Блог Құрылтайдың 9 ережесі
1. Блог Құрылтайға қатысушылар шақырылмайды. Тек құлақтандырылады.
2. Қатысуға ниет танытсаңыз, аты-жөніңіз бен презентация тақырыбын тіркеу формасында көрсетуіңіз шарт.
3. Блогыңызда, twitter-де т.б. жолдармен “ Блог құрылтай” тыныс-тіршілігін баяндап жүріңіз. Әрі #blogquryltai2011 деген ілмекті қолданыңыз.
4. Барлық айтылар әңгіме Блог құрылтайға қатысты болуы тиіс.
5. Бір уақытта қолда бар мүмкіншіліктерге қарай мейлінше көбірек презентация болғаны мақұл.
6. Күні бұрын жоспарланбаған презентациялар мен кезбе кісілерге жол жоқ.
7. Презентация қанша уақытты керек етсе (яғни 20 минут), сонша уақытқа созылады әрі қарай кезекте өзінен кейін тұрған презентацияға орнын босатады.
8. Блог құрылтай тәрізді Camp түріндегі жиынға алғаш қатысып отырсаңыз, міндетті түрде презентация жасауға тырысыңыз (бұл, әрине, міндетті шарт емес, бірақ мүмкіндігінше солай істеуге тырысыңыз, не болмаса сұрақ қойып, “BlogCamp: Блог құрылтай” жұмысына белсене атсалысыңыз).
9. Блог құрылтайдың жақсы өтуі тек қана өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз!
пысы. әзірлеуге жәрдемдескен Нұрғисаға рахмет! Ал, енді сұрақтарыңызды қарша боратсаңыздар болады
Мақала сілтемесі: http://urimtal.wordpress.com/2011/02/11/%d0%b1%d0%bb%d0%be%d0%b3-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d1%8b%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d1%8b%d2%a3-9-%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%b6%d0%b5%d1%81%d1%96/
Тіркелмей-ақ келе беруге бола ма?
Тізімге тіркелейін десем, құрылтай өтіп жатқан уақытта жұмыстан қолым тошны босамайды деп сәуегейлік танытып отырмын да. Бірақ кім біледі, құмалақтың да жаңылысатын кезі болады. Сондай кезде тіркеусіз-шақырусыз барып қалсам, түркі тілдес ағайын халықтың бірінен де жаман болып қалмаймын ба деп алдын ала сақтық шараларын қарастырып жатырмын :)
Бірінші сұрақтың жауабы «иә» болса: тізімге баяндама жасаушылар тіркелген бе?
Сірә үйлестіруге демеушілер Өрімталға ақшаны аз берсе керек.
Әйтпесе есі дұрыс ересек кісілер үшін адам санын көбейтіп, көп бірі, көт кірі болу емес, Қазақ интернетінің жасампаз қауымымен бір қауышу ғой бар арманы.
Сол қатарды Презентация 20 минуттан көп уақыт алмауы керек десеңіздер қалай болады?