Бізде хит болған түрік әндері

Ең алғаш естілген түрік әні менің ойымша «Бенимле ойнама» болған сияқты:



Сол жылдары «Шинанай» әні де мода болды:



Сосын Мустафа Сандалдың «Арабасы» мен Тарканның әндері келді.





Кейін біраз жыл түрік әндеріне үзіліс болып қалғандай болды да, ұялы телефондар шыға бастаған кезде «Тутамаз» бен «Белалымдар» келді:





Сосын «Азар азар» хит болды.



Телефондарда да «Сана алео дийорум» әні жүрді



Кейін Мустафа Сандалдың «Исянкар» әні жақсы хит болды:



Ал соңғы жылдарда түріктердің қай әндері хит болып жүргенін білмеймін, сіздер айта отырыңыздар, осында қосып отырайық.
Бөлісу:

76 пікір

Nurgisa
«Бенимле ойнама» лицейдегі алғаш жылдарымызда шығып еді. Соны қазақтың бір әншісі бұрмалап айтатын сөздерін. Ешкім түсінбейді дегеннен шығар. Ол кезде түрік кәлимасына тіл сындырып қалған біздің қанымыз қайнайтын :) бульк-бульк етіп :)))
aktobe88
biz buny ,,enenmen oinama,,dep aytatynbyz)))))
Nurgisa
Керекшілердің «енесс» деген эпитеті болушы еді :)
Сен қай қаладағы қыздар лицейінде оқыдың? Ақтөбеде жоқ сияқты еді, білуімше.
TERISKEY
ол ҚТЛ-де оқыған жоқ.:)
19852407
ол КТЛ-да оқыдым деп айтқан жоқ :)
aktobe88
расымен оқымадым ҚТЛда.
asaubota
осындағы әндердің біразы ұнайды маған, әсіресе соңғысы Исянкар жақсы ән.
sammita
көп әндерді тілімізге ыңғайлап өтірік ұра беруші ек, Тутамас, Исәнкар деп;)) Тарканның Pare-pare-сі ұнап жүр.
omarbirat
Тілді білмегендер осы өлеңдерді неше түрлі қылып құбылтып айта беруші еді. «Жаным сені зорламаларды» талай естідік қой :)
Сол кездері «Бенимле ойнаманы» телебизірден біздің онша таныла қоймаған бір әншіміздің орындауында көріп едім. «Ялнизликлярдан йорулдум, усандим, сенсиз кечәләрдан сикилдим буналдим» деп періп жатыр жаңағы әншіміз. Не мәтінін жазып берген адам оңбайды, не мәтіннің қалай оқылатынын құнттамаған сол әнші оңбайды — екеуінің біреуі :))))
Сол кезде жаңағы әншіні — алғашқы әрі соңғы рет көруім.
sammita
қарап отырсам, мына жердегілердің біразы түрікшені біледі екен.
Nurgisa
«Бенимле ойнамалармен» қатар «Айн, цвайн, полицайн, дғайын фифт, тғөйнөқифт, сидинәрк, гудинәрк» деп ырылдата беруші едік :) Одан соң, «бом дигидигидиги бом диги бом!» шықты шарқ ұра.
asaubota
түрікше қате айтады дейміз, тілін білмегесін солай айтады да. біз де соға беерміз ғой шетелдің әндерін :)
Zere
Қазір Pare Pare танымал шығар. Соңғы ұнаған сол әйтеуір. Сосын осыдан 2-3 жыл бұрын «Маусым түні» сериалындағы саундтректер жақсы таралды. «Senden uzakta hep bir seyler eksik» деп барлық сөздерін жаттап алған едім. Кейін интернеттен байқасам, көп қыздар осы әнді сүйіп тыңдаған екен.
asaubota
ала ғой Зере, арнайы сен үшін:

