Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс)

Осындай қауымдастық ашқым келеді. Бәрімізге реалда белсенділікке итермелесін деп, осындай конкурс жариялағым келеді.
Реалдағы белсенділік, блогымыздағы мәтіннің де мазмұнын түрлендіріп, одан әрі қызық етеді.
Әйтпесе, талқылайтынымыз кілең интернетке қатысты дүние, интернеттен көрген кино, интернеттен оқыған жаңалықтар, егер реал туралы жазсақ, көбіне ностальгия түрінде тек ескіні еске аламыз да қоямыз.
Бұл сайыс блогосфераға жаңа дем беріп, реал өмірді де қызыққа толтырады деп ойлаймын.

Қауымдастыққа әркім реалда қандай жақсылы-жаман іс бітіргенін есеп беру мақамында жазса, ештеңе бітірмегендер жазбаса да болады.

Мақтану алаңы боп кетпей ме? — дейтіндерге айтарым, ия сондай-ақ бола қойсын, бірақ түбінде қауымдастық әр қайсымыз реалда істеген тірлігімізге көбірек көңіл бөлуге талпынамыз.
Өтірік соғу-соқпауы әр адамның санасы мен ұятына жүк болсын.

Осындай қауымдастық құрып беріңдерші. Өзімнің қор болғанда рұқсатым да жоқ екен қауымдастық ашуға.
Бөлісу:

14 пікір

sigma
Ашып көр енді болу керек мүмкіндігіңіз
Abilakim
Осы қауымдастық дегендерге қалай тіркеледі?
omarbirat
Қауымдастықта розеткаға сұғатын ашаның суреті тұрады. Сол түймені басасың.
sigma
Қаумдастыққа барып, қарайсың.
Қауымдастық атының астында кішкентай екі төртбұрыш бар, біреуі сары, біреуінде рәзеткі ме соған ұқсайтын сурет бар. сол екіншісін басасың ( аяқпен емес)
sigma
Лібә, уже үлгеріп тастапты ғо мен жазғанша
sammita
ұға алмадым, осы жерге пікір ретінде жазайық па немесе бөлек бір жерге ме. Жауап бершіі (тісіңді жұлдырып отырсың ба әлде кіреслода:))
alisha
пікір жазуға да болады, пост та;) Тек ол үшін мүшелікке қабылдану керек.Гастаның аузы «временно не доступен» шығар деген ниетпен ұққанымды жазып жатырмын, жалпақшешейлікке тели көрмессіз!
sigma
жалпақшешейлік- желающий жалпылдақ деген ба?
alisha
желающий желпілдек деген мейлінше үндестік заңының талаптарына жауап береді…
sammita
ырақымет:)) Гастайбатырдың аузы тастай болып қатып, тісін дызылдатып егеп жатқан шығар:))
konvict
Тіркелгенде мен ғана ештеңе білмедім деп ойласам, басында білмегендер көп екен ғой
balzaminka
Жақсы идея, рахмет, Гаста
Шыны керек, соңғы уақытта оқитын тың посттар саны азайып кеткен еді, көбісі сол интернеттегі жаңалықтар
Gastarbaiter
Әйтпесе бір біріміздің әлденеге елден ерек әдемі оригинальный көзқарасымызды ғана білеміз, тұрмыс тіршіліктен де хабардар болайық:))
Әр қайсымыздың реал өміріміз біз талқылаған популисттердің, Мадина-Садина, шіркін-лайфсымақтардан өмірлерінен қызықтығы кем болмайтынына сенімдімін. Тек соған сене білу керек.