Сен қандай журналистсің?

Блог - Erbol: Сен қандай журналистсің?
Журналистің түр-түрі бар. Политехті бітіріп, он жыл зауытта істеп жүріп журналист болып кеткен инженер. Ән айтып жүріп, екі сөздің басын қоса алмаса да бағдарлама жүргізіп, өзін-өзі журналистпін деп жүрген “ журналис”. (Соның бірі Азияданың ашылуында бүкіл елді дүрліктірді). Журфакты бітірсе де, есі дұрыс дүние жаза алмайтын журналист. Керісінше басқа саладан келсе де он жыл оқыған журналистіңнің аузын айға қаратып кететін мамандығы мұғалім, қазіргі журналист. Осылай кете береді.

Өмірдің өзі көрсеткендей журналистікті оқудың қажеті шамалы. Табиғи талант, жазуға құштарлық басқа маман иесі болсаң да бәрібір журналистикаға алып келеді. Егер талантың тас жарып тұрса, қалтасында табақтай журналист деген дипломы бардың өзін аузын айға қаратып кетесің. Бірақ бір нәрсе бар. Таза журналист болу. Қазір журналистер жаза алмайды, айта алмайды, сауатсыз журналистер көп, журфак білім бермейді деген пікір көп. Рас, қазір журналистика былығып кетті. Ботқа сияқты. Кім-көрінген жүр.
4-5 журналисті танимын, тек фуршет, пресс-тур, пресс-ланч сияқты тамақ ішетін жерлерде жүреді. Сыйлық, тамақ бермейтін жерлерден кетіп қалады. Ана жерде тамақ береді екен десе гу етіп сонда жөнеледі. Сыйлық жетпей жатса шу шығарып, таласып жатқаны. Басты мақсат оқырманға керек ақпарат емес, сыйлық алу. Осылардың ешқайсысының мамандығы журналист емес. Бірі дәрігер екен, кешкісін жедел жәрдемде істейді. Бірі жаңағы политехті бітірген инженер. Жұмыссыз қалған соң, журналист болып кеткен. Осындайлар көп. Кей жерге барғанда компаниялардын пиар менеджерлері ой осы журналистерді -ай тоймайды деп жатады. Жаңағылардың ісі. Көбі қойшы өз мамандығыма кете салам деп ойлайды. Осыны көріп қазір дастарханға қалып, біреудің қолынан сыйлық алуға ұяласың. Журналистер аш екен деп айтпасын деп, кері бұрыласың.
Политехті бітіріп, журналист болып жүргеннің бірі менімен істейді. Қарапайым дүниелерді білмейді. Бүгін таң қалдырғаны Алтынбек Сәрсенбаевты тірі деп ойлайды екен. Қай жақта елші болып жүр дейді. Амал жоқ отырып қазақтың біртуар азаматын қай жаққа «елші» ғып аттандырып жібергенін түсіндіруге тура келді. Одан кейін ух деп отыра берсем сайттардың бірінен сумаң етіп «Амантай-кажы выдвинул свою кандидатуру для участия в президентских выборах» деген ақпарат шыға келді. «Аттан» дей жаздап барып оқып қалсам «На данный момент выдвинули свои кандидатуры три самовыдвиженца Уалихан Кайсаров, Салим Отен, Уалихана Кайсаров. Кайсаров выбыл из гонки, не сдав экзамен по госязыку. Второй должен пересдать документы в ЦИК из-за неявки на экзамен. Успешно экзамен на знание казахского языка сдал Уалихана Кайсаров» деген түсініксіз сөйлем жүр арасында.(http://news.mail.ru/inworld/kazakhstan/politics/5300534/) Түсініксізі Қайсаровтың екеу болып жазылып, біріншісінің мемлекеттік тілдің емтиханынан өтпей қалғаны, ал екінші Қайсаровтың яғни Уалихана Қайсаровтың емтиханды сәтті тапсырғаны. Сонда, Қайсаров қанша адам болып түскен сайлауға. Мына ақпаратқа қарасақ екеу. Тағы бір жанбағар инженердің ақпараты меніңше.
