Бейпіл мақалдар...

Марқұм Ақселеу ақсақалдың туған жерінің топырағынан екендігімнің дәлелі ме осы бір тақырыпты ашып отырмын. ол кісінің сол бір жинағын толық оқымаппын. Дегенмен халық ауыз әдебиетінде бейпіл сөздері бар мақалдар да кездеседі. Айтар мағынасы бар бірақта. Осы тектес мақалдарыңыз болса бөлісе отырыңыздар.

1.Кедейдің етегін бидайға толтырсаң пәленшесі тұрып кетіп шашып алар.
2.Бақ қонбайтын жігіт жоқ, басып қалар көт болса.
Бөлісу:

18 пікір

alisha
«Бір жерінен бал ашып» деген бар ед… бірақ ол мақал емес, тұрақты тіркес
alisha
бұларға таң қалуға болмайды ғой, мақал — халықтың ішінен шығады, сондықтан да олардың сапында бейпіл сөздердің кезігуі түсінікті де…
Nurgisa
Жыламаған балаға емшек бермейді.
qisyq
«Отауын сайламай,… ын сайлаған» деп отырушы еді үлкендер, ойнап-күліп жүріп үйленіп қалғандардың кейін қиналып жүргендерін көріп.
Сосын, «Басымен емес, көтімен жүрген» деген сөз де осыған қатысты.
Abilakim
Қарағанды жақтың бір әншісі жастай үйленген екен. Құрманғазы консерваториясына түсуге барған кезінде жасы біразға келіп қалғанға ұқсайды. Қайрат Байбосынов «жас кезіңде неге келмедің?» деп сұрағанда, «ол кезде жаңа үйленіп жатқан кезім еді»деген әлгіге: «Сіңірің ерте сыздаған екен» депті дейді.
Nurgisa
:)))) Әй Қайреке, айтпайтының жоқ. Мына пилус Әбекеңе емес, Қайрекеңнің кекесінді мысқалына :)
Abilakim
Уа, халайық Қайрат ағамыздың сөзіне + қоя отырыңыздар))))
asaubota
бейпіл мақал демекші қырғыздардың бір мәтелін білем:

Сұлудың *мы құрғамас

бейпіл мақалдан гөрі бейпілдеу жұмбақтар білемін, жазуға бола ма?
alisha
жауаптары бейпіл емес болып шығатын еді ғой, баяғыда мектепте ұлдар осындай жұмбақ жасырып, біздер бұлқан-талқан боп жатсақ: «Е, не, білмейсің ба, қауға шелек қой, кірпік қой, соны білмейсіңдер ме?» дейтін дым білмегенсіп…
asaubota
«Уқалап тұрғыздым, сулап кіргіздім» деген сияқты бейкүнә жұмбақтар ғой :)
alisha
әй, ағасы жұмбағыңның бейкүнәлігін қайдам, ал сені «бейкүнә» көруші ем;) әзіл
asaubota
иненің тесігіне инежіпті кіргізуде тұрған ешқандай сөлекеттік көріп тұрған жоқпын :)
alisha
әуел баста «бейпіл» деп айдар таққаныңа қарағанда, бір сөлекеттік аңғарғаныңды сезіп отырмын ғой;)
ErNur
«Көптің бірі-көттің кірі» деген хит боған мақалды естіп пе едіңдер? :)
aza
Көргенді көттеген жеңеді!

Көз ұйқыға кеткенде, көт Бұхараға кетеді.

Көтінде жоқты көсеумен қамшылап… дегендер айтылатын бізің ауылда… сосын бала кездегі бір әнек былай аяқталатын: «Мекенім мекенім деп едің, үңірейген екен к..ің» )))))))