Бір үзім романтика



Бүгін маған жазылған құттықтау каменттерін оқып отырып, Нұрғисаның бір жайтты еске түсіріп жіберді. Сіздермен бөлісейін дедім:

Шамамен 2003 жыл болуы керек. Ол кезде де КерекИнфо админімін. Түркияда студент кезім. Гүлчин деген түрік қызым болды. Сол қызбен бір ренжісіп қалған кездерім болуы керек (негізі қыздармен 1000 рет ренжісіп, 1000 рет татуласатынмын). Бір ой келді Гүлчинге сюрприз жасайын дедім. Керекинфо форумындағы қолданушыларға өтініш тастадым, Гүлчиннің номеріне «Arshat seni seviyor» (Аршат сені сүйеді) деп SMS жіберіңдерші дедім. Қазақстан, Ресей, Түркия, Қытай, Америка, Корея, Моңғолия сияқты неше түрлі елден SMS барыпты Гүлчиннің номеріне. бір мәз болып қалып еді.

Ол кезде флешмоб деген түсінік жоқ, идея қарайтын Google жоқ. Бәрі оригинал еді, ойлай алатын едік, ойланатын едік. Романтика бар еді. Қазір білмеймін, заман өзгеріп келе ме бұрынғыдай ой, бұрынғыдай романтика жоқ сияқты. Әлде мен байқамаймын ба қазіргі жастардан?..

Сіздер де өткен жылдардағы романтикалық сәттеріңізді бөлісе отырыңыздар.
Бөлісу:

69 пікір

Nurgisa
Аршат, қарсы болмасаң жазбаңды басқа жерде жария болған өзіңе тиесілі мына толғаныспен жалғастырайын:

бір бірімізді көрмей ақ қояйықшы дегеннен шығады, бір рет қатты ұрсысып қалдық Түркияда Гүлчин деген қызбен. сосын ол айтты давай енді сөйлеспейік деді. мен де қырсығып давай дедім. ол мені қырсығады деп ойламаса керек кездесіп қалса сәлем береді мен үндемей өтіп кетемін. бір күні қоймай звондады, алып тастай бердім. сосын дауысын басып тастадым да спокойно отыра бердім. менің туған күнімде үйге келіп кетіпті мен жоқта, үйдің әр жеріне неше түрлі сыйлықтар тастап кетіпті. иә приятно болды, бірақ оған рахмет айтып СМС та жазған жоқпын. оның туған күнінде хабарласқан да жоқпын. сосын жазда маған жұмыс керек болып Антальяға кету керек болды. қырсыққанымызға 6-7 ай болған. шыдай алмай жүрдім шынымды айтсам. сосын кетуге 1 сағат қалған кезде "қой кетерде бір көріп қоштасып кетейін" деп бардым үйіне. барсам тек өзі екен қасындағы қыздар жоқ. кіре сала кешірім сұрадым, сағынып қалғанбыз бір бірімізді қатты құшақтадық, ақымақ болғанымызды айттық. сосын уақыт аз қалды мен кеттім деп кетіп қалдым. автобусқа 15 минут қалған еді, үйге таксимен барып сумкамды алып автобусқа үлгердім.
Антальяға барып жұмысқа орналастым, бірақ бар ойым жаңағы қыз. тек бір күн істедім де ертеңіне кірпіш Нокиамды бір қырғыз гастарбайтер жігітке қазіргі өлшеммен 4000 теңгеге сатып, қайтадан өз қалама келдім. келгенімді ешкімге айтқан жоқпын, бірден жаңағы қыздың үйіне бардым. есік алдына барғасын звондадым шамалы сөйлесіп тұрдық та сосын айттым есікті аш мен далада тұрмын дедім. ол сенген жоқ, сосын ашты :)
сөйтіп қыз үшін жұмысты тастап қайтып келдім. бірақ ақшасы аз болса да сол қалада жұмыс табу керек болды. сөйтіп бір фирмаға сайттарын жаңартатын болып кірдім, күндіз 2-3 сағаттық жұмыс. кешкісін ресторанға официант болып кеттім. за то күнде қызды көремін :)