Журналистика жұмыссыздар айналысатын тірлік емес қой. Қоғамға ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру, оқырманға ой салу т.б еріккеннің ермегі емес. Әрине басқа сала мамандары келмесін демеймін. Келсін, бірақ бөтен ой, бөтен тірлікпен журналистиканы былғамаса екен.
Айтпақшы, қарап отырсам қазіргі журналистің мынша түрі бар?
Журфакты біткен, мамандығына адал, талантты нағыз журналист
Журфакқа теледидарағы жүргізушілердей атақты болсам деп армандап, байқамай түсіп кеткен, бірақ талантсыз, дарынсыз, аты бар заты жоқ журналист
Журналистикаға басқа саладан келген мамандығы -инженер, бірақ таланты бар, жазуы тастай «журналист»
Талант да, дарын да жоқ, мамандығы басқа, журналистиканы пайдаланып жүрген жанбағар.
Сен қандай журналистсің? Екінші мен төртінші болсаң қайқай, журналистиканы былғамай.

Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/02/10/%d1%81%d0%b5%d0%bd-%d2%9b%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d0%b9-%d0%b6%d1%83%d1%80%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d1%81%d1%82%d1%81%d1%96%d2%a3/
Бөлісу:

50 пікір

Abilakim
Мен, өмір деген теңіздің толқыны әскери салаға 5 жыл лақтырып жіберген, қазір мәдениет саласында "әртістермен әртіс" болып жүрген журналистпін. Мақаланы сараң жазамын. «Мындай жиналыс болды, анау адам жақсы адам» дегендей мақалаларға жаным қас. Жергілікті газеттерде жарияланған мақалаларым үшін студент кезімде соңыма ит түскен. ол шалдар кетпей ол жақтан орын жоқ. Биліктің сойылын соғатын БАҚ барғым жоқ Телевизия саласына аса құмар емеспін.Біреулер халыққа тез танылуға осы жақсы деп солай қарай жүгіреді.Екі таңдау берілсе: телевизия ма, баспасөз саласы ма десе кейінгісін таңдаймын.
sammita
телевизияға бару үшін мақала жазу аз ғой. Қысқасы, әркім қолынан келетінмен айналысқаны дұрыс. Алған дипломына да қараудың қажеті жоқ. Өз ойым.
Abilakim
Қолымыздан бәрі келеді демеймін, бірақ екі саланы да әкете аламын. Жоғарыдан төмен, ортадан жоғары деңгейдегі журналист болу қолымыздан келеді
alisha
менің мамандығым — филолог, журналист болсам деген арманымның жетегінде әдейі филологияны таңдадым. Себебі ұғынықты болар. Еңбек жолын радиодан бастадым, сондықтан да ТД мен газетке қарағанда радиоға аңсарым ауады да тұрады.
Gastarbaiter
Телевидиениеде жұмыс істей білу үлкен шеберлік. Туа бітті талантта бар, еңбекқорлық та қажет.
Газетке сөздің басын құрай алатындар жаза береді. Ал телевидениеде бір адамдай тілшінің деңгейіне жету үшін расында да тәжірибе керек. Мықты деңгейге жету үшін тәжірибе мен мықты ұстаз не талант болу керек. Мемлекеттің сойылын соқпау үшін ғана телевидиниеджен бас тартпас едім. Ақымақ себеп.
Мемлекетсіз қауым жоқ. Мемлекетсіз қауым мал боп кетеді. Адамның табиғаты сондай.
Бірақ телевидениеде бір-екі жылда өз орнымды ойып ала алмасам, менікі емес деп бас тартар едім. Ел жұртты алдай алмайсың, біреудің тіреп тұрса да, атақ пен ақша үшін масқара болып тұрмас едім, қолымнан келмейді екен деп басқа салаға ауысар едім.
Телевидениеде камерамен жұмыс жасай білу, дикция, импровизация жасау қабілеті, кез келген жағдайда сенімді сезіну үшін біраз шынығу керек. Текст жазу, мәнерлеп оқу, кез келген ақпаратты іздеп таба білу, бір орында отырмай шуылдаған белсенді болу, әріптестермен тіл табыса білу жүмыстың тек майда шүйді ньюанстары ғана. Бірақ сол сатыдан өтсең, арғы жағы тек өз ниетіңе, ізденісіңе байланысты.
Nurgisa
Толықтай келісем.
