Дәрігерге қараған күнің құрысын немесе мен бүгін не тындырдым?
Балабақшадағы медбике ұлыма жалпы қан сараптамасын жасату үшін жолдама жазып берген-ді. Өткен жұмада әкесімен бірге осы шаруаны тындырды. Біздің ықшамауданнан жақында ғана жап-жаңа типтік жобадағы емхана пайдалануға берілген еді. Бұрынғы емхана кісі санына шақталмаған, ол жерге ауруын емдетпекке барған науқас, керісінше сырқатына сырқат жамап қайтады. Ал қазіргісі кең, жайлы. Айыбы — зертхана жоқ. Сода жолдамалары қолында, сол баяғы емханаға тартып барыпты ұлым мен әкесі. Еншісін алып кеткен оларды о жерде ешкім құшақ жая қарсы алмағанымен, кішкене баламен сүйретіліп барып тұрған соң, төсінен итермепті. Ертесіне 3-тен кейін сараптама қорытындысы дайын болатынын, келіп алып кетулері керектігін айтқан екен. Бүгін сол есеппен үйдегі сіңлім барды сүйретіле… Жаңа бір әзірде қоңырау соқты, сараптама қорытындысы қолға берілмейді-мыс /башпайларын да ұсынып көріпті;)/. Әлгі жаңа емхананың медбибілері өздері әкетеді-мыс. Сонда бұл туралы о баста ескертетін болса, қайда қалыпты? Сіңлім де босқа ұрыс естіді, өмірі ештеңе тындырмайсың деп жатырмын жалма-жан. Қазір зертхана меңгерушісіне соғып, біраз шаңын қағып алдым. Біздің дәрігерлердің немқұрайлылығына қаным қайнайды. Бүгінгінің дәрігеріне қарап жол бойында ала таяғын айналдырып тұрған жол полицейі көз алдыма келеді. Күніміз түспесін сендерге!
Есеп бергенде ештеңе тындырмағанда жазбай-ақ қойсаңдар да болады деп едім:))
1) Жемқор дәрігерді қатаң жазаласа
2) Жақсы дәрігерді тиісінше сыйлап, керекті материалды марапатын берсе.
3) Ақылы медицина жақсылап дамытса.
Результат:
4) Жаман дәрігерлер тамағын асырай алмай басқа жұмысқа ауысар еді.
5) Кадр жетіспеушілігінен, үкімет білгір дәрігерлердің жағдайын өсіре бастар еді.
6) Адам өз денсаулығына, туыстарына, балаларына деген жауапкершілікті дәрігерге ысыра салмай олармен теңдей бөлісіп, аурудың алдын алу шараларына немқұрайлы қарамас еді.
Негізі талдау қорытындысын зертханадан пациенттің өзі алмайды, осы уақытқа дейін ондай болмапты бізде. Учаскелік дәрігердік медбикесі өзі әкеп дәргерге тапсырады. Біз тек барып тапсырып кетеміз қанды.
(ПыСы: қан сараптамасы емес, қан талдауы, сараптама қорытындысы емес, талдау қорытындысы, (сараптама-экспертиза, талдау-анализ))
Бірнеше дәрі жазып кетіпті. Содан не керек баламнан аяғанды ит жесін деп сатып әкелдім.
дәрінің ішіндегі төрт бүктелгенді оқып көрсек, масқара. Әлгі дәрі «С 3-х лет» екен. Содан қатты неткен жоқпыз да, иммунитетті көтеретін дәрі болғасын, бала емізіп жүрсің, өзің іше сал дедік біздікіне. Содан әрі қарай оқып кеп қалсақ «Беременным и женщинам в период лактации не рекомендуется» деген жері тағы бар екен. Содан с утра с қатқақом айдап пәлекнікке бардым, сраз заведующиіне. Айтып түсіндірдім, оқыттым. Әлгі Врач шақырылды, көзімше ұрысқан болды. Содан не керек дәрігер қатесін мойындаған болу керек, жаңағы дәріні менен сатып алды.
Бәрі аспирин болса ғой балаға жартысы деп бере салатын.