Путинмен жарысамын!


Біз Азиададан алтын жаудырып жатқанда, орыс көршіміз Түркияда өткен
Универсиадада жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды алды. Сол жарыста “ жыртып” қайтқан спортшылармен Владимир Путин бейнебайланысқа шыққанда, “ беру встречные обязательства научиться кататься на коньках”, – деп жігітше сөз берді. Путин қайда, Өркен қайда?
Бірақ, мен де көршіміздің лидерінен қалмай, керек болса жарысайын деп алғаш рет аяғыма коньки байлап, көк мұзға тұрдым. Астанада бір жақсысы, қоршалған, қары аралас, жалтыр мұзды, төбесі жабық, очм неше алуан мұз айдыны толып жатыр. Содан өткенде жұмыстағы әріптестеріммен “Қазақстан” спорт кешенінің жанында, кәдімгі Есілдің бетінде конькимен сырғанадық. 500 теңге төлеп, бір сағатқа коньки аласыз да, құмарыңыз қанғанша, аяғыңыз талғанша, аяздан домбыққанша тебіңіз де тебіңіз. Лажы болса, өз конькиіңіз болғаны дұрыс екен (ары кетсе, 8-10 мың теңге тұрады). Себебі, прокатқа беретін конькилердің аяғына шақ келмей, я үлкен болып, қанды ішетіні бар… Менікі дәу болып, үйректің аяғындай екі аяғым екі жаққа майриып жүрді.

Байқағаным, ролик тепкеннен гөрі конькимен сырғанау маған оңайға түскен сияқты. Осыдан төрт жылдай бұрын Таразда ролик тебеміз деп талай асфальтқа жамбаспен түскенім бар еді. Бұл жолы бір-ақ рет құладым. Сондықтан, “ Путин, бросаю тебя вызов” деп қояйыншы, қызық болсын
:-) 


Есіл ағады, Есіл ағады… көкала мұздың астымен

Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/02/12/%d0%bf%d1%83%d1%82%d0%b8%d0%bd%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b6%d0%b0%d1%80%d1%8b%d1%81%d0%b0%d0%bc%d1%8b%d0%bd/
Бөлісу:

10 пікір

monti
Медеудей кең екен, бірақ бізде адам көп. пробка жүресің демалыс кездерде :(. мына жерде адам аз рахат қо :)
asaubota
көпір жақ бетінде су ағып жатыр ғой, қорқынышты емес пе?
araika
Ол қорқыныш көпірден өткенде ғана болады
Gulzhanat
Асиок прям снегурочка!
AL-ASTER
Гребной канал)) Осы сезондағы осы жерді әдемілеп жасады, прожекторлар, ұйымдастыру жағы жақсы. Жиналып барсақ керемет. Аяз да ұрып тұр.
VKM
Конькиім Өскеменде қалып қойып еді,қызығып кеттім.
satibaldi
Мұныңыз енді интимді нәрсе сияқты, бұл жерде айтып не істейсің нақ?
VKM
Сіз де осы сайттың полицайы сияқтысыз)Тиісе бересіз, тиісе бересіз халыққа))))
satibaldi
Яки, полицияның халыққа тиісе беретінін мойындайсыз ғой?