Мемлекеттің сойылын соқпау үшін ғана телевидиниеджен бас тартпас едім. Ақымақ себеп.
Мемлекетсіз қауым жоқ. Мемлекетсіз қауым мал боп кетеді. Адамның табиғаты сондай.
Мынауың көп полемикаға тұздық боларлық тезис екен.
sammita
міне! Мен де осылай ойлаймын +1! ТВ-да істегім келмейді деген бос сөз, кез келгеннің қарымы жетпейді оған. Түр-тұлға, дауыс мәнері, мінезі т.б. болуы шарт.
ken
бәлкім, шынымен де ТВда істегісі келмейтін шығар. сонда да бос сөз болады ма?)
Gastarbaiter
Бос сөз емес. Бірақ дәл қазір саған бір беделді каналдан телефон шалып, сенің гонорарың Рерихтікіндей, не тіпті Познердікіндей болады, бір-екі ай жақсылап тұрып дайындаймыз, тренингтен өткізіп, керек нәрсенің барлығын үйретеміз қам жеме, нағыз жұлдыз қыламыз! Десе Кендебай да Әбіләкім де Дабайға «дабай!» дейтініне күмәнім жоқ:)))
Abilakim
Мен «Жетінші арнаға» шақырылғанмын ашылып жатқан кезде.Бармадым.прицебімді ертіп қайда барам?
aktobe88
«Газетке сөздің басын құрай алатындар жаза береді»… Мхмммммммм… Мықты болсаңыз сол гәзитке жазбайсыз ба?
Gastarbaiter
Мен сізге газет бетіне шыққан сапасыз мақалалар тізімін келтірмей-ақ қойсам да түсінікті нәрсе ғой. Сіздің шымбайыңызға батса кешіріңіз. Мықты болдым дегенім емес, бірақ газетке мақалаларым шығып тұрады.
aktobe88
Анау, телевидениеде жүрген, ақылы көзінен-ақ көрініп тұратын Мәдина Сәдуақасова, Бақыт Қанат, Данияр Есен, т.т деген сияқты арзан шоу, құттықтау бағдарламаларын жүргізетіндерді газет журналистерінен мықты дей алмас едім.
Gastarbaiter
Оларды мықты журналист деп ешкім айтпайды ғой. Бірақ тіпті солар сияқты болу үшін де адамда аз да болса дағды керек.
Және сен келтірген мысалдар, менің телевидениенің күрделілігі жөніндегі тұжырымымды теріске шығармайды, керісінше кез келген адам алып кететіндей оңай еместігін дәлелдеп тұр. Тіпті мықты әншілердің өзі бұл тетікте тиісті орнын ойып ала алмай әлек болуда. Әрине әнші-актерлерде камераға жұмыс істеу дағдысы деген мәселе туындамайды. Олар өздерін еркін сезінеді. Көбіне сол шартқа сүйеніп алады оларды.
Телевидениеде қанша интеллектуал-ақылды болсаң да, белгілі бір дәрежеде шоумен, авантюрист, айғайқұмар, әзілқой не керісінше керемет трагик актерлік қасиетің болмаса онда қабат-қабат білімің мен ақылыңды басыңа жағып, ауылыңа сабақ беруге қайта берсең болады.
aktobe88
Айғайқұмарлық, шоумендік, т.т.т деген арзан сапалар тәжірибемен келетін нәрселер. Ұялшақ, бірақ интеллектісі жоғары біреуін телевидение айдынына тастап жіберші, екі-үш мәрте қиналып, сосын ысылып кетеді. Қайта осындайлардан мықты тележүргізуші шығады кейін. Ақыл болсын бастысы, ақыл. Әзілқойлық, тапқырлық артықтық етпейді әрине.
Ал, әлгі, жоғарыда сенің келтірген мысалдарың көрерменді бір тартар, екі тартар, ар жағында дым жоқ болса екі-үш көргенсін парасатты көрермен көрмейді ол бағдарламанды
Gastarbaiter
Көрмек түгіл көреді. Адамға эмоцияның барлығы қажет. Адамның барлығы ядролық физика мен психонализге қызығады десең қателесің. Адамның басым бөлігі Петросянның мәртебесін өсіретін қалжың (АҚШ, Ресей, ҚАЗАҚСТАН каналдарындағы кейбір әзілкешсымақтардың клоунадасын басқаша атай алмаймын) және ДОМ-2 сияқты жобалардың елде фурор тудыруын қалай түсіндіресің?

