Хааа-ли-ллуй-яяяяя!!!

Блог - technosyndrom: Хааа-ли-ллуй-яяяяя!!!
Баптист шіркеуіндегі жексенбілік құдайға құлшылықты зәңгілердің қалай өткізетінін, көбіңіз кинодан көрген боларсыздар. Былайынша бір сарындылау әрі жалықтырарлық уағыздар – рэп, хип-хоп мақамымен айтылған кезде, қалайша жүзейіп шыға келеді! Егер мен Исаның үмметінен болсам, нан-інжіл шын сөзім: ақ адамның ішпыстырарлық уағызына енді қайтіп жоламай кетер едім.

Сол сияқты, жиналыстарда да көтеріңкі көңіл-күй атмосферасын қалыптастыру – табыстың кілті. Әрине, қалалық әкімшіліктің жылдық есеп беруінде ешкім саған қара жорға билетіп қоймас. Бірақ, көбіне бейресми жиналыстардың өзін кейбір азаматтар – қаралы жиынға бергісіз қылып өткізетіні өкінішті-ақ. Атып тұрып: «Ау мерейтой ғой бұл, жымисаңшы!» дегің-ақ келеді.
Көбіне, шетелден бірдеңе түйіп келгендер бейресми жиылыстарды жақсы өткізе біледі. Ол жақта не үйретіп жіберетіндерін білмедім, бірақ мынадай принциптер ұстанатын сияқты:
1. Ауызекі тілде сөйлеу. Өзінің де ет пен сүйектен жаралған пенде екенін көрсету арқылы, кәдімгідей баурап алады-ақ.
2. Өзінің де, басқалардың да беделін тәрік ету, және келушілердің аты-жөндерінен басқа нәрсе мұнда рөл ойнамайтынын бірден білдіру. Сондықтан болар, басқа жиындарда алдымен – атағы, сосын – аты фанфармен аталатындар, мұндай жиындарда ешкімнен артық та, кем де болмай, жұртпен тең отырады.
3. Саусақтан проблема сормау. Иә, өкінішті-ақ, көп жерлерге өмірмен емес, Интернетпен дайындалып барған шолақ белсенділер, өзекті емес мәселе қозғайтыны рас. Адам құқығы айтылатын жерде қаңғы мысықтардың арасында белең алған аштық жайлы, бастауыш мектепке кітап жетіспеушілік туралы тақырыпта сөз алып, жасөспірімдер арасында махаббат мәселесін ашық түсіндіру жайлы оттап кететіндер көп-ақ. Оларға француз қоғамы не, қазақ қоғамы не, бәрібір, ерте жаһанданып кеткен бәлелер кілең. Сөйлеп қалса болды. Көбіне сәтті жиындар осындай далбасасыз өтеді.
Осы үш ұстанымды мықтап ұстанғандардың жианалыстары көбіне сәтті өтетінін байқадым мен. Көрген көзде жазық жоқ, ал ойып алмақ болсаңыздар – алдымен теріске шығарып беріңіздер.

Мақала сілтемесі: http://xattama.wordpress.com/2011/02/11/hallelujah/
Бөлісу:

7 пікір

asaubota
бұрын акиматта ІТ бөлімде жұмыс істеген едім, бір үлкен жиналыс болып, біздің жігіттер проектор, микрофон т.б қырс-сырттарына жауап береді. гимнді қосу да біздің жігіттерге тапсырылған, бірін-бірі түртіп прикаловатся етіп отырған біздің екі жынды байқамай гимн орнына Рамштайнның Ду хастын қосып жіберіпті :))) кейін бастық әкімнен сөз естіді, ана балдарға выговор :)
gerakl
Көзіме елестеттім. Әнұран айтылады деп жарияланады. Адамдар қолдарын жүректеріне қойып, орындарынан тұра бастайды. Сол кезде… Рамштайнннннн
буга-га-га-га )))))))))))))))))
omarbirat
Жүректерін ұстап, қайтадан отырады :))))
Abilakim
кеңк-кеңк-кеңк)))) Екі жігіттің біреуі өзің екенін мойындасаң мә тағы кеңк-кеңк))))
asaubota
мен болсам ондай ағаттықа жол бермес едім :)
Daniar-Alan
былтырлары талай кетті ауӘӘ осындай приколдар…
ken
осы «хәләуләй/әләуләй» деген сөздер, меніңше, «халлилуя/аллилуялардың» қазақшаланған нұсқасы болса керек