Қазағым қайда барасың???

Ассаламуалейкум достар!
Елболып еңсе көтергелі бері 20 жыл болды. Бір адамның өмірімен санағанда аз уақыт емес. Бұл 20 жастағы жігерлі, өскелең, жинақы жігіттің, тас шайнап, жүз бүркетін кезеңі. Бірақ ипрериалистік елдің боданынан құтылып, өз тәуелсіздігімізді алып еңсемізді биік көтергенімізге қарасақ, 20 жыл түкке тұрмас нарсе.
Мен Астана-Сарағаш поездымен ауылға бар жатқанымда мынандай ой туындаған болатын. Арқаның арғы бұрышымен мына бұрышын мекендеп жатқан қандас бабаларымыз, аталарымыз. Солардың кезінде интернет, теледидар, радио, техникалық көліктер болмаған. Бірақ қыпшақ жері бір тілде сөйлейді, бір әнді айтады, дәстүрі, салты бір, керемет мәдениетті сақтап келді.Ол кісілер ұрпақтарын тәрбиеледі, оларға АЛАШ сөзінің мағынасын миына құйды. Осы уақытқа жеткен қазақ деген атымыз бен мәдениетіміз Қазақ, Алаш азаматының тәрбиесі.
Кеңес үкіметі кезінде орыстандыру саясаты қазақ қауымына қатты әсер етті, ол қазақ мәдениеті мен тарихын улағысы келген болатын. Мәдениетіміз, тарихымыз бен өркениетімізді сақтап қалғанымен, қазақ ұрпағының АЛАШ, ҚАЗАҚ сөзін ұғыну қай деңгейге жетті?!
Кешегі 5 арысымыз, 3 бәйтерегіміз, Алашшылар, -қазағым, алаш жері, қазақ ұлты, қазақ мәдениеті, өркениеті,-деп найзаның ұшымен болмаса да қаламның ұшымын жазып, қанын төккен ағалар.
Бүгінде біз солардың үмітін ақтап жатырмыз ба?
Қыздарымызды күң қылмаймыз, ұлдарымызды құл қылмаймыз,-деген Қазыбек биіміздің сөзін құрметтеп жатырмыз ба?
Батыстанып барамыз… Ұлттық құндылықты жоғалттық… Қазақ мәдениетінен жұрдай болдық…
оны егжей тегжейлі айтудын қажеті жоқта шыгар… оган барлықтарыңыз куә шығарсыздар. Мүмкін жаһандану процесі кері әсерін тигізіп жатқан болса керек…
Батыстанумен қатар бізде көптеген лаңкестік ұйымдар мен секталар белең алуда. Қазіргі таңда ең қызығы бір қазағымыз сол сектаның мүшесі болып кетіпті ғой десе, оған ешкімде таңданбайды…
Қазағым қайда барасың?!
Іргемізді кеше ғана қалаған жас, жаңа еліміздің 16 млн халқы бар. сол халықтың 62 пайызы ғана ҚАЗАҚ. мен бұл жерде ұлтшылдық көзқарасты ұстанып тұрғаным жоқ. Менің айтайын дегенім, қазақ болып бір бірімізбен бөлісіп, қақтығысып жатсақ, мәдениетімізбен салт-дәстүрімізді ұмытсақ, ағаларымыздың, аталарымыздың бізге берген аманатымен, бізге артқан үмітін өз қолымызбен жойғандай боламыз.
Менің айтарым- ҚАЗАҚ! тарихыңа үңіл, бет бұр, және сол жолда өз үлесіңді қос!!!
Бөлісу:

74 пікір

Gastarbaiter
«Елболып еңсе көтергелі»,«ипрериалистік елдің боданынан құтылып»,«тәуелсіздігімізді алып еңсемізді биік көтергеніміз»,

— Осы сөздерді айтқан адамның фантазиясы керемет екен. Неткен шығармашылық талант! Неткен тың тіркестер! Неткен оригиналды ойлау қабілеті!