Көрермен хавает. Көрерменге ең топас нәрсені мистикаға, тылсымдыққа немесе арзан әзілге, немесе псевдо-конспиративті мәлімет айдарымен әдемілеп, белгілі бір актерлік қасиетпен берсең, чикушкамен де, чикушкасыз да суық күйінде де асай береді.

Бұл жақсы да емес, жаман да емес. Бұл қазіргі заман шындығы.
technosyndrom
Қолдамасқа шара жоқ.
Сол, біздікілер аса биік талғамға арнаймыз деп, сегізінші кластан ПТУға кетіп, төбелесіп, ақыры өмірге жаманды-жақсы орналасқан азаматтың талғамын ұмыт қалдыра ма деймін.
nurbergen_makym
Сол ғой, амиго, сол! «Пулицер айтқан екен» деген естеліктердің бірінде «Служанкаң түсінбейтін дүниені газетіңе баспа!» деген ахлағы бар екен, бұ кісінің.
Gastarbaiter
Тіпті ашуланып, жекіп, телевизордағы кейіпкермен ойша жаға ұстасып, экранды баспен ұрса да, бутербродын шайнап, бұрқ-бұрқ, күңк-күңк етіп телевизорды қарап отыра береді. Ертеңіне керек.Инфоға келгенде бәрі біреуді жамандап отырғанда, сен қалай құр қаласың? Сенде де бір ерекше мәліметтер болуы керек ғой сол ақымақ бағдарлама мен сериал жайлы.
Сондықтан бір сериясын жібермей көріп аласың. Сөйтесің де ертеңіне сұмдық бір саяси сарапшының әуенімен әлгі сериалды, немесе актерді, не бағдарламаның ішіндегі кейіпкерджің сүйегін мықтап шаясың. Бір де бір деталін жібермей.
Бірақ ең қызығы сен сол зомбодидарды бәрібір қарайсың… Ыхха ыхааа парадокс емей немене?
aktobe88
Уууф, қалай десем екен, жұрттың бәрін өзің сияқты деп ойласаң қателесесің.
Мен көрмеймін, мәселен. Осы, өз пікіріңді жұртқа таңғышсың-ақ.
Gastarbaiter
Балакан, шаршап турсаң пікірталасып нең бар. Демалсайшы:)
Керісінше, мысалға мен көрмеймін, деп жұртқа өз пікіріңді таңып отырған сен ғой. Сен көрмесең, Вася көред. Васяның көршісі көреді.
Бір қызығы «сен» деген сөзді мен жақсыз бастауыш ретінде қолданып отырмын, егер қазақ тілінен хабарың болса.
Тіпті сен сөзі біреуге бағытталса да, ол Техносиндромға бағытталған болар еді.
Айдалада сенің бес бидайың күйіп отырғаны )))
Тағы айтам, мәселе тап сен жайлы емес. Кей адамдар жайлы. Ондай мазохист адамдар арамызда көп. Қазақтың порносы шығыпты ойбай деп зар илеу үшін, іздеп жүріп базардан соны мың теңгеге сатып алып тұрып көретін интеллигентсымақтарды да білемін.
Qojeke
Сәлем, ақылгөй! Сорттап болдың ба адамдарды?
Qojeke
Дабай, газетке шығып тұратын мақалаларды студияға!
Qojeke
Биліктің сойылын соғатын БАҚ пен Мемлекеттің сойылын соғатын БАҚ екі бөлек түсінік.
zholantai
келісем, телеарна — адамның шынын айтқызады, бастан өтіп жатыр
nurbergen_makym
Ақша табу құралы ғана. Өнім шығару — сату — ақша. Болсаң, Иса быраттай журналист бол.
Пы.Сы. Критерийлегіштерін бұлардың…
Gastarbaiter
Нұрберген, ақша табу адамның қолынан келетін әрекеттерінің ең қиыны. Әйтпесе бәрі миллионер болып кетіп, енді рухани байлыққа қалай жетсем екен деуші еді. Ал бізде қанша рухани бай адам болса да, егер тиісті ақша-марапатын ала алмаса өзін біртүрлі мойындалмаған, бағаланбаған гений сезінетін сияқты.
nurbergen_makym
Сен сияқты ма?
