Тілегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар...

Таңертеңнен бері агентке деген статус қойып алып, жұмысымды істеп отырмын. Әбетке болмаса, басқа шаруалармен кеңседен сырт киімімді киіп ешқайда да шықпадым.
Аяқ асты үйден хабарласып, ертең ауылға жолға шығатын болып қалдым. Үйге орнатылған телефонның құжаттарын жөндеу керек екен. «Ох елки, ақша керек болды, кешке баңкаматтан ақша алу керек» деп өзімше жоспарлап отыр едім. Осы ай басталғалы бері ұйқымды бөліп істеп жүрген фриланс жұмыстарым бар еді, соның ақшасын әкеліп тастады. Оған әкеліп бер деп айтқан да жоқ едім.
Опшым, отырыс осы. Шаруалар өздігінен тындырылып жатыр.
Бүгінгі тайғақты көз көрген соң, ендігі уайымым — ертең ауылға баратын жол қандай болар екен?
Бөлісу:

6 пікір

sammita
:)) анау статусқа қазақша қәріптер қайтіп шығатынын үйретіп кетсеңіз ауылға кетпей тұрып:)) Ілмектер керемет екен)
omarbirat
Агенттің терезесі ашық тұрған кезде, компьютердің тілін қазақшаға қойып аламыз. Ары қарай кәдімгі статус өзгерту процедурасын жасаймыз. Ескеретін жайт, статусты жазғанда, «казакша ариптермен» емес, кәдімгі қазақша әріптермен жазу керек :)
alisha
менюде тілді өзгертпесе шықпайтын сияқты, агенттің менюін айтам
sammita
рахмет, мен осылай жазып қоям;))))
alisha
Менюден қазақ тілін таңдасаңыз болды. Бірақ, таңдаған құрлы түсінбей шаршайсың…
omarbirat
Агентімнің интерфейс тілі — орысша. Қазақша әріптер жазыла береді.