Жақсы адамдарды ажырату

Блог - Gastarbaiter: Жақсы адамдарды ажырату
Осы жақсы адамның сендер үшін критиерийлері қандай? Былайынша қойня сияқты айта салу бес жасар бала жақсы мен жаманды айырады дейтіндер табылар. Бірақ күллі төбелес, ұрыс, соғыс, интрига, кикілжің мен келіспеушілік, өсек-өтіріктің барлығы жақсы адам мен жаман адам деген түсініктің әр адамда әр түрлі болуынан ғой.

Сонда жақсы адамның жақсылығын нақты қандай белгілерінен білесің? Өз ойымды әзір айтпай ақ қояйын, әйтпесе сіздердің оқталып отырған ойларыңды бұзып жіберермін. Он пікір жазылған соң айтармын.
Бөлісу:

70 пікір

asaubota
что то мен соңғы кезде өтірік айтпайтын адам — жақсы адам деп ойлап жүрмін. :) өтірік айтпауға тырысып жүрмін :)
Gastarbaiter
Жақсы адамды көзіне қарап, аяқ киімінің тазалығына қарап ажырататын сәуегей қыздар қайда кетті?
Zilola
негізі өзім біреумен таныссам (жынысына байланысты емес) онша ашылып ештеңе айтпауға және жабысып қалмауға тырысамын. Сосын сразым вывод шығармаймын типа «о супер адам екен» деген. Бір аптаның о жақ бұ жағында қандай адам екен байқаймын. Бірәқ киіміне қарап емес, жалпы қылықтарына, өзін ұстауына, адаммен араласуына байланысты пайымдаймын қалай екенін.
Gastarbaiter
Ол жағы кірпіге де аян ғой Зилола. Тек сол қылықтары мен өзін өзі ұстауым, адаммен араласуы дәлірек қандай болады жақсы адамда сіз үшін.