)))))))))))))))))))))))))))
Gastarbaiter
Қап сволыш, дәл таптың. Келесі инвалидтік пенсияма дейін чикушка алуға қарызға 500 теңге бере тұрасың ба?
meirzhan
«Журналистікті оқуды қажеті шамалы» деп бастап, пост аяғында басқа мамандықты бітіріп журналист болып жүргендерді сынапсыз.
akpatscha
Жұматай Сабыржан деген марқұм мықты журналистің айтқаны бар еді:
— Шіркін, менің жазғандарымы ешкім оқымайтын, менсінбейтін жағдайға жетсе, қзақ журналистикасының болашағына өкінбес едім,— деп. Өкінішке қарай, мен журналистиканы бітірмесем де, Жанарбек Әшімжан, Әмірхан Балқыбек, Қасым Аманжол сияқты әріптестерімнің қолына су құя алмасам да, оқрмандарымның аз да болса бар екенін байқаймын. шыны керек, әріптестерімнің хоккей туралы айтып отырып «пенальтиді дәл соққаны» туралы жазғанын, Хосни Мүбарактың кім екенін, Рой Медведевті Роя Медведева деп жазғанын көргенде тәубама келемін. Орыс журналистерінің қазақ өызарының алаңаш бильярд ойнап жарысудан жеңіске жеткенін жазғанын оқыған кезде, өзімнің керек екенімді сезінемін.
Өзімнің қандай журналист екеніме әл қазір жауап беруге қиналамын. мәдина сәуақасова болсам, «Тележүргізушілік — хоббиым» деп жауап берер едім. Азамат Сұрыпбай болсам «телевидениеде жұмыс істеу оңай емес, бірақ еңбектенсең, бойыңда талант ьолса барлығы қолыңнан келеді» дер едім. Тағы да басқа қазір өзін мыты санайтындар көп. гаста сияқты журналистерді сынайтындар да көп. Гастаның сынағанына қуанамын, себебі, аз да болса сынға қабілеті жететіндер де бар екен.
Общым, егер бәсекеге қабілетті болсам, осыдан бірнеше жыл өткенде әлі де журнаист болып жүремін деген үмітім бар.
akpatscha
Роя Медведева деп жазған айқындық әріптесіме, хоккейде «пенальти соғылатыны» туралы жаңалық ашқан телевидениелік әріптесіме қарным ашады. Бәлкім, менің де қателескен тұстарымды көріп жүргендер кпө шығар. Орыс журналистері қазір мықты болып тұр, бірақ қазақ журналистері өздерін олардан кемшін санаса, онда біткеніміз…
asaubota
Роя Медведевалар жалғыз емес :)
Gastarbaiter
Акпатша, мен журналисттерді сынамаймын. Қай салада болмасын, өз тұтынушысын ақымақ санайтын мамандарды сынаймын, ал бір жағынан тұтынушылардың деңгейін көріп, олардың мотивтерін де түсінемін. Сондай love-hate көзқарастамын:) Қалай түсінсең олай түсін, бірақ мені журналисттер сыншысы деп адаспа.
akpatscha
Қазақта әдебиет сыншылары бар, бірақ журналистика сыншысы туралы естімеппін. Сол себепті, сені «журналистер сыншысы деп адаспаймын». Алайда, Кездесуде жүргенде сыни пікірлер айтатынсың, соны есепке алып отырмын.
Gastarbaiter
Сөзбен айтылған әрбір сынға теріс реакция білдіріп, өзін іспен емес, сөзбен қорғайтын адамды мен журналист деп санамаймын.
Qojeke
Сендер талдамасаңдар да жазатын адам жазады сөйлейтін адам сөйлейді. Неге қызылкеңірдек боласыңдар? Ұнамаса, оқыма или қарама.
Gastarbaiter
Өйтетін болса, бүкіл сараптамалық бағдарламалар, ток шоулар, ақындар айтысы, дебаттар іске аспай қалады ғой. Тіпті сало жалаған Михайло мен қазысын тураған Сүгірбай да арағы таусылғанда пойыздағы уақытты қысқарта алмас еді.