«Кеңес үкіметі кезінде орыстандыру саясаты қазақ қауымына қатты әсер етті»,
«ол қазақ мәдениеті мен тарихын улағысы келген болатын»,

«Кешегі 5 арысымыз, 3 бәйтерегіміз, Алашшылар, -қазағым, алаш жері, қазақ ұлты, қазақ мәдениеті, өркениеті,-деп найзаның ұшымен болмаса да қаламның ұшымын жазып, қанын төккен ағалар»,
«жаңа еліміздің 16 млн халқы бар».
«62 пайызы ғана ҚАЗАҚ»,

— Мәссаған! Мынандай құпия деректерді қайдан алдың? Рахмет білім базыма қосып қойдым©
«Батыстанып барамыз… Ұлттық құндылықты жоғалттық… Қазақ мәдениетінен жұрдай болдық…», «бізде көптеген лаңкестік ұйымдар мен секталар белең алуда», "Қазағым қайда барасың?!",
ҚАЗАҚ! тарихыңа үңіл, бет бұр, және сол жолда өз үлесіңді қос!

— Шапалақ! Шапалақ! Шапалақ! Автордың жағына тартылсын! 3-сыныптың оқушысы жазған шығарма болса, сарказм үшін кешірім өтінем.
Aitzhan_b
айтарым жоқ
blackbeard
Айтжан бауырым! Тоқтама! Жаза бер әкесінің аузы! Бұл сөздеріңді тыңдайтын қазақтар әлі де жетерлік! Бұл қазақ ешнәрсеге көңілі толмаған! Баяғы қазақ сол қазақ! Өздері айтуға намыстанады (Намыс болса мейлі ғой намыстанатын!)! Ұлтым деп жүрген қазағым қайдасың деп жатса, бұлардың мазағын қара! Сөздеріне болайын!
sammita
жеке сайтымды аштым дейсің, тек жазудағы қателіктерді түзетуге, ойды жинақтап жазуға, сауаттылыққа т.б. үйрене бергенің артық болмайды.
alisha
Саммита, сізге толығымен қосыламын!
Nurgisa
Қосылып не істемек ойдасыздар?
sammita
;) бір байқағаным Алиша әркімге қосылуға даяр тұрады екен;)) Кеше Гүлістан ба біреумен қосыламыз деп жатқан.
alisha
ол кезде ақша жинауға қосыламын дегем…
Nurgisa
тумысынан сонда қосылғыш перзенттер болады.
Анау, «Тақиялы періштедегі» Әмина апа естеріңізде шығар, сызылып тұрып, "… айтқанына қосыламын" жымия салатыны. Несі бар, жақсыға жайсан қосылса, қолпаштамай түлен түртіп пе.
qisyq
Онысы қауіпті екен. Әлиша маған қосылған жеріңіз бар мед, жоқ пед, есіме түсіре алмай отырмын:(
alisha
Саммита әзілдеп айтқан болатын..Өз пікірім-өзімде. Қытығыма тимеңдерші((((
nurbergen_makym
Неткен қатыгез едіңіз, Алиша!
Nurgisa
:))))) зәбір көріп, мүләйімси қалған түрін… :)
alisha
қате көрсем, жыным ұстайды. Бұл туралы Саммитаның "Қатесіз жазайық" деген тақырыбында біраз айтқанбыз…
nurbergen_makym
Сәндібек бір тройной тулуп жасап қалған шығар, жарықтық
Nurgisa
Эхх, Сәндібек… Дүкенге шырпы алуға да мәнерлеп сырғанып барушы еді…
alisha
алтын ғой ағай деген…
Abilakim
Мырзатай Жолдасбеков сенің туысың емес пе?
Nurgisa
:))))))))) актуальді әжуа :)))))) +1!
Qojeke
ОСылай жазып тұрып қАТЕ жібердің. Не дейін?
gerakl
Мектептік олимпиадаға жазған шығармаңыз ба?
sammita
«Бұл 20 жастағы жігерлі, өскелең, жинақы жігіттің, тас шайнап, жүз бүркетін кезеңі»
көз алдарыңа ештеңе елестемеді ме?
Abilakim
өзіміз жиырма жасымызда тепсек алюмини үзетінбіз. Болса болар!
sammita
«жүз бүркетін кезеңі»;)
Abilakim
Жүзі қаралар жүзін бүркеп ұстаушы еді…
sammita
«Ассаламуалейкум достар!»
«Батыстанумен қатар бізде көптеген лаңкестік ұйымдар мен секталар белең алуда. Қазіргі таңда ең қызығы бір қазағымыз сол сектаның мүшесі болып кетіпті ғой десе, оған ешкімде таңданбайды…»
«бет бұр»

