КерекИнфоға оралу
Дабай.кз ашылғанына 2 айдай уақыт болды. Осы қысқа уақыт ішінде өзіндік аудиториясы қалыптасып үлгерді. Нағыз пікірталас платформасына айналып үлгерді. Басында техникалық тұрғыда әлсірей бастаған Кездесу.ком сайтына альтернатива ретінде эксперимент ретінде бастаған жобам еді. Кейін Асхат бастаған блогшылардың қолдауымен жақсы жобаға айналып шыға келді. Қолданушы пікірімен санаспауға болмайды, Дабай деген ат көпшілікке ұнамады. Менің өзіме сондай жеңіл атау ұнап тұрса да, мұндай атпен сайттың болашағы бұлыңғыр деген болжамдар айтылды. Сол себепті әлі жолдың басындамыз, кеш емес әлі деген оймен кезінде Қазнетте танымал болған КерекИнфо сайтының атын таңдадым. Дабайдағы белсенділікті біреулер сол баяғы КерекИнфоға да ұқсатты, сол кездегі рух қайта келгендей деген пікірлер болды. Ақыры осы сайтта ақпарат бөлісіп жүр екенбіз, ақпаратымыз керек болсын, керек инфо болсын! Осы атты жатсынбай бұдан кейін КерекИнфоға үйрене берулеріңізді сұраймын. Ал қолданушылар Дабайшылар емес кезінде қалыптасып қалған Керекшілер деп аталайық.
Осындай ребрендингке түсіністікпен қарауларыңызды өтінемін, Дабай аты ұнайды дегендерден кешірім сұраймын. Бұрынғы доменмен де кіре беруге болады.
Осындай ребрендингке түсіністікпен қарауларыңызды өтінемін, Дабай аты ұнайды дегендерден кешірім сұраймын. Бұрынғы доменмен де кіре беруге болады.
«Дабайдағы белсенділікті біреулер сол баяғы КерекИнфоға да ұқсатты, сол кездегі рух қайта келгендей деген пікірлер болды...»
Сонда озгертуге себеп болған аргументтер осы ғана ма?
Біз де естіген соң келіп қалдық, Хамит пен Шыңғысханға айтамын жаңадан керек ашылды деп, Тек мына тіркелгіні активтендіргенде дабайдан хат келді, соны керекхатқа ауыстыру керек сияқты. Обышым тек көшіватыр ғо, жаймендеп қарай беріңдер.
Аздаған әзіл есі дұрыс адамдарды тартады. Интелекті әлсіз адамдарда ондай сезім болмайды.
Мен сіздермен даканцамын:) Әбден мұңайып мәмбетизмнің Олимп шыңына мықтап бекінгендеріңше көштеріңнен қалмауға тырысам.
jana saitka kirsem, Dabaikorea dep tur. bunysy nes dep tusinbei otyrmyn. soitsem men dabai.com dep terip jiberippin. ))
2001 жылы құрылды. ол кезде қазіргідей әлеуметтік желілер, мессенджерлер дами қоймаған кез еді. приколдарды, видео, аудиоларды почтамен бөлісетін едік. сондай кезде біз басында сайт, сосын форум қылып аштық. обшым форум болып кетті. өңкей жастар болды, 81-83тер көбінесе. күшті пікірталастар болатын. сосын ұйымшыл едік. Алматы мен Атырауда бірнеше кездесу, пикниктер өткіздік. Сол сайтта танысып, үйленгендер де болды. қазір әлі күнге шейін сол сайттың мүшелері бір бірімен хабарласып тұрады. енді сол мүшелер осы сайтқа қайта оралып, қазіргі жастарға өз тәжірибелерімен бөлісіп отыратын шығар деп ойлаймын. бұрын сайтта тек жастар едік, көп тақырыпта тәжірибеміз жоқ еді. ал қазір интернетте үлкен де кіші де отыр. енді нағыз КерекИнфо болады деп ойлаймын.
Уопшым, Керекинфо көптеген блогтар, сайттар, порталдарға шабыт берген, Ұлттық сайт, Мемлекеттік сайт деп өзіне көп алмай-ақ, жай ғана сайт болып-ақ елді баурап алған алғашқы жоба.
Тартты аударма азабын,
Ата-баба дәстүрін,
Ұмытпайық-ей! :)))
Аха, ұқтым:))))))))
Өткен аптада Алиша 30ға толыпты, Қарылғаштар бардық деген