Ақтөбеде алып стадион салынады!



Ақтөбеде Мәскеудегі "Олимпийский" спорт кешені секілді алып құрылыс қолға алынды. 2015 жылы аяқталатын спор кешенінің құрамына жаңа футбол стадионы, хоккей алаңы, шаңғы базасы, спорт интернаты, жүзу бассейні, теннис орталығы, т.б. орындар кіреді. Олимпиялық алып кешеннің аумағы 50 гектарды құрайды. Соның ішінде 7 мың халық сиятын хоккей алаңы, 300 орынға арналған интернат, ал ең бастысы 25 мың көрерменге арналған футбол стадионы бар! Футболдың шатыры Ацсотонодағыдай ашылып-жабылатын болады деп отыр жергілікті БАҚ өкілдері. Кешенде сондай-ақ жазғы-қысқы спорт түрлерінің басым бөлігімен айналысуға мүмкіндік болады.
Бөлісу:

9 пікір

omarbirat
Өте дұрыс. Тек стадион құрылысының төңірегіндегілер бөлінген ақшаны арзан-парзан құрматтарға (құрылыс материалдарына) ғана жеткізіп қоймаса.
Delhi
Ақтөбеде 12 мкрда жана үй салып жатқан уақытта таныс балдар, ол жерден үй алып жүрмендер, қыста салынып жатыр, арасында ауа кетіп жатыр, дегенде күліп едік, сол үй 2 жылға жетпей қабырғалары жарылып, сыр берген болатын. Барі арзан құрматтардан )) шығады.
Elserk
«Ақтөбеде» онсыз да бұрынғы одақта екінші орын алған нағыз футстадион бар еді, мынау тіпті керемет, бірақ біреу атын "Қоныс" немесе "Қоқыс" атап жекешелендіріп алмаса, әлгі мұзсарай секілді…
asaubota
Орталық стадионға бізге түк қатысы жоқ Қобыландының атын бергендей, айдаладағы біреудің атын беруі де мүмкін :) бірақ, былай шамалап отырмын кімнің атында болатынын :)
aktobe88
Ол кім болды екен админ ағай?:-)))
saken
кімнің атын берсе оның атын берсін, бастысы стадион салынып қалса болды ғой. Атауын кейін өзгерте салуға болады :))
saken
жақсы жаңалық екен. Тезірек сол стадионнан Еуропаның грандтарын көруге жазсын!
asaubota
Ақтөбедегі Нефтяник, Авиатор стадиондарына да жөндеу жасайды екен. Ақтөбе стадиондар қаласы болады дейді Диапазон газеті. бірақ, бәрібір бізге Ұлттық құрама ойындарын бермейді ғой сукамалдар :)