Qojeke
Программист пен уев-дизайнердің айырмашылығын білмесе де осы тақырыптарды бірінің үстіне бірін баттастырып жазып жатқан опытный журналистер баршылық. Олар солай етті екен деп біліктілігін жоққа шығаруға болмайды. Тек көп алып қояды деген орынды болар.
konvict
Біреудің жақсы, не жаман журналист екенін оның оқырманы анықтайтын шығар. Ешкім өзінің жаман екендігін мойындамайды
edige
Ток шоуға айналып жатқан телевидениеде елге етене таныс жүргізушіні «Ой епты ғұлама екен» деп жүрсем, үлкен таблода жүріп жатқанды оқеееееееп жатыр нақ.
Бір уақ шапалақты түсіру үшін 30 минутымыз «алақан ауыртумен» кетті, 15 дубляж
asaubota
осы журналистерде сөзді өзгерту құқығы болады ма? мысалы мына жердегі «менің» сөздерімді оқысаңдар бұл менің сөйлеу стилім емес екенін көресіңдер.

alashainasy.kz/qwestions/23355/

– Елімізде қазақтілді интернеттің дамымай отыр­ған­дығының бір себебі – бізде оны қолданушылар саны аз. Екінші бір маңызды мәселе – қазақ қоғамының интернет сауаттылық деңгейі төмен. Көптеген адамдар заманауи электронды бағдарламалармен дұрыс жұмыс істей білмейді. Жастарымыздың басым бөлігі интернеттің шексіз мүмкіндіктерін пайдалана білмейтіндіктерінен mail ru.-дың маңайынан ұзап шыға алмайды. Сондықтан да біз интернет сауаттылықты жетілдіруді дереу қолға алуымыз қажет. Қазір бірде-бір телеарна, радиода, бірде-бір газет-журналда осы тақырыпты қаузайтын қажетті айдарлар жоқтың қасы. Арнайы басылым тіпті жоқ. Қазір бұқаралық ақпарат құралдарында технологиялық жетістіктерді жаппай игеру жағын кеңінен насихаттау үрдісі қалыптаспай отыр. Сондай-ақ біз интернетті тек ақпарат алушы ретінде ғана пайдаланбай, оған елге қажетті мәліметтер салып отыруымыз керек. Бізді ешкім қолымыздан қағып отырған жоқ, бәрі өзімізге байланысты.
Nurgisa
осы тақырыпты қаузайтын қажетті айдарлар жоқтың қасы
басқа-басқа, әйтеуір сенің дәл осылай өмірі айтпайтыныңды дәл білем, құрдас
alisha
Сұхбат берушінің сөзін бұрмаламай сол қалпында беретін болса, газет ала-құла боп кетеді ғой. Әрине, бәрі бірдей емес. Мысалы, Бақыт Сәрсекбаевтың неше түрлі қазақша сұхбаттары жарық көрді. Ал негізінен телеарналардағы сұхбаттарына қарап оның сөзге сараң жігіт екенін байқау қиын емес.Журналист оның ойын біледі де, сол ойдың аясында әңгімені әрі қарай жетілдіреді. Бастысы — ой бұрмаланбаса болғаны ғой, бірақ қазір оған қарап жатқан ешкім де жоқ.
asaubota
сол дұрыс емес меніңше. қалай айтылды солай беру керек. газет әдеби кітап емес қой, оқырман небәрі ақпарат алғысы ғана келеді. әдеби сөздерден құралған кроссвордты шешуге неге зорлайды түсінбеймін. сосын барып қазақша газеттерді ешкім оқымайды дейді. әрине оқымаймыз.
alisha
әрине, енді тым әсірелеп жіберетіндерді мен де қолдамаймын… Бірақ бұл тек қазақ газеттеріне тән құбылыс деп ойлау, меніңше, қате.
konvict
Сұхбат алған кезде кейбіреулер өз ойын толық жеткізе алмайды ғой. Қалай айтылғаны бойынша берер болсаң ішіне қосылған орысша сөздерді де қосуға тура келеді.
Рас енді тым әсірелеп жіберген де дұрыс емес