Zere
Рахмет! ) Жас кезім есіме түсіп, қорс-қорс жылап алдым ))))
omarbirat
Мынау — сериалдағы нұсқасы. Гөкхан Кырдардың орындауында:
Zere
Ой, рахмет, Омарбрат. Негізі осы Гөкханның орындауында алынған саундтрек.
omarbirat
Түкеңдердің көп әндерінен байқаймын: әндерінің барлығы дерлік екі-үш рет қайталанатын бір шумақ пен қайырмадан ғана тұрады.
Zere
Ия, мен де соны байқадым.
asaubota
иә, көбісі сөйтеді. 2 куплетпен ән шығара салады. рок әншілер Теоман мен Шебнем Ферахтың сөздерін тыңдап көр! философия! вот действительно сөз жазады. Шебнем бір интервьюінде айтқан «мен нананай деп айтатын, әуенді сөзбен толтыра алмайтындар емеспін» деп.
AKY
Анау оның машинасы бааар деген ән ваще:)))
Nurgisa
Қазір елде белең алған тинейджерлік суицидтерді ойласаң, «Bu aksam olurum»ді баяғы энтузиазммен қабылдай қоймайды екенсің. Өкінішті.
alisha
Маған «Серттегі» «Soileyemedim» қатты ұнайды!
asaubota


мына ән ба? :)
alisha
«содержимое плагина» деген жабысқыр жазудан өзге ештеңе көре алмай отырмын..үйге барып қараймын;)))
Abilakim
Түрік сериалдарының ішінде көргенім осы кино шығар. Себебі, бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрдық. Қаласаң да қаламасаң да көресің, не естіп жатасың, Бара -бара кәдімгідей көретін боп кеттім.Оқиғалар шиеленіскен кезде. Жихан деген қудың әрекеттері киноға жақсы әр беруші еді. "Құдай жазаңды берсін Мендерес" деген кезінде ырза боп кетуші ем. Беталды жылауық әрекеттерден көрі осындай әрекеттерге барған дұрыс тым құрыса кинода
aktobe88
magan da unaidy. sözi de, ani de kelisti an osy gana shygar jane.
aktobe88
кино әндерінің ішіндегілерден
bazuka
маған түрік әншісі Бенгудің әндері ұнайды
asaubota
қыз күшті екен! :)
Erkekyz
2004-те ме, 2003-те ме Тарканның Dudu әні хат болып еді ғой.
Nurgisa
Таңертең ерте ояту үшін дәліздің бас жағында тәрбиешілеріміз «Kalk ey yigit uykudan, kalk ki bagrimda nalan. Sensiz gecen gunlerde, dolastim ben dunlerde» дегенді бақыртып қоятын. Түнгі он екі-бірге дейін ұйықтамаған біз көзді тырнап зорға ашатынбыз. Сол лицейде түрік мәдениетімен етене таныс боп едік. Әндері бар оның ішінде. Жалпақ жұртқа түркиятану бірінші кезекте сериалдар дәнекерлігімен келгені рас, енді…
omarbirat
Мына музыка да біраз уақыт емпүштерден түспей жүрді:
asaubota
түріктердің осындай әуендері ұнайды. мынау просто Юртсевендердің орындауындағы шығар, ал былай халық музыкасы ғой.
omarbirat
Қыздарының халай билегендері жақсы екен бидің аты халай екенін былтыр ғана білдім :)
asaubota
халайды олар билемейді, шегеді :) halay çekmek
omarbirat
Бізге енді билеген сияқты көрінеді ғой :))
Nurgisa
ал пістені (шемішкені) шайнай ма? cekirdek cignemek
aktobe88
Halyk muzykasy degende, bulardyn ar oblysynyn oz muzykasy bar ma, kalai ozi? men mynany Karadeniz kültürü gecesine barganda estigem. Baska keshterde koiylmadı. Karadenizge ayt demek ki.
Nurgisa
Ол кездегі әуендер шын хит еді. Қазір ше… Қит етсе, хит бола кетеді…
aktobe88
Осы, бір жылдары бізде «Жәмилә, Жәмилә» деген ән шығып еді ғо, әуені анау «оның арабасы вардан» аумайды
KingBilly
Енді түрік сағыздары жайлы жазып жібер))
Tipitip, Patbom комикстары қызып болд Бірақ жазғандарын түсінбедім))
asaubota
иә, түріктер бізді алдымен сағыздарымен «жаулады» :) ал қазір қайда барсаң да түріктерден бір бөлік бар. тіпті біздің фанаттар трибунасынан да «түрікшені» табасың. мысалы Ақтөбеде «Яррамы йе Тобол» хит :)
yerbol89
Үстіңгі әндерді қайдам маған түрік тілінде бір ән ұнайтын! Ол Rafet El Roman — Bugün Anladim Сөз жоқ Мустафа Сандалдың «Исянкар» әні тамаша!