ПС. Қыздар жақсы адам дегенді міндетті түрде жақсы жігіт/бай/ашына/көңілдес деп түсінбеңдер. Жалпы жақсы адамдар, әйел жынысты болсын, ер болсын.
serjan
жабысып қалмауға тырысамын.
Жабысып қалып әрең ажыраған ба едің?
Zilola
мұғалім деген атыңызға үлкен сөгіс!
serjan
Қазір демалыста жүрмін.
AKY
Сонда да, ұят, ұят…
alisha
Үзіліс кезінде оқушы қыздарға смс жіберетін шығарсыз Себебі — үзілістесіз!
AKY
Әліш, маған айтасың ба?)))
sammita
"Әрине сені айтады, бұл жерде сенен басқа тварь бар ма"© (Күлпаш келіннен)
Пікір түзетілген: 12 шілде 2011, 16:58
AKY
Ах, жау жоқ деме, Абылай-ханада
alisha
жоқ, Серағаңа да Сенің бесінші қауымдастықтан емес екеніңді білем ғой
serjan
Мұғалімге әзіл айтуға болмайды деп кім айтты. Оның үстіне Қалдықыз менің оқушым емес замандасым ғой. Ал саған өзіңнен үлкенді құрметтемеуге болады. өйткені сен мұғалім емессің.
meirzhan
Әзіліңіз бір-түрлі екен.
alisha
Қай әзіл? Мен әзілдегем жоқ.
meirzhan
 Мынау сіздің "әзіліңіз" бе?
жабысып қалмауға тырысамын.
Жабысып қалып әрең ажыраған ба едің?
alisha
аа, қайдан білейін… сол бір түрлі болғасын ғой, улап-шулап жатқанымыз… Әлеуметтік желілерін ашып берсе, демалыста не жазар екен?
meirzhan
Мұғалім де адам ғой. Бір сәт күліп-ойнап қалғысы келетін шығар. Басқа мамандық иелеріндей. Бірақ қалжыңның да қалжыңы болады.
omarbirat
Ажырата алмаймын. Адамдармен қарым-қатынасты нашарлатпауға тырысамын. Жаман екенін өзі дәлелдемейінше, адамның бәрі жақсы деген презумпция — біздің қолданатынымыз.
Gastarbaiter
Мысалға қандай әрекет адамның жаман екенін дәлелдейді сізше?
omarbirat
Зиян келтірмек ниетпен жасалған әрекеттердің барлығы. Бастысы адамның ниетінде деп ойлаймын. Арамдық ойламаған адам — жақсы адам.
Ал жақсы адам деп жүрген адамыңның ниеті жаман екенін белгілі болса, мейлі бұдан кейін саған қанша жақсылық жасасын, сен үшін автоматты түрде жақсы адам болуын доғарады. Ондай адаммен ары қарай істес боп жүру үшін не басқа амалы жоқ адам, не мазохист болу керек шығар. Бастан өткерген мысалым осындай, өзіме ғана белгілі себептермен абстрактілі түрде жазғаныма ренжімессің :)
Ішкіш, маскүнем, нашақор ойым осындай, опшым :)
technosyndrom
Меніңше жаман дам жоқ, жәй, жақсылықтар әр-түрлі деңгейде бола ма деймін :-)
kokserek
Әдетте бірден өзім үшін бір тұжырымға келем. ол үшін маған 5 минут әңгіме сол адаммен жеткілікті.
сан алуан нәрселердің қорытындысы болып кеудемде сезім пайда болады — ол адам маған ұнай ма жоқ па. ол сезім адамның бет дене қимылына, сөйлемдерді құрастыру әдісіне, сөйлеу әдісіне, көзіне қарап құрылады.
alisha
Қызық сұрақ… «Жақсы кісі» деп таңдай қағып, тамсанып жүрген адамыңыз да бір күні жақсы әдетке жатпайтын қылық танытуы мүмкін. Керісінше, азаматтықтан ада деп жүрген адамыңыз сіз күтпеген жерде кісілік танытуы мүмкін. Адамды жақсы-жаманға бөлу қисынсыз сынды, меніңше жақсы — жаман қасиеттер ғана болады. Тиісінше, адам бойында бұл қасиеттердің екеуі де қатар кездеседі. Мәселенки, Сізді мысалға алатын болсақ/әрине, жазбаларыңызға қарай отырып/… Сіз — білімдісіз, интеллектуалдық өреңіздің биік екендігі аңғарылады, бірақ өзгелерге де осындай планка қойғансыз, өзіңізден өресі төмен екенін байқасаңыз, соны сөзіңіз жеткенше келеке етесіз. Қысқасы, адамды сол қалпында қабылдай білмейсіз. Бірақ, бұл қасиеттерге қарап сізді жаман адамдар қатарына қосуға,әсте, болмайды. Қытығыңызға тиіп кетсем, кешіріп қойыңыз. Ондай ниеттен адамын. Анығы — бәріміз пендеміз, періште анааау жақта!!!
technosyndrom
Жақсы немесе жаман адамның болуы тіпті мүмкін емес. Неге десеңіз — өзіне өзі баға беретін системалар болуы мүмкін емес. Фотоаппарат өзін суретке түсіре алмайтыны сияқты. Көздер — айна болмаса — өзінің қандай түсті екенін ақиретке дейін білмей кетер еді.
Жақсы әлде құрыған деп айтқызатын эмоция шығар. Төсектен теріс тұрып, мең-зең боп отырғанда, күрегіңді сұрай келген көрші жарымаған да, салақ та боп көрінер. Басыңа іс түскен күні үйіңе қарасқан тап сол көрші біруақыт абзалдың абзалы бола қалар.
Көңіл-күйде бар кілтипан. Сосын жағдайда.
Gastarbaiter
Көңіл күйім тым жақсы боп, балаларды алып хайуанпаркке бара жатқаныңда бір гаи тоқтатты. Еш ереже бұзылмаған. Ол саған анау деді мынау деді, әйтеуір тіміскілеп мазаңды алып, намысыңа тиді. Сен балаларды қызықтан қалмасын деп шыдап тұрсың… Ақыры кеп әйеліңе үңіле қарай бастады, сенің тым жақсы көңіл күйің әпсәтте бұзылды. Әбден еркелеп болған гаишник ешнәрсе таппай жібере салды. Әлгінің кесірінен хайуан паркке оған қоса үлгермей қалдың.