бірдеңенің иісі шыққандай ма, былай қалай өзі;)
Nurgisa
саммита, бұл жердегілерден сезіктенбе. Кеңселес біреуің жақсылдап жұмыртқа жесе керек қой таңертеңгілікке. Оны ұялтқың келмесе, ақырын ғана барып терезені аша сал. Тез иіссізденеді.
Aitzhan_b
Стандартты ислам дінін ұстанған адаммын, еш күмән келтірмей-ақ қойыныз!!! Егер иіс шыгып жатса ол ас үйден болса керек)
nurbergen_makym
Стандартты ислам дінін ұстанған адаммын, еш күмән келтірмей-ақ қойыныз!!!
ГОСТ Ислам? Ом мане падме хум…
ken
"дәстүрлі ислам" дегісі келген болар
sammita
дәстүрлі ислам деңіз.
Gastarbaiter
Дәстүр әр жерде әртүрлі ғой. Бізде ең кең таралған дәстүрдің үшеуі бар. Арақ ішіп жүріп төбелесіп өлесі таяқ жеп, ертеңіне әруақ қысып, бәрін қойып намазға жығылғандар, екіншісі өлгенге барып фатихасын оқып, кешке бір жарты ішіп отырып, дастарханда арақ тұр, Құдайды атауға болмайды бұндай жерде деп отыратындар, Үшінші вариант, Әлхамдулла мұсылманмын бірақ намазға жығылуға дайын емеспін, қартайғанда болмаса деушілер.
Төртінші вариант форумда хиджап киюшілерді өлгенше қорғап, бірақ өзі хиджап кигендерге қырындамайтындар. Бірақ олар дәстүрлі емес.
Бұл жігіт қай дәстүрді ұстанады екен.
sammita
не айтып кеттің? Дәстүрлі ислам деп жүргеніміз көзімізді ашқалы бері отбасында, ауылда ұстанып өскен мұсылмандық қағидалары. Жұма күні майдың иісін шығару, зиратқа барып дұға-құран оқу, тамақтан соң бет сипап ас қайыру. Осыдан дұрысы жоқ дәл қазір біздер үшін. Ал қырыққа бөлініп "үйтпе-бүйтпелеп" жүргендерде шаруам жоқ.
Gastarbaiter
Сол ғой айтып отырғаным. Сен де мен айтқанды айтып отырсың тек сен қалай болу керек екендігін айттың, ал мен іс жүзінде қалай екенін айттым. Бәлкім біздің өмір сүру ареалымыз әртүрлі болған соң, шындығымыз да екітүрлі шығар. Оған да шегерім жасаған дұрыс.
Gastarbaiter
Бауырым ренжіме арзан көтриотизм нышандары асқынып ақырғы стадиясына жетпей тұрғанда алдын алайын дегенім ғой. Алда әлі талай қызық бар.
nurbergen_makym
Бәлки, пешенесіне жазылған бар қызық — осы арзан көтриотизм нышандары болса ше, Гас?
))))))))))))))))))))))))))))))))
Gastarbaiter
Зомбилерді құтқару деген мессиялық мақсатым болмаса да, әлгіндей пессимистік ойдан аулақпын.
bazuka
Іргемізді кеше ғана қалаған жас, жаңа еліміздің 16 млн халқы бар. сол халықтың 62 пайызы ғана ҚАЗАҚ.
қазір 100 пайыз таза бір ұлттан тұратын мемлекет жоқ шығар, африкадаға тайпалар болмаса.
Gastarbaiter
Жапондар 99 пайыз деген өтірік болғаны ма?
Aitzhan_b
Bazuka егер басқа мемлекеттердің статистикасын білмесеңіз өзіңізді кінәлаңыз, «шығар, бәлкәм» деген сөздің бұл жерде қажеті жоқ
мысал: Жапония 99,7 пайызы жапондықтар.
bazuka
жоқ бүл цифрыңыз қабылданбайды 0,3 пайызға кем орындадыңыз))))))
bazuka
шығар дедім ғой, қазақша түсіну қиын болып тұр ма сізге?
meirzhan
Қазақ үшін маңызды, өзекті тақырыптарды қозғап өтіпсіз. Жалпы қолдаймын.
Әрине мұның бәрі айтылып жүрген мәселелер. Дегенмен де бағыттан айнымас үшін еске салғанның айыбы жоқ шығар.
Бұндай патриотизм мен саналылыққа жетпей жүрген жастар да баршылық. Шүкір дейік мұндай саналы алаш азаматтарының бар болғанына.
Құрметті пікір білдірушілер, орфографиялық қателер мен ойды жеткізу формасына сын білдіріпсіздер. Әрине, сын түзелмей мін түзелмейді деген бар. Дегенмен де сын конструктивті болуы керек. Көш жүре түзеледі демей ме. Әлі-ақ орф-лық қателер де,… триотизм нышандары да жойылады.
patick
… триотизм нышандары да жойылады.