махаббат сондай қиын жағдайларға да апаратын
asaubota
елкиии!!! мына жазғанымды сақтап қойғансың ба? :) рахмет, оқыған кезде өзіме де қызық болып кетті :)
alisha
үйдегі жеңгейді мерзімінен бұрын толғақ қысып жүрмесін;)
TOTY
қатырдың, Алиша! Түсінеді ғой, біздің келін шырақ...!
asaubota
ол кісі ол туралы біледі ғой :) және бұл сайтқа кірмейді ол :)) кірсе сотталып кетеміз ғой, гыгыгы
sammita
мен де оқығам, кездесуде жарияланған ұмытпасам;) Сонда қызығып оқығандықтан, есте қалыпты.
sammita
Нұрғиса, архивіңде шаң басқан таңы кімнің\қандай толғаныстары бар, шығар дабай, ой, керекинфоларды.
Tyulpan
6-7 ай...қалай көөөөөп… романтик сонша көп уақыт қырсығатын бола ма не?

бірақ «сондай қиын жағдайларға апарған махаббатыңыз» шүн респект!!!

asaubota
жас кезде сұмдық қырсық едім. қазір ғой ашуымыз әрі кетсе 40-50 минут.
TOTY
Нұрғисаның тіркегені Аршаттың жазған күнделіктерінен-ау шамасы...) Дегенмен, махаббаттың машақатын бір уақыт осылай бастан өткізген де дұрыс шығар, махаббаттың қадірін, өмірдің мәнін түсінесің…

пы.сы.Ол түрік ағайындардың қызы қайда қалды…
Nurgisa
Иә, Тоты, зер салсаң,
Аршат,… өзіңе тиесілі мына толғаныспен жалғастырайын
деппін, әлқисса :) Қалайша тәнті болмайсың істеген ісіне… Аңыз ғой, аңыз!
TOTY
Басқа басқа… турчанканы маңдайдан түсіргенін айтсаңшы…
Nurgisa
Сенің әдминің арзанқол біреу деп кім айтты! түрікшәнкі ол бергісі болса керек қой. Біз біле бермейтін «шәнкілер» қаншама… Ол жағы беймағлұм. Ана жақта қыздар «толғақ қысады» деп жатыр, біз де қыса отырайық :)))
ErNur
Жақсы әсер қалдырады екен мынау романтикаң. Қазір қалай ойлайсын сол қызбен хабар алысып тұрасын ба?
asaubota
ол қазір күйеуге шыққан. әлі күнге дейін хабарласып тұрамыз, мейрамдарда, туған күндерде. жаңа ғана звондадым, жоғарыда жазылған SMS оқиғасын айтып едім ғой, есіңде ме деп. есімде, күшті болып еді деп жатыр.
ол қызбен 3 жылдан көп жүрдім, ата-анасы, подружкалары арамызға түсіп айырды ғой әйтеуір. бірақ, сол арқылы біраз нәрсе көрдім, үйрендім.
alisha
ата-анасы қыздарын қазаққа беруге қарсы болды ма сонда? Түрік сериалдарынан сол қызыңа ұқсас бейнелерді іздеп отыратын шығарсың,ӘӘӘ?
asaubota
аха, ол кездерде Қазақстанды отсталый ел деп ойлайтын. бір рет оның оқуы кеш басталатын болды ал мен ерте келгем, обшым жаз бойы көрген жоқпын. әлі де көрмейтін түрім бар, содан оның аулына баратын болдым. картадан қарап алдым, пойызбен бір ауданға дейін баруға болады екен әрі қарай автостоп. ең арзан жолы да сол. содан жолға шықтым, түскесін жолда машина ұстап тұрмын. машина аз екен. бір машина әзер тоқтады. жақсы жігіт екен, бұл жақта бұлай жалғыз жүрме, шетелдіксің, бірден ұнамай қаласың деді. содан маған керек жерге апарып тастады. қызыммен кездестім, сосн оның артынан 50 метр қашықтықта еріп жүре бердім. бір поликлиникада істейтін сіңлісінің жұмысына барып, шәй іштік. сосын бір апасының үйіне апарды, тамақ іштік, отырдық, сөйлестік. қайтадан жаңағы жолмен кетемін дегенімді естіп, маған лучше автобуспен бар деп қолыма ақша беріп шығарып салды. 2-3 сағаттай бар көріскеніміз. бірақ, ол да романтика! :)
alisha
50 м. қашықтықта еріп бара жатқан түріңді елестетіп, аяп кеттім ғой. Бізде ғой сол түріктерің қастарына өрімтал қыздарды қосақтап ап, тайраңдап жүреді.
Nurgisa
Аршат қазақ қыздарына қырындап жүрген түріктерден алған өші деп ойламау керек. Админ жақсы бала :)
alisha
ондай ойдан адамыз, ағасы;) Аршаттың Миялыға жақын жерде туғанының өзі маған оны сыйлап өтуім үшін жетіп артылады, басқасын былай қойғанда!
Nurgisa
Бәрекелді!!! Хас мықтыны туған жерінен жазбай танитын өзіңдей қарлығаш қарындастарымыз көп болса екен деймін!
Bekjan
йә, жүрген нағыз бір қуғынбай едің ғой..:)))))
alisha
Біздер ондай жігіттерді қуғынбай деп емес, сүйе білетін жігіттер деп атаймыз!!!
Bekjan
Енді қыз бен жігіттің айырмашылығы сонда ғой, жігіттерге меліш болып көрінген кейбір сәттердің, қыздар үшін үлкен мәні болады…

