21 келіп шал атандым!
Кеше түні бойы ұйқы бермеген 3 тісті, стоматолог наққа жіберді. Түні бойы көз ілмедім, бала кезім болуы керек 4-5 сынып оқитын кезім. Бір тісім ауырып, дәрігерге әкем ертіп апарған. Ол дәрігер ауызға бірденкені сеуіп, укол салмаған еді. Содан не керек тісімді шыңғыртып жұлған. Бала негізі өмірінде сондай бір жайттарды естен шықпастай жаттап алады екен. Сол кезде ендігәрі дәрігерге бармаспын деп өзіме серт бергенмін. Сомен не керек ол тістің орнына тіс шыққан. 1 айдан кейін қайтадан үйде кәмпит қоймайтын едік қой. Кеше түнімен ұйықтай алмай қойғансаң, Қарасақалдың Отырар университетінде өткішген лекциясына қатысып, Облыстық Стамотологияға бардым. Кассаға барып 3700 теңге төлеп кел, үш тісіңді жұламыз деп қояды. Сомен төле дегенін төлеп келдім. Жарықтық уколды салды, аузымды сезер емеспін. Қатарынан 3 тісті лезде жұлып тастады. Түк те сезген жоқпын, баяғы дәрігердегідей ойбайлайтын болдым ғой деп отқанмын. Болды боссың деді. Ертеннен бастап тұзды сумен аузынды шаясын деген кеңес берді. Үйге келген соң бас айналып, организмнің әлсірегенін сезіндім. Қой жата берегн болмайды деп, телмірейіп компьютердің алдына келіп отырып алыдым. Баяғыдай тіс ауырмаса да, еттері ауырып қалған болуы керек. Жай сыздап ауырып қояды. Басым ауырып тұрған еді, оның себебі шай екен. 3-4 пиала шайдан кейін бойыма қан жүгірді. хе-хе-хе Ең бастысы енді қиналмайтын шығармын, 1-2 күн шыдауға болады!
Шымкентте бір жақсысы екі аттасаң көпқабатты үйлердің бірінші қатарында қаз-қатар дәріхана, тісхана, дүкен, шаштаразылар бой түзейді. Астанадан сондайды байқамаймын. Бірен-саран ғана.
Анау тұзбен шаю дегенді ұмытпа, жатар алдын міндетті түрде сөйт. Содамен шайса да болады, білуімше.
ӨТ > ЖТ
ЖЕТ ≠ ЖТ
ЖЕТ ~ ӨТ
мұндағы:
ӨТ — өзіңнің тістерің
ЖТ — жасанды тістер («искусственный» тістер)
ЖЕТ — жасанды емес тістер (не «искусственный» тістер)
Сұрағым осы аксиома аясынан өрбіп еді.
қазір рахат қой, ақшаң болса барі бар…
Сол дәрігерлердің дұрыс шешім қабылдағанын енді түсініп жатырмыз :)