идиотизм нышандары ше?
meirzhan
Қазақтың намысы мен рухын оятқанда қандай идиотизм көріп тұрсыз?
Gastarbaiter
Төбедегіні жазу үшін сананың қажеті жоқ.
meirzhan
Әрине, оригиналды дүниелерді жазу өте сирек кездеседі. Дегенмен де мүмкін бұл блоггердің алғашқы қадамы щығар. Екінші жазба бұдан да оригиналды болар. Бірден қатты сынаған үшін тағы жазуға құлқы болмай қалуы мүмкін емес пе?! Ал ғаламтордағы қазақ тілділердің аздығын ескергенде бұл өте жағымсыз процесс. «Бүгін автобусқа отырдым. Одан кейін обед іштім» деген деңгейден жоғары емес пе бұл пост. Қысқасы «біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос».
Gastarbaiter
Абайдың сөзін жаттағанның бәрі дана дейсің ғой.
meirzhan
Бір табан жақын тұрады.
asaubota
айтжан, жігіттердің айтқысы келгені: мұндай тақырыптардан уже жұрт шаршады, жалықты. жылауық газет немесе абайкизет сияқты сайттарда болмаса мұндай жерде мұндай материал "өтпейді".
Gastarbaiter
Өйткені бұндай тақырып жазу үшін ешқандай білім, ізденіс, немесе еңбектенудің қажеті жоқ.
Тек мектептегі мұғалімдердің линейкадағы сөздеріне құлақ түріп, телевизор қарап жүрсең болды.
Мақаладағы «лоқсық» шаблондарды оқу үшін керекиноф.кз-ке кірудің қажеті жоқ.
Бар болғаны ауыл-аймақтарға қойылған билбордтарға көз салып жүрсең болды.
Бұл тақырып тіпті адамды нақты әрекеттерге шақырмайды да. Тіпті Абай.Кз- пен жылауық газеттерде де бұл мақала өтпейді. Шыны керек бар құлақ құртын тауысқан шаблондардың үздігін жинап әкеп эталонды көтриоттық мәтін жинап жапсыра салыпсың. Сол үшін рахмет ауторға.
Әзіл ретінде копипасталап, форумдарға салғанға жынды прикол екен.
asaubota
мен мысалы оқыған жоқпын мақаланы, былай бір қарап өткенде түсінікті не туралы екені. мен мұндай «мақалаларға» "ҰШАҚ мақалалар" (Ұлтшылдық Шаблоны Арқылы Құрастылырған) деп ат қойсам бола ма?
Nurgisa
мына тақырыптағы Гаста екеуміздің пікірлеріміз біреудің шымбайына қатты батқан сияқты ғой :) -1лерден көз сүрінеді :)
asaubota
ҰШАҚ пилоттары маған да қонып кетіпті
Nurgisa
Қосалқы аэродром синдромы шығар :)
Abilakim
Мен -1 дің біреуіне + 1 қойып едім Нөлге айналып кетті))))
sammita
"+" кімге қойылған, "-" кімнің пікірінде тұр, түсінікті кімнің қолымен жасалғаны;)
Nurgisa
Қыз күніңде Дана Скаллиді көп қарап па ең? :)
Gastarbaiter
Менің жазбаларыма өзімді азды кем танитындардың қандай сын болса да мықты иммунитеті қалыптасқан баяғыда-ақ. Кім болса да, танымайтын біреу болды ау.
Abilakim
Иә, бұл бір жан алысып жан беріскен жазба болды.
omarbirat
Аузынан шыққан әр сөзді елдің бәрі бір тактпен бас шұлғып отырып тыңдайды деп, өзін-өзі эмси санайтын репірлердің шығармасы сияқты боп кетіпті. Басқа эмсилердің стилін көшіруге орын жоқ! Жазсаңдар, тың нәрсе жазыңдар! ;)
ken
Эхх… қазағым, қайда барасың??? (комменттерді қарап отырып туындаған сұрақ қой)))
Gastarbaiter
Типі философиялық сұмдық қорытынды жасап қойдың:)))Шұлығеееем))))))
Бәлкім осы жазбаға мен тым қатаң баға беріп, жерден алып, жерге салмағанымда, жеккөрушілік оты тұтанбас па еді.
Қандай болсаңдар да аман болыңдар, қазақтың да әр түрлісі болғаны жақсы. Көтриоттың бәрін өстіп құртып ап, ертең ермек іздегенде сағынатын жарықтықтармыз ғой:)
ken
осыған жауап жазадытыныңды білгем)))))))))
ұнамаған пікірдің бәріне жауап жазуға міндетті емес екеніңді есіңе сала кетейін))

