Ауылдағы жаттығу залы

Былайынша ауылдық жаттығу залдарының күнделікті күйбеңін орысша бір шығармамда бұрын мына жерде көрсеткен едім.
Соңғы күндері аптасына тым болмаса екі рет баруды өзіме міндеттегем. Сол-ақ екен, жаттығу залындағы әрбір күн қызыққа тола бастады.

Қаланың жаттығу залдарына барсаң рахат. Тып-тыныш. Әркім зал ережелерінен хабардар сияқты. Білмесе қысылмай келіп сұрайды. Сен де білгеніңнен бір-екі аузы айтасың, егер сұрағы көбейсе, инструкторға сілтеп жібересің. Жүйелі түрде қатысып жүргендердің көбі орекеңдер.

Страховка жасап жіберші! -десең жүгіріп кеп жөнімен сақтандырып, жаттығудың соңғы мәртелерінде штанганың астында езіліп қалмауға көмектесіп жібереді. Бұл зал этикетінде.

Енді осы өз ауылымнан сонау жарты сағат машинамен баратын жерде біздің жалғыз да жайсаң жаттығу залымыз бар. Оған да шүкір.

Сонымен мен кезекті жаттығуыма бармақ болдым. Альмира ханым біздің бұл әдетімізді жатқа біледі, менің сүлгі, шампунь, қолғап, ауыстыратын дамбал-майкі-кедыйымды сөмкеге салып дайындап қойған.
Содан залға кіріп, бүгінге жоспарлаған жаттығуларымды жасай бастадым.

Бес-он минут «отыр-тұр-секір-құтыр» стилінде он екі мүшемді ербеңдетіп қыздырынып алдым. Құлаққабымды киіп алып, Тассайдан бір сіміріп, Рамштайндатып сүйікті «приседаниеме» басқанымда, кейбіреулердің залға мүлде басқа мақсатпен келетінін ұмытып та кетіппін.

Өліп талып 3-ші подходта талтайып жатқанымда, бір кәріс келіп, маған бірдеңе деп жатыр. Құлаққапты алып, «Не болды?» десем. «Давай бірге стейік» деді.
Жарайды -деп, құлаққабымды шешіп, орын бердім. Ол жаттығуын жасап болды да, маған әңгіме айта бастады.
«Как у тебя мозги не кипят от такой музыки?» -деген әңгімеден бастап, ақыры зал этикетінен де мүлде хабары жоқтығын білдіретін бір мегапразы айтты.
— А вообще самый лучший спорт это бокс. Реально, раз на раз выйдешь, гоп, и уронил соперника.
Мен үндемедім. Әлгі жігіт төбелес туралы білетін барлық білімін жайып салды. Атап айтқанда, Брюс Лидің сары прессаға жарияланған өмір деректерін, Ван Дамның балерина екенін, Шварцнегердің төбелесе алмайтынын айтты. Өзінің залға не үшін келгені маған құпия болды.
Мен жігіттің өз біліміне сәйкес келмейтін сенімділігіне таңырқап тұрсам да, мазалағанына кешіріммен қарап, құлаққапты қайта киіп, ақырын дауысын көбейтіп, жоспарыма сәйкес, «пресске» жаттығу жасай бастадым.

— Уфф — деп, құлаққапты шеше қалған тұста, әлгі кәрістің әңгімесі кульминациялық сәтке жетіпті.
«Вот сам посуди, качаешся, раздуваешся, вышел на дискач, а там тебя какой то боксер дохлый сломал, обидно же. Не-е-е-е, я так для себя немножко подкачаться хочу, не хочу быть перекаченным злодеем»
— деп түйді жарты сағаттық монологын әр босаған адамға баяндап тұрған кәріс «качок» маған сілтегендей болып, «Нет ведь серьезно, чо мучить жопу?» -деді.

Түріктер сияқты, «Е, Алла маған сабыр бере көр!!» — дедім де.
Братик, есть поговорка у англичан, No pain, no gain не знаю как по руссишу но по казахски будет «көт қиналмай ет жиналмайд» дедім. Залда біреудің мырс еткен күлкісі естілді.
Сөзден жығылғысы келмеген әлгі кәріс, намыстанып кетсе керек, «ты настоящий казах?» деді бір кезде.
— «Да» дедім де бір пәлені сезгендей болдым. «Тогда скажи как будет по казахски капюшон? -дейді.
Ойымда, оебу мынауың картопты жарды ғой, менің „Керекинфошылар бекіткен“ терминологияға белсенді қатысып жүргенімді білмейді ғой бұл байғұс деген бір тәкаппарлық сезім дыз ете қалды.
Ол сезімді, артқы жақта „Ей, аудармашы емессің бе, жауап берсейш бірдеңе деп!“ -деген бір ағайымның үні арттырып жіберді.
— »А так и будет «капюшон» — дедім.
Бір-екі қазақты осылай сөзден тосылдырған әлгі кәрістің жүзіне жымысқы күлкі жүгіріп, «Так это же-по русски» дейді. О, байғұс-ау, деп ішімен ойладым да.
— Нет, это по французки капюшон. Русские же называли его некогда «Башлык», а слово башлык имеет тюрксике корни. Исконно русского эквивалента этому слову нет. -дедім. Жігіт ұяла аузын қисайтты.

Кішігірім жеңіс мені қанағаттандырмады. Біржолата тоздырып жіберейін дедім де, — Кстати, насчет боксеров, ты сам-то по какому виду мастер спорта? — деп қорғаныстан шабуылға көштім.
— Да, нее, я не мастер. Так для себя чиста кости размять — дейді жігіт.
— Тогда о чем базаришь? Ты хоть боксом, хоть балетом упорно займись у тебя по любому форма лучше чем у среднестатистического баклана будет. Так что я то хоть чем-то занимаюсь, а ты тут людям полчаса ниочем базаришь. — дедім. А сейчас, извянки, мне нужно подход закончить. — дедім.

Сөйтіп, качалкадағының бәрін өзі сияқты топас көретін кәрісті "қатырдым", деген ерекше мақтаныш сезіммен жаттығуымды бітіріп, душқа түсіп, үйге қайттым.
Үйге келген соң, Альмираға әлгі жігітті қалай қатырғанымды айтып тағы мақтандым:)))
Осы жерде де өзімді ұстай алмай, сендерге де мақтанып отырғанымды байқамай қалыппын. Сол үшін де кешірім сұраймын. Зер салып оқығандарыңа рахмет.
Бөлісу:

7 пікір

patick
нокаутқа түсіріпсің ғо біржола :)
patick
кәрістер сөйтіп лепірме келеді, бір нәрсе білетін адамдарша ұстайтындарын жиі байқап жүрмін.
asaubota
келесіде оны ұрып жібер. сосын қалай ұрғаныңды жаз. содан кейін жалғасын да жаз, оның қалай достарын ертіп келгенін, әрі қарай не болғанын :)
Gastarbaiter
Қорыққан бірінші жұдырықтайды деген мақал бар.
alisha
cосын мұның желісін САТАЙ ФИЛЬМГЕ сатып жіберейік;)))
KILYZAMAN
Капюшонына қақалтқан екенсің… Өзің сияқты, іс бітіріп мақтанса ғой жастарымыз, басқаша лепірмей
Пікір түзетілген: 11 тамыз 2011, 10:55