран оқушының тілінен тауып таяқ жеген бір-екі оқиғаға куә болғанымыз болмаса, аса теперіш көрген де жоқпыз. Соны көрген бір кластасым әрі курстасым топтас қыздарға кәдімгідей әңгіме қылып айтушы еді. «Сен біздің ауылдағы мектепке оқымаған екенсің» дейтінмін оған ішімнен :)
Былай өзім тыныш жүретінмін, ешкіммен онша көп сөйлеспеймін де, әсіресе қыздарға сөйлеуге келгенде, тіпті тілім байланып қалатын. Бірақ істеген істерім шектен шыққан сияқты көріне ме, әйтеуір не мұғалімнен бір жапалақ аламын, не мұғалімдер бөлмесінен шығамын да жүремін. Әйтпесе, менің істегенімді кім істемеді дейсің мектепте.
4-сыныпты бітіргенде «Бастауышпен қоштасу» деген шара болады. Сонда жүргізуші етті. Кейін жүргізуші болғаныма өкіндім. Бұл лауазым мектеп бітіргенше мойнымнан түспеді. Әр шара сайын бәрі маған қарап: «Шараны сен жүргізесің» дейтін. Болды, шешілді. Менің қарсылығым ешкімді мазаламайды.
Орыс тілі-әдебиеті, Қазақстан тарихы, Алғашқы әскери дайындық, Қазақ тілі-әдебиеті мұғалімдеріне рахмет айтқым келеді. Осы өмірімде қанша оқытушы-ғалым-мұғалім көрдім, бірақ адам түгіл, Құдай ұмытқан сол бір ауылдың мұғалімдерінің біліктілігімен сайыса алатындай білімді көрмеппін.
Сабақты оқуына оқыдық. Бәрі 5 еді, тек сызудан тоқсандықтарым 4 болмаса((. Ол бестерді мен қалай алдым екен? Не білім бар менде деп қоямын. Оқу жүйесі казір ойласам нашар екен ғой. Бір апайымыз айтушы еді: «Біреуің 5-ке лайық емессіңдер, бірақ мына қалған топастармен салыстырғанда 5-ке лайықсыңдар „-деп. ))) Сол кезде болғанымда “өздеріңді дұрыстап алыңдар» деп айтар едім.))))
Кейін шапалақ та жедік, төбелестік те, учсектор да болдық, бетімізді да шымшитын. Біз 10 оқып жүргенде қатты скандал болды, директор мен бір муғалім кішкентай оқушының қабырғасын сындырып, құлағын естімейтін қылып тастаған сабап-сабап. Содан іс қозғалып. Әлгілерді тырқыратты біраз. Содна кейін мектепте сабамақ түгіл, дауыс көтеруге қорқатын болды. Мен сол педагогтардың зорлығының заманы өткенінің куәсі болдым.
«Педагогтар зорлығының заманы» -дегеннің өзі қалай естіледі десейш;)))
Баяғы хайуанға намаз үйреткен таяқ деп балаларға әліпби-ти деп білімді қамшымен сусындатқан молдаларды айтсайш:)
бала өскен сайын алаңдайды екенсің, ешқандай мемлекеттік бюджетке қарасты мекемеге бергім келмейді баламды. балабақшаға да мектепке де.
Қазақ мектептерінде көбіне бір жақсы оқыған балаға 5 қоя береді,інілерімнен байқадым. Ал білімі жоқ
Астанада болса ақылы мектептер өте көп. 1-2 сыныптан бастап шет тілдеріне баса назар аударуды жөн санамаймын. Алдымен қазақ тілін мықтап үйреніп алғаны дұрыс баланың. Негізгі пәндерді де. Өзін-өзі тану, валеология, информатика сияқты пәндерді 2 сыныптан үйрету де артық.
Бірнеше шет тілін шала білетіндер, бірақ тым құрыса біреуін мықты білмейтіндер болады(
Талапты бала болса кез келген ортада жарып шығады.