Нәскиге ода
Ескі шұлық дегенде ескі шұлық,
Түгіңді қалдырмаппын тесік қылып.
Менен емес, топлидан кінәні ізде,
Бәле ғой тұрсаң мені сезікті ғып.
Әйтпесе, судай жаңа болғаның рас,
Аяққа «хөуппәлә» деп қонғаның рас.
Табаның майланғанша киіппін-ау
Мұңым болар… мұным болмас…
Елең-елең етеміз нәски десе,
(Қарасын I love you әсіресе)…
Сені өлердей сүюім соншалықты
Тез-тез киіп алар ем қаз ки десе.
О, нәски!!! Гөлфиің бар, жүн нәски бар,
Тобыққа келетұғын құр нәски бар.
Тоқылғаның бар тағы, сосын бар ғой –
Ешқашан тозбайтұғын жыр нәски бар!
Нәскиің таза болса сенімдісің,
Демек ки, тазалықта сенің күшің.
Резіңкеңді алушы ек рогаткыға,
Сен сонда жаманбысың, керімбісің?
Нәскидің жақсы болуы адамынан,
(Сақтай гөр нас, ұқыпсыз, жаманынан)
Жыртпай, сөкпей, майлатпай таза ұстаса,
Айналып кетесің әр қадамынан!
Жігіттер, нәскиіңді таза ұстаңдар,
Бір апта киемін деп алжаспаңдар.
Ыңғайсыз исі болмас, сасымас деп,
Үміт еткен халқың бар, Қазақстан бар!
Мінеки, осы біздің сарын, нұсқа,
Нәски деген маңызды барлық тұста.
Әйел көркі шүберек, жігіт көркі –
Нәски екенін мәңгілік жадыңда ұста!
5 пікір