Ораздың Аршаты отызда!


Киелі өңір Ойылдың бір бөлшегі Жекендінің бір ерекше туған ұлы Аршат ордабұзар отыз жасқа келді бүгін. Аршаттың жеткен белесіне, жетістігіне разымыз. Әлі болашағы алда! Бағындырар белестері мол болатынына толық сенімдіміз! Жұлдызың жарқырап жана берсін Аршат! Туған жеріңнің тілегі деп қабыл аларсын, тілекшіміз әрқашан!
Оразов Аршат Мұратұлы
14 ақпан 1981 жылы Жекенді ауылында туған. Үш жасынан бастап оқу-жазу білетін Аршат 5 жасында 1-сыныптың соңғы тоқсанына қабылданып, келесі жылы 2-ші сыныптан 3-ші сыныпқа аттап кетті. Облыстан шыққан алғашқы вундеркинд атанды. Жоғары білімді. Түркияның Эскишехир қаласындағы Анадолу Университетін бітірген. 2006-2010 жылдары Ақтөбе облыстық әкімдігінің «Ақпараттық жүйелер және технологиялар орталығында» бас инженер қызметін атқарды. Қазір Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің веб-сайт шығармашылық тобында программист болып істейді.Спорт тақырыбындағы мақалалары «Ақтөбе», «Алтын Орда», «Жас алаш» газеттерінде жарияланды. «Ақтөбе» футбол клубының «13-сектор» жанкүйерлер бірлігінің құрушысы.Интернетте бірнеше жобаның авторы. «Ақтөбе», «Актюбинский вестник», «Алаш айнасы», «Егемен Қазақстан», «Мұқағали журналы», «Замандас», «Намыс» сайттарының құрушысы. Қазақ интернетіне зор үлес қосып жүрген азамат.
Бөлісу:

45 пікір

asaubota
Жекенділік жерлестердің тілегі деп қабыл алайын, рахмет!
sammita
мына суретті қайда түсіп ең;)) небір сұмдық ойларға жетелеп кеткені қалай;)
huanysh
Туған күніңмен! :)
huanysh
ЕШТЕН-КЕШ жақсы!
sammita
«Облыстан шыққан алғашқы вундеркинд атанды. Жоғары білімді. Түркияның Эскишехир қаласындағы Анадолу Университетін бітірген.»
еее, бастауыш сыныпты 2 жыл ғана оқыдым дегенің осы ма. Түрік лицейін оқыдың ба алдымен, Түркияға оқуға квотамен бардың ба?
asaubota
иә, оқуды ҚТЛда аяқтадым да емтихан тапсырып, тегін оқуға түсіп кеттім. ол кезде 100 адам қабылдайтын тегін оқуға. бізден 100, ол жақтан 100.
HaLiL
Аршат,
туған күнің құтты болсын. Қажымас қайрат, зор денсаулық, отбасында бақыт, жұмыста мол табыс тілеймін. Бүгінгі 30 жасың, пайғамбарымыздың(САС) туған күніне сәйкес келіпті. Пайғамбарымыздың шапағаты тисін. Әрқашанда қатарыңның алды болғайсың.
Erbol
Аршат орда бұзар отыз жас құтты болсын! Денсаулық, шығармашылық табыстар тілеймін. Бастасаң өзі домалар, сәтті жобалар көп болсын!
patick
Мектепке бес жасында түскен алғыр бала болғанын білмеппін :)
ErNur
Ия солай. Көрші өскенбіз бірге ойнап балалығымызда. Бірақ, біздің ортамыздан ертерек қалаға алып кеткен Аршатты :)
Nurgisa
Жазба авторы қарастырылып отырған объектінің үш жасынан бастап жазу-cызу білетінін жеке өзі біле ме екен, сұрастырды ма екен әлде… :)
ErNur
Нұрғиса Патикке берген жауабымнан ал сұрағыңа жауапты :)
Nurgisa
Ааа, болдд, әәңгме жоққ! (Boldy, angime jok — BAJ!)
Уот енді айдай анық бола түсті жай-жапсарларың :)
Жауабыңа рақмет!

