Кәлимасын айтқызу

Қазақтарда (мұсылмандарда) ақтық демі үзілгелі жатқан адамның тілін кәлимаға келтірту бар. Бір жігіт ағасының жары аурудың салдарынан болар қайтыс болыпты. Үйіне келген молда,«тілін кәлимаға келтіріп кетті ме?»деп сұрапты.
-Молдеке, өзім айтқыздым кәлимасын-депті отағасы.
-Не айтқыздың?-деген молдекеңе,
-Кә-ли- ма-деп айтқыздым депті әлгі кісі.
Бөлісу:

17 пікір

timdos
Негизи Калима не екены жане калай айтылады баримизге уйрену керек. Калиманы олерде ар кимге айту насип болмайды. Сиздин жазган окигида, адамнын ниетине карай, Алла Тагала Ка-ли-ма дегенын, шын Калима ягни «Ля иляха иллаллах, Мухаммеду Расулюллах» деген тен болып калу мумкун. Онын бары Алланын колында, ниетимизге караз Сауап, жане Куна жызалады.
sammita
«жаспыз» деп жүре бермей, осындай мәселелерге көп көңіл бөліп үйрене беру керек. «Тумақ бар да, өлмек бар». «Беті аулақ», "қайдағыны айтпа", «жақсы сөйле» деп көбі шошып отырады. Бірақ сүйекке түсу, жуындыру, шығарып салу, тілін кәлимаға келтіру, т.б. толып жатқан ережелерді оқып, сұрастырып жүру керек шынымен.
Gastarbaiter
Үйреніп алып кісі өлген жерде шалт-пысықтық танытып профи көрінгенге не жетсін дейсің ғой.
sammita
беті аулақ. Білгеннің айыбы жоқ.
omarbirat
Молданың сұрағына қырсықтығы ұстап қалған шығар, мүмкін.
sammita
;)) мүмкін, ол біздің басымызға келе қоймапты;))
Ahi
Өлімі жақындаған сәттерде пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қолдарын су құйылған ыдысқа салып, беттерін сүртіп: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ (Лә иләһа илләл-лаһ)! Расында, өлімнің қиындығы бар!» — деп айтты да, сосын назарын көкке салып: «Аллаһым, Өзіңе жақындардың қатарынан!» — деп қайтыс болды (Бухари).
Zilola
Бұрындары бір фильм (сериал) болушы еді, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) жайлы ғой деймін (бала күнімде көрген соң ұмытып отырмын), есімде қалғаны бір қыз өліп бара жатқанда Кәлима-Шаһадатті айтқызады. Мен айтып білемін, бірақ хәл үстінде жатқан адамның тілі келе қоя ма?
Zilola
Нағашы атамның аяқ қолы сал (оң жақ бөлігін парализовало) болып қалғанына 15 жылдан асып кеткен, оның үстіне сөйлеуі де қиын еді (түсініксіз). Өткен жылы дүниеден өтіп кетті, өлерінде 2-3 күн тамақ ішпей ауырып кетті ана жаққа. Енді өазір ойлансам, ауыр хәлде жатып тілі келді ме?
Abilakim
Білетіндер жүрекпен айтса да жеткілікті дейді… Кім білсін… Алла тағала сүйген құлдарына тыныш (жақсы) өлім сыйлайды дегенді де естіп ем
satibaldi
Өлімге осы бастан дайындалсаңдар, өмірді кім сүреді деген заңсыз сұрақ кесарево арқылы туып отыр.
satvaldo
"қалай өмiр сүрсең, солай өлесiн. қалай өлген болсаң, солай қайта тiрiлесiн" дегендi бiр ұстазымнан естiген едiм. бiздiң жүрiс тұрысымызды жақтырмайтын болуы керек, осы сөздi айта беретiн қайта-қайта…
соткадан жақсы көретін киносының (godfather) саундтрегiн қуана тыңдай жатып жанын тәсiлiм еткен бір тараздық рекєт жiгiттi көргем. Нино Ротаның сол композициясын естiсем, әлiкүнге шейiн бiртүрлi болам…
Zilola
Тараздансың ба?
satvaldo
жоқ. жарты жыл жұмыстармен Таразда бiраз сандалғам. жалпы жамбылдан көп жолдас балаларым бар. бiрге оқыған, жұмыс жасаған, қуған дегендей…
бұйыртса Әулиеатаға күйеу бала болам, по секрету…
Zilola
Жамбылдан қыз алсаң өкінбейсің :) (ешқандай секретсіз)
konvict
Айтпақшы, осында Тараздық керекинфошылар, блоггерлер бар ма екен? (Таразда тұратындары.)
konvict
ЕЕЕ күйеу бала!!!