asaubota
эхххх… Рафеттің әндерін студент күндерде жатқа білетін едік. Ішіп алып, айтып отыратын едік айналадағылардың зайыптарын алып :)))
TERISKEI
Әлгі Әлішер Кәрімовтің «Келемін саған» деген әнін үйдегілер өліп тыңдап жүрген еді, сосын Hülben Ergen «BAY DOĞRU»-сын апарым беріп ем, Әлішерден желаниелері кетіп қалды. Біздің қуғынбай ұлдар Исмайл YK-ның «www.bomba-bomba.com» мен «bas gaza,aşkım» деген әндерін рахаттаааанып тыңдап жүретін еді. Ал, мен бір кездері «uçacaksın, havalara uçacaksın»-мен «ауырған ем»…
Zere
Осы Kirac дегендері танымал композитор, әнші ғой деймін. Әйтеуір әрбір сериалда соның есімі жүреді. Әрі әндері де күшті болып шығады.
asaubota
аха Кырач тек рок әнші емес, жақсы композитор да. Гөкхан Кырдар да бірнеше сериалға музыка жазған. ең танымалдары: Көкжалдар мекені
asaubota
Bu kadar mı-ны қосуға болар ма еді бұл тізімге?
asaubota
Тарканның мына әнін де қосуға болар еді

Aizhantabyn
оооо, мына ән енді пряяяям супер!!! ностальгияға батырдыңыз, аға)))
ken
Азар Азар дегенді осы(ндай) айтатын ба еді?
omarbirat
Көріп тұрғаныңдай… :)))
Aigolek
asaubota
мықты слоу екен :)
Aigolek
видео кайтып коям айтч?
asaubota
Youtube-тағы сілтемені мына тэгтың ортасына қой, міне былай:

<video>http://www.youtube.com/watch?v=_M1hvHgM8Vk</video>


video тэгтарын қойған кезде байқа, соңындағы video-ның алдында / бар
Dinara
қоя алмай жүрген едім, үйреніп алдым ;) рахмет!
asaubota
бір жылдары Ақтөбеде мына әнді хит қылып қойғам

Aizhantabyn
Белалым дегенді ужас көп тыңдайтынбыз бірінші курс кезінде. Әркімнің телефонында клипы болатын) Болмаса, все вне моды болып саналатын)))
meirzhan
«Сана алео дийорум»-ның «Аллоо, Аллооо» дейтін 10 секунді қолтелефонда жүретін.
omarbirat
90-жылдардың басында мына әннің жегрілікті топтардың бірі «Ямахамен» айтатын нұсқасы ауылда хит болып еді.

Ибрахим Татлысес айтатын оригиналы — мына жерде. Бір фильмнің саундтрегі сияқты.
omarbirat
Мұндай ешкім кезінде магнитофоннан естіп алып, «Мави, мави» мап-мави" деп өлең айтпаған сияқты ғой :)
asaubota
бірінші рет естіп отырмын. лицейлеріңде хит болған шығар?
omarbirat
Жоқ, бұл ән шыққанда лицейдің не екенін де білмеген болатынмын. Шамамен 1992 жылы болды бұл ән. Ауылда жынды хит болған, бірақ синтезатормен сүйемелденген нұсқасы.
AKY
Мынаны тыңдап жүрмін
Dinara
Теоманның осы бір әнін тыңдаудан еш жалықпаймын
asaubota
Теоманның ән сөздері мықты, философия ғой! музыкасы да жақсы, бірақ Думан сияқты өлтіретін музыка емес әрине :)