Не ғой, бала күнінің куәгерісің ғой, Аршат кішкентайында жылауық па еді?
patick
Сотқар болған сияқты :)
asaubota
қой жоқ, ондай болған жоқпын. біз тек үй жақтың балдарымен атыс, футбол, асық ойнайтындардан болдық. вот ErNur-лар ләңгінің мастері еді, ойындарын көруге баратын едік мектеп жаққа.
ErNur
Жоқ жылауық болған жоқ. Сосын қызық тек каникулдарда ғана көретін едік. Онда да жазда нағыз араласатын уақыттарда,Әбіләкім бе біреу жазбаларында айтпақшы қырман дейміз, қозыларға көк дәрі құю сияқты науқандарда болып жаздай жұмысбасты болғандықтан дұрыс көре алмайтынбыз. Опшым не керек, жігіт болғанда ғана Ақтөбеден көріп табыстық қой әйтеуір… Оны да аз көрді енді араласып жүргенде Астана асты ғой Аршат :)
ushkin
Аршат ағай, туған күніңізбен! Аман болыңыз!
patick
Аршат братқа бір сыйлық жасауды ойлап отырм! Бүгін кешке Аршаттың үйіне үлкен торт келеді. Ішінде Саммита болады! :)
asaubota
:))) Саммита мен Алиша атып шықса, орталарына Әбіләкімді алып :))
Nurgisa
Мдәә… Үстері торт-торт үштікті елестетіп отырмын… Шыққанда да жай емес, "Қара жорғаға" билей шығады ғой, иә, мен дұрыс түсінсем? :)))
Abilakim
кеңк-кеңк))) неге ана екілік аталған жерде мен үшінші болып қосыламын?!
alisha
ана екілік… Меңзеуіңе жол болсын…
Abilakim
Жолымыз болып торт салынған қораптың ішіндеміз
alisha
сүйкенбей отыршы, киімімді бүлдіресің… Саммита қайда, отыз қабаттың біреуінде отырған шығар… көре алмай отырғаным…
Abilakim
Торттың ішіне киіммен кірген ақымақ, өзің ары отыр
Nurgisa
Айналайын балалардан,
Тауып алған торттың ішінен…
Abilakim
кеңк-кеңк-кеңк)))
sammita
мда, жұмыста е свет жоқ, е су жоқ мазақ қып рахаттанып отырсыңдар ғой, ә;) «Сендер күлесіңдер, ал Саммита болса сыртта жылап тұр»©:))
Nurgisa
«Баладар, қыздар! Сендер уот күлесіңдер, иә? Ал саммита болса сыртта… торттың ішінен сытылып шыға алмай, жылап тұр. Е светі жоқ, е суы жоқ...»
Zilola
Ағатай туылған күніңізбен, фейсбуктан хат келіп бүгін сіздің туылған күніңіз екенін біліп жетіп келсем, жұрттар уже тойлатып отыр екен ғо :)
Ойыңыздың бәрі іске ассын, еңбегіңіздің жемісін көріңіз, жеңгем екеуіңіз үбірлі-шүбірлі болыңыз!!!
ErNur
Қарындастарға рахмет статусымды көтермелегендеріне :)
Gulistan
Аршат, туған күніңмен!!!
Erke
Братан туган кунин кутты болсын!
asaubota
бәріңізге рахмет. бүгіндікке құттықтау алып жатырмын, телефонға тыным жоқ. Түркиядан да құттықтау келді, бұрынғы қызымнан :) 14 ақпанды жақсы өткізуші едік :)
Nurgisa
Есімде, есімде… «Arsat seni seviyor!» :))))
asaubota
бұрынғы Керекинфодағы бір флешмоб акция солай болып еді. менің сұрауым бойынша барлық қолданушылар сол қыздың номеріне SMS жіберіп еді «Arshat seni seviyor» (Аршат сені сүйеді) деген. Қазақстан, Ресей, Америка, Корея, Қытай, Моңғолия неше түрлі елден сондай хабарлама барды. жақсы сюрприз болып еді :)
timdos
Аршат, туған күніңмен!!!
gunner
Мына постты кім модерациядан өткізген ?!
Ойнап айтам )), тұған құтты болсын ))
Nurgisa
Ганнер, өте дұрыс айттың! Туған, яғни шешең құтты болсын деп! +1!!!
Delhi
Туылған күніңізбен!
bazuka
Туған күнізбен ағатай! Бар жақсылықты тілеймін! Ортамызда аяулы азамат болып жүре берініз көп жасаныз! Сайттарыныз гүлдене берсін!
kazprose
Туған күніңіз құтты болсын! Деніңізге саулық, бастаған жобаларыңыз ғұмырлы болсын. ;)
Bekish
Өткен туған күніңмен! Ештен кеш -жақсы — деген ғой атам қазақ. Керемет сайт ашыпсың құтты болсын! Саған өзіңе денсаулық, бақыт, жұмысыңа шығармашылық табыс тілеймін. Бүгін кіріп, тіркеліп жатырмын! Кездесудегілердің бәрі мында жүр екен ғой, таба алмай жүрсем! Жарайды, ауырма, келе жатқан Наурыз мерекелеріңмен барлығыңды құттықтаймын!!!
Botik11
«Алаш айнасы» газетінің құрушысы! бүкіл ұжым үшін мақтаныш қой)