ӘЛгі Жол полицайы пидр емей немене?
asaubota
пидр әрине, бірақ жұмыстан тыс өмірінде ол үстінде формасыз, біреуге сүйікті әке, біреуге сүйікті жар, біреуге сүйікті күйеу бала, біреудің ерке ұлы болуы да мүмкін ғой. бірақ, хз. менттерге қарайм да солай ойлайм, осыларды да біреу жақсы көре ме екен, үйлерінде бала-шағасы бар ау деп.

айтпақшы офттоп, ПИДРлар туралы:

С 1 марта в рамках реформы УВД ГИБДД будет называться Полицейская дорожно-регулировочная служба, сокращенно ПДРС. ГИБДДшники будут называться: «Полицейский инспектор дорожного регулирования». Еще появляется обращение — господин. Обращение теперь будет звучать следующим образом: Господин ПИДР из службы ПДРС.Кстати, вся структура будет называться «государственная единая инспекция». представляю:

«Алло! это ГЕИ? Я звоню с улицы такой-то… мне только что один П.И.Д.Р. предлагал дать взятку в размере 500 рублей. Куда мне обратиться?»
Blogshy
 МАИ десе жыным устайтын еди бир кулип алдым рахаттанып
AKY
Бірден ажыратам))) Білмеймін, интуиция болар… Кейде ішіндегі ойын оқып қойғандай болам! (: Ой, е:) Сондай кездерде өзімнен-өзім қорқам ше…
meirzhan
Полиция қызметінде "өтірік детекторы" сияқты қызмет атқара алады екенсіз.
Abilakim
күрделі сұрақ. «Адам аласы ішінде».Мысалы мен біреуге жақсы адам болсам, біреуге жаман адаммын.
Саған еш жамандық істемеген адамды жақтырмайтын сәттер болады.түсіндірі алмай отырмын -ау. «Жақсы адам деген „-деп басталатын қағида жоқ ау осы…
Gastarbaiter
Кәкәй адам мен әйәй адамның өлшеуіші не сонда? Мүдделестік пе?
nurbergen_makym
Дүниетанымда шығар бар пәле…
Nurzhol
Әр адам өз қабілетіне қарай ғана басқаның жағдайын түсіне алады. (Ауторы тағы есімде жоқ)

