Електр маманы болдым

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Електр маманы болдым
Сенбі. Жұмыс жоқ, бірақ 9-да автомектепке бару керек. Әне тұрамын, міне тұрамын деп өзімді күштеп, әрең дегенде 8-40та ояндым. Сағат 11-де сабақты аяқтап, үйге келсем, әйелім әлі ұйықтап жатыр екен. Оятпақшы болып қасына жантайдым. Содан оның ұйқысын әбден ашқан соң, тұрып іш киімімді кидім.

Әйелім тамақ әзірлеп жүріп, плитаның ашасы розеткадан алынбайтындығын жеткізді. Мен шнурды тартып көріп едім, шынымен де розетканың іші балқып, ашаны жабыстырып тастапты. Тамақ ішіп болған соң, розетканы ашып қойдым да, өзім базарға жаңа розетка сатып алуға бардым. Өзінің тауарын мақтай жөнелетін сатушылардан әрең құтылып, өзіме қажетті розетканы алып үйге қайттым.

Үйге келіп, құралдарымды іздей бастадым. Өзімнің ұсақ-түйек жарақтарымды салатын қорабымды шығарып едім, ішінен қапелімде ештеңе табыла қоймайтынын білдім. Қажетті, қажетті емес қоқыстардың бәрін қорапқа жинай беріппін. Әйелім екеуміз «мынау керек, ал мынау керек емес» деп заттарды сұрыптай бастадық. Нәтижесінде бір пакетке жақын қажет емес шнурлар, розетка бөлшектері, сынған бұйымдар, атам заманғы көне телефондардың зарядкілері шықты.

Жаңа розетканы орнатып, «Вуаля!» деп әйеліме қарасам, маған күлімдеп бір құшақ… удлинительдер ұсынып тұр. Бәрі де істемейді: біреуі балқыған, біреуі күйген, біреуі үзілген. Содан бәрін құрастырып-құрастырып, іске жарамды екі-үш удлинитель шығардым.

Қазір демалып, осы жазбаны жазып отырмын. Бір сағаттан кейін мини блогкапқа кетемін.
Бөлісу:

22 пікір

Zilola
жарайсың!!!
бұрын студент кезімді электрик едім :) чайник, эл.плитка, розетка дегендермен өмірі проблем болатын, әке-шешеммен тұрғанда ондай проблемді байқамаушы едім, кейін өзім жөндегіш болып кеттім ғо :)
1-2 рет токқа түскен соң денең де үйренеді екен ондай зарядарға :)
Gastarbaiter
Үйде біраз авторитет жинаған екенсің ғой, жөнделген дүние еркектің абыройы, жиналған үй әйелдің абыройы
janarbek
негізі сондаи бірдеме жыиа жұрген дұрыс..Өзіңе керек болмасада әи елің бір керегіне жаратар
Abilakim
/ Сағат 11-де сабақты аяқтап, үйге келсем, әйелім әлі ұйықтап жатыр екен. Оятпақшы болып қасына жантайдым. Содан оның ұйқысын әбден ашқан соң, тұрып іш киімімді кидім./
Сабаққа іш киімсіз барып келгенсің ғой))))
Дегенмен қолыңның іс білгені жақсы
Makhabbat
/тұрып іш киімімді кидім./

іш киіміңді кигеніңе дейін жазасың ба?
Zilola
не мақсатпен шешкенін жазбағанына шүкір дейік :)))
gerakl
Жасыратын несі бар: әйелімді төсекте көрсем, өзімді ұстай алмай қалатын әдетім бар :)
alisha
әйеліңе ескертіп қойсай, төсекте көзіме көрінбе деп;)
gerakl
ескерткем, тыңдамайды :)
Jacqabaies_Chirac
)))инеңмен әйеліңнің жыртық жерін қандай әдіспен тіккеніңді айт енді әбілдің, кино басталғанда…
gerakl
Қойыңдар нақ, мүмкін скриншотын салармын :))))))
Gastarbaiter
Оятпақшы болып қасына жантайдым. Содан оның ұйқысын әбден ашқан соң, тұрып іш киімімді кидім.

Осымен аяқтай салмадың ба)))))))
AKY
қып-қызыл еротика ғо мынауың))
asaubota
елестетіп болдыңдар ма?

енді тақырыпқа көшейік. розетка, тоқ дегендерге жоқпын өзім. жұмыста заземление істелінбегесін тоқ жиі ұрып тұрад, тіпті біреумен амандасып жатсаң да тоқ ұрады. зайып алып болдық, компқа флешка тығуға да қорқатын болдым. мұның емі бар ма?
sammita
мынадай бірдеңелер болушы еді ғой, жерге қосылмаған болса, осындай қорғаныш құрылғыларды орнатуға болмай ма
www.electrosite.ru/product_info.php?products_id=3094
asaubota
рахмет, айтып көремін мына құрал туралы.
ErNur
Бәрібір ток ұра береді ауа райы жылымай. Оңайы биринши столдың астындағы болсын темірді ұстап токты ыдыратып аласың да сосын жақындай бер компқа
asaubota
сөйтіп жүрмін, алдымен кетіріп.
Abilakim
Бізде «искра» шығады кей кездері
nurbergen_makym
)))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
елестетіп көрдім… :)
Qojeke
Киім мен бөлмедегі заттардың материалдары қандай екені де қарай керек.
Gastarbaiter
ауаның құрғақтығынан да болады ондай статикалық электр ағымы.