Блог бастаушыға арналған кеңестер

Негізі бұл кітапшаны бірінші шығаруым керек еді. Бірақ орайы осылай болды. Шағын кітапшаны жаңа медианы студенттерге түсіндіру барысында қолданып жатырмын (жүктеп алу үшін www.slideshare.net ресурсына тіркеліп, download дегенді түртесіз).

Кітапша көбіне блогшылардың кеңес жазбаларынан тұрады. Қазақ тілінде алғашқы болып wordpress.com тұғырында блог бастаған Бақытгүл, Бақытнұрдың және Есенгүл апай мен Айжанның жазбаларын оқи аласыздар.
Кеше Астанаға барғанда тәбәрік деп төрт-бесеуін апарып едім. Өзі аз ғана таралыммен шықты. Талдықорғанда өткізген тренингті Қазақстандағы АҚШ елшілігі қолдап еді. Сол тренингтен қалған азғантай ақшаның есебінен жарыққа шықты.
пысы. Кітапшаны әзірлеуде көрсеткен өлшеусіз көмегі үшін Тимур құрдасыма үлкен алғысымды білдіремін. Тимур да қазір қазақ қоғамында сирек кездесетін IT Risk Management Ақпараттық технология саласындағы тәуекелді басқару деген тақырыпта керемет бір блогты қолға алып отыр. Бастаған ісіне үлкен сәттілік тілеймін!

Ұқсас жазба

Мақала сілтемесі: http://urimtal.wordpress.com/2011/02/10/%d0%b1%d0%bb%d0%be%d0%b3-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%83%d1%88%d1%8b%d2%93%d0%b0-%d0%b0%d1%80%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d0%b5%d2%a3%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5%d1%80/
Бөлісу:

4 пікір

patick
news.nur.kz/175891.html

Мұрат Әбенов қазақ тілді интернет туралы да сұхбат бетіп үлгеріпті
urimtal
иә, кеше депутаттық сауал жолдап отырған. Уикипедияны дамыту үшін министрлік біреуге оны тапсырсын дейді.
elzhas
Мына блогтағы кеңестерді де оқуға болады…
Daniar-Alan
мынау деген… тамаша ғой…