қазір осыған да жауап жазад, қара да тұр))))))))))
Gastarbaiter
Өзі тек жауап жазу мен блог толтырудан тұратын әлемде басқа қандай құбылыс күтіп едің?))) Приколист
Gastarbaiter
Қара да тұр, қазір «айттым ғой жауап жазады» деп айтады деп тұрсам ия, сенің мақамыңа салып.
gunner
Асқар Жұмаділдаев айтпақшы, қазақ деп, тіл деп жаның ашымай-ақ қойсыншы. Ең алдымен өзің қазақша сөйлеп, жақсы білім алып, жақсы жұмыс істеп семья құрсаң сол сенің қазаққа жасаған жақсылығың деп біл.
asaubota
сол ғой біздің де істеп жүргеніміз. ұлтшыл емес емес бәріміз де ұлтшылмыз. бірақ олай құр айқай, ұранмен түк болмайтынын түсінетін ересек адамдармыз. сондықтан қолымыздан келгенше қазақша өмір сүруге тырысамыз. алдымен өзімізді, сөзімізді қазақшалаймыз.

ал құр айқай ол бүгінге шейін жағдайларын жасап алған, атақ-даңққа да бай, түк уайымы жоқ "ұлтшылдардікі". тіпті сол арқылы олар тиын да істейді. ал мындай жастар солардың қуыршағы, солардың айтқанын істейді, соларға ереді.
meirzhan
Мұндай сарындағы постқа неліктен жоғарыдағыдай реакция болғанын осы коммент арқылы енді түсіндім.