Бірақ, үйоенгеннен кейін қайда кетеді екен сол иллиюзаларыңыз..:)))
alisha
ешқайда кетпейтініне тұрмыста төрт жыл өтілі бар келіншектің жазбасы дәлел бола алмай ма, ағасы?
asaubota
кечайвар :) өзің қуғынбай. сені де мына досым гитараны жақсы тартады деп, қыздардың алдында талай қолдандық қой :) за то сен де біраз қызбен таныстың :)))
Bekjan
… талай пайдаландындар гой сволыштар..:)))))
Nurgisa
Бәке, өзіңізді нетолау сезініп тұрған сияқтысыз. Айтқандай, өзіңіздей теперіш көрген жандарға психологиялық көмек көрсетуші орталықтар болушы еді ғой. Біздер тілектеспіз, әйтеуір…
sigma
«Көкірек сайрап тұр, тілім байлап тұр,»- демекші, Бәкеңнің қуғынбай дегеніне қарағанда, талай қорлық көрген (жақсы мағынада) болып тұр ғой шетте.
Сол Аршаттың есіне түсер түспес меліштерді еске алып, жылап та алған боларсың.

Нұрғиса жақсы бала (бұрын осындай үрдіс болған, неден пайда болғанын айта отырар жігіттер, білмейтіндер любопытный болып отыра тұрсын)
Bekjan
Иә, жатақханаларына тәртіпті бұзып, мені нешетүрлі тесіктерден алып кіретін..:))) Сосын, қыздар шығатын буфеттің алдына отырғызып қойып гитара тартқызатын… Ал өздері болса әдемі киініп алып, өтірік қыздарды байқамаған болыыып, әңгіме айтып тұратын...:)))

Менің еңбегімді,өнерімді өздерінің арам пиғылдарын жүзеге асыруға қолданды ғой бұлар..:)))
asaubota
жарайды мен үндемей-ақ қояйын, Тепебашыдағы романтика туралы :)
sammita
ол кезде гитарамен айтылатын әндерің қандай еді, «Гранитный камушек», «Плачет девушка в автомате» ма;)
monti
жерлес жаза отсаңыз сізде ерліктеріңізді*… ;)
түрік қыздар сұлу ғо сұлу :)
Bekjan
Біз де ондай ерлік жоқ… Аршат сияқты романтик болу қайда бізге..:)))
Zilola
түрік жігіттер де сұлу ғо, жақын арада сондай сұлу жігіттің көңіліне бөленіп шелек болып қалдым :)
Khan
SMS Spam-ның негізін қалаушы Жекендінің Асауботасы деп білуіміз керек екен ғой!
monti
да жууу керекшілердің бәрі романтик екен :)
VKM
ваааай… күшті.қазір романтиктер аз жалпы. Бәрі, типа Абзал сияқты, иә ма, жоқ па деп сұрайды. Қыздар да қырсығып, жоқ дейді… Осы жерде романтика бітіп, реал басталады…
Beytanis
Романтика деген не өзі? Ашуланбай жауап беріңіздерші, білсеңіздер әгәрәки.
VKM
ооой,Beytanis, меніңше, саған түсіндіруге 1 күн жетпейді. Бұл тарих емес, оқи салатын. Жүрек керек
madlen
Маликош, бар шығар жүрегі Бейтаныс мырзаның да… Қалай ойлайсың?
Пікір түзетілген: 7 шілде 2011, 16:27
VKM
хехе, бар ғой)
Beytanis
Мен терминармын, сезім жоқ менде. VKM да терминатор, терминатор терминаторды 1 шақырымнан таниды!
VKM
жоооқққ, мен романтикпін!
Beytanis
Бол, бол. Болма демеймін.
Beytanis
Маликош, бар шығар жүрегі Бейтаныс мырзаның да…