Техносиндромның осы мақалаға жазған алғашқы пікірі дөп тиген сияқты меніңше.
meirzhan
Жақсы адам деген субъективті баға. Бұл баға берушінің критерийлеріне байланысты. Ал критерийлердің өзі адамның тәжірибесіне, құндылықтарына, сана-сезіміне байланысты.
Көбіне жақсы адам деп бойында жақсы қасиеттері басым адамды айтады.
Адамның бойындағы қасиеттерін бірден көру қиын. Бұның бірнеше себептері болуы мүмкін: Бағаланушы адамның жаман не жақсы қасиетін анықтайтындай жағдайдың туындамауы, бағалаушы адамның аңғарымпаздығының нашар болуы не өмір тәжірибесінің аздығы, бағаланушының қасиеттерді жасыруы, бағалаушының жақсы, жаман қасиеттерді көргісі келмеуі т.с.с.
KILYZAMAN
Жақсы адамдарды ажырату
— адам аласы ісшінде!
Дейтұрғанмен, надандардың шаласы мен аласы әупірім жерден айшықталып тұрады.
Пікір түзетілген: 11 шілде 2011, 10:14
Gastarbaiter
Өзіне өзі жыны келген адам бәріне жыны келеді.
alisha
Бір қызық адамдар болады, соңғы кезде байқап жүрмін. Біреудің аты атала қалса, «Ой, ол анандай ғой, өй ол кезінде бүйтті ғой» деп шыға келеді. Сондай бір кісіні білемін. Ол кез-келген әйелді қаннен қаперсіз «сайқал» деп, кез келген еркекті «алқаш» деп атай салады.
satibaldi
Керемет адам, Майл-Агенті жоқ па Сізде, а?
alisha
Қой, майлдың жасынан кеткен жан… Бірақ, қайдам…
Gastarbaiter
Сен айтқандар бетпе-бет кездескенде жымысқыланып, мақтай жөнеледі. Былай өзі жоқта шықсаң, бір сау адам қалдырмайды. Бірақ ол адамдардан ешқандай зиян жоқ.
Біреудің хоббиі белсебет айдау болса, біреудің хоббиі соны өсектеу.
Пікір түзетілген: 11 шілде 2011, 15:45
alisha
дәл-дәл… тап солай
KeSHa
Жақсы мен жаман — екеуі де Құдайдан. Жақсыны жақсы көріп, жаманды жек көру — Құдайды бір сипаты үшін жақсы көріп, бір сипаты үшін жек көрумен бара-бар емес пе?
satibaldi
Епті, адам жанының мамандары))) Туалетке тұтқа жасайтын ел болып алыңдар әуелі, ептібайымайдтар*)*)
asaubota
менің ойымша жаман адам болмайды, жаман қатынас болады. диалог керек та просто. жаман деп ойлаған адаммен тіл табыссаң оның да жақсы жақтарын көресің.
KILYZAMAN
Иә,  , есектіңде жылқыға бергісіз кейбір қасиеттерін жиі қолданатынымызды ұмытпайық…
Cevan_Rabtan
Жақсы адамдарды ажырату

ажырату? кімдердің ішінен? жамандардың ба?
balzaminka
Ozin gana oilaitn egoistti jaman kisi deuge bolady emes pe. Ozinin jeke muddesn barinen de jogary koip, ortaga karamai, kasndagy (tuyskany, tugany, t.c.c) adam koniline karamaitn jandy ewkawan jax kisi dei almaspn.
boztorgai
бүркіт көпке дейін бала көрмепті.
перзент көрмей өтем бе деген қауіппен қарғадан бала асырап алмаққа ниеттеніпті.
сөйтіп, баланы ертіп баулып жүрген көрінеді:
— жемтікті жерде, дитін көрінед, бір шұқисың да жан-жағыңа былай екі рет қарайсың, десе бала:
— әке, екі шұқып, бір қарасам қайтед, деген екен
ademi_alem
Жақсы мен жаманның парқын айыра білу қиын сияқты… Өз-өзімді дұрыс танымай жүргенде, өзгенің жақсы-жаман екенін ажырата білу қиын. «Табам десең бір қасиет табасың, Жаман деген жолдастың да өзінен». «Жаман», «жақсы» деген шартты ұғымдар ғана сияқты…
Tyulpan
мысалы, бір қыз. қасындағыларын ренжітуі оңай да, кешірім сұрай салу да оңай оған. әлгі кейбіреулер сияқты күнәсін істеп-істеп алып, мешітке барса кетіп қалады деп ойлайтын....

тәжірибе көрсетіп жүргендей, жақсы адам мен жаман адамды ажырата алмайды екенмін. талай таяқ жедім ))
пы.сы. әдемі-әлем, мен де солай ойлайм, өзімді өзім түсінбей жүрсем, біреуді қайдан түсінейін деп…
ademi_alem
 бір аңыз ба, мысал ма есіме түсіп кетті… айтып берейінші )))
Tyulpan
айтсаңызшы енді. бастап алып қайтет өзі ))
ademi_alem
ааа иә, иә, қазір. Ренжімеңізші, мен басқа тақырыптарды оқып отырып ұмытып кетіппін. ))))))
Бір қаладан екінші қалаға көшіп келген адам бір қарияға келіп:
-Мен басқа қаладан келдім. Бұл қаланың тұрғындары қандай адамдар?"-деп сұрапты. Сонда қария оған:
-Ал сен келген қаланың тұрғындары қандай еді?- деген сұрақ қояды. Әлгі адам:
-Ой, ол жақтың адамдары жамаааан: өтірікші, екіжүзді, сатқын, көре алмайтын адамдар. Кетіп қалғаныма қуанып отырмын! — десе, қария:
-Түсінікті, бекер қуанасың, балам. Бұл қаланың тұрғындары да сен айтқандай өтірікшілер мен екіжүзді, көре алмайтын адамдар,- депті. Содан қарияның қасына басқа бір адам келіп тағы да сол сұрақты қояды:
-Мына қаланың тұрғындары қандай адамдар?
-Сен келген қаланың адамдары қандай еді?
-Ол қаланың адамдары мейірімді, қайырымды, жақсылығын аямайтын адамдар еді.
-Түсінікті. Онда уайымдама, балам. бұл қаланың адамдары да сондай мейірімді, жақсы адамдар!..

