Қайтпас Қайсаров

Қайтпас Қайсаров. Президенттіктен үміткер Уәлихан Қайсаровтың атын өстіп өзгертуге кеңес беремін. Өйткені өткенде қазақ тілінен емтихан тапсырудан «құлап» қалған Қайсаров, орталық сайлау комиссиясына қайта құжат өткізіпті. Бұлай болуы заңмен рұқсат етілген екен. Орталық сайлау комиссиясы әлі нақты шешім қабылдаған жоқ  деседі. Қайтпас батыр  қазір Хит тв-дағы ортасында тесігі бар қара көзілдірік таққан қос қыздың  “ Бір шанс бер, бір шанс бер” деген өлеңін ыңылдап, ОСК жақа үмітпен қарап отырған көрінеді.    Бұл жолы қазақ тілі емтиханын қатырамын депті. Сондай-ақ алдыңғы емтихан қорытындысы туралы лингвистикалық комисиямен келіспейтіндігін білдіріпті.

Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/02/11/%d2%9b%d0%b0%d0%b9%d1%82%d0%bf%d0%b0%d1%81-%d2%9b%d0%b0%d0%b9%d1%81%d0%b0%d1%80%d0%be%d0%b2/
Бөлісу:

1 пікір

akpatscha
"Қайтпас батыр қазір Хит тв-дағы ортасында тесігі бар қара көзілдірік таққан қос қыздың “ Бір шанс бер, бір шанс бер” деген өлеңін ыңылдап, ОСК жақа үмітпен қарап отырған көрінеді"
әй, өлтіресіңдер әйтеуір…