Маған деген салқындықтың еседі желі…
madlen
аха, сізден жақсы қасиеттердің 0,1 процентін болса да іздеп жүрмін
Beytanis
Қайтесіз, енді, құбыжық ТА сымбатты жігітке айналар бір күні бұйырса ҚҰДАЙ!
Beytanis
Быраво! Ду қоооол шапаааалаааааақ саған!
Gastarbaiter
Романтика — деген адамдарды рухани жақындататын моменттер, әрекеттер.

Қыздардың көбі романтиканы жақсы көреді. Ал жігіттердің көбі романтиканы тек қыздың көңілін аулау, қызға жағу құралы ретінде пайдаланады. Сондықтан, көбі романтика үшін ақша керек деп ойлайды да, тупо ресторан, кафе, кино, гүлдер, шығарып салып, үйінің қасына келгенде қолынан ұстау, келесі күні бетінен сүю, одан кейін ернінен сүю, тағы бір екі аптадан соң (егер қыз жалығып кетпесе) беліне дейін доступ алып, "әлі ерте" дегенді есту, тағы бір -екі ай петтинг жасап жүріп, ақыры шалбарын шешу.
«Дос боп қалайық» дегенді есту. Кеше ғана танысқан жігітпен сүйісіп тұрғанын көріп, "өлемнақ" «ол мені бағаламады» деген әнге салу, достарына кейін "әшейін жүрдім" деп өтірік айту.
Нағыз романтик жігіт романтиканы тән жақындығына апаратын айла деп емес, екі адамның аураларының жылы қатынасы деп түсінеді.
asaubota
Сократ!
Gastarbaiter
Ия, айтпақшы романтика (өзінің ең кең мағынасында) махаббатқа қатыссыз да болуы мүмкін сияқты. Мысалы, кейбір адамдарға табиғатқа шығып, көлеңкелі, саялы жерге ысқыра басып, спиннинг қармағын орналастырып, көрпешесін төсеп, жайғасып алған сәті басқа романтикалық сәттерден кем сезілмейді.
asaubota
арақ ішудің де романтикасы бар

яғни, келісемін романтика тек қыз бен жігіт махаббаты емес
Gastarbaiter
Меймілдете құйған кездегі лақылдаған дыбыс. «Жаңа кезең!» деген белгі бұл. "Қазір бірер минуттан соң жаңа сағат басталады!" деп қуантады ол © S.K.
asaubota
арақты сүйсең менше сүй дейді ғой Багратионұлы
e_zhalgas
үзім
omarbirat
"Үзім" деген бір үзім сөзбен не дегіңіз келді екен?
e_zhalgas
"үзім" деген сөздің өзі таң қалдырды, "үзік" еді ғой әдетте
Onlasyn
"Қожайын бір үзім нан берші" — маймылдың сөйлеуі туралы әнектен )
Gastarbaiter
Жалғас, мынауың енді фанатизм.
asaubota
үзім

бір үзім → кусочек (напр., хлеба)
бір үзім нан → кусочек хлеба
sozdik.kz/kk/hash/b39c4807f/
Gastarbaiter
Сөздік.КЗ-ті авторитетті сілтеме ретінде пайдалануға мәжбүрлеген заман-ай десейш.
araika
күшті ойластырылған.
Романтика бар еді.
менеіңше, әлі де бар және бола береді
AKY
мынаған да сыйлық дайындаңдар
asaubota
одан да осы әдісті қолданыңдар дер едім
zhanara2013
Бугiнгi Романтика арак iшiп кеткен.
Мусор терiп кеттi
Ispek92
Қайда жүрседе аман болсын дейік