Қарияның сөзін тыңдап тұрған үшінші адам келіп:
-Сіз неге бір сұраққа екі түрлі жауап бердіңіз? Мұныңыз барып тұрған екіжүзділік емес пе?! — десе, қария:
-Жоқ, бұл екіжүзділік емес. Әр адамның өзінің ішкі әлемі болады. Және адам қайда жүрсе де сол ішкі әлеміне ұқсас жандарды кездестіретін болады, себебі жақсы да, жаман да барлық жерде бар. Адамның бойынан қандай қасиет көргің келеді, соны көруге болады. ең бастысы өз әлемің таза, өз әлемің әдемі болсын, балам! — депті… ҰЗАҚ БОЛЫП КЕТТІ БІЛЕМ )))))))))
Tyulpan
жоқ и. бұрынғыларыңызға қарағанда аз болды. әдемі бірақ: р
мораль: барлығы адамның өзіне байланысты.
ademi_alem
жоқ и. бұрынғыларыңызға қарағанда аз болды.
)))))))))))  
барлығы адамның өзіне байланысты.
иә, солай сияқты…
Adiletshu
Әдемі әлем деген никті ьаңдауыңызға осы аңыз етті ма
ademi_alem
Жоқ. КерекИнфоға тіркелер кезде бір ағамнан сұрадым «Не деп тіркелем?» деп, «Адемі алем» де деді. )))) Ал мұны кейін оқыдым. Кейде әлдебір адамдарға қатысты теріс ой болса өз өзіме "Өзің жамансың!" деймін де, сабама түсем.
temir1986
Мен үшін адамдардың минусы мен плюсы бірдей. Жақсының атын естіде, үйін көрме деп жүре берем.
ken
адамның бәрін по умолчанию жақсы деп қабылдаймын. кейін жамандары (кейде кеш болса да) өздері анықталып жатады.
bizbike
сөзімен де, ісімен де ешкімге зиян келтірмеген адам — жақсы адам
UMYTYLGAN
меніңше жаман адам болмайды. тек әр адамның мінезі әртүрлі болғандықтан сәйкес келе бермейді, мінез үйлесім таппағандықтан жаман адам аталатын сияқты, ал керісінше болса жақсы
Blogshy
Жаман адам деген андай, жаман… Айналасына негатив шашып тұрады, сөйлескің келмей, кетуге асығасың, әйтеуір аулық жүруге тырысам кейбір кейбір тұлғалардан.
salta
жаман мен жақсы әр адамның бойында бар. кім қандай қасиет көргісі келеді, соны көреді. сен жамансың деп бөліп, сол адамды жамандыққа үйретіп қоятын да өзіміз. жақсының да жамандығын көре отырып, қимай жатамыз. ол ондай адам емес, қателеспейтін адам болмайды деп. ал, жаман деп таңба басқан адамымызды ақтауға тырыспаймыз. қателігіміз де осында…
Aigolek
Мен жаксы адаммын. Ашумен бир адамды олтирип койдым. Сразу жаман адам боп шыга келдим. Адамдар жаман жаксы деп болинбнейди. Бирак озимнин списогымда оларды болип койгам.
Blogshy
Шынымен өлтірдіңіз бе??? кәдімгідей???