Менің қылмысым...

Пенде болғаннан кейін күнәні де сауапты істі де жасап жатамыз. Саналы түрде қылмыс жасап көрдіңіз бе?
Мен жасадым.10 класс(Балқаш қаласы) оқып жүрген кезіміз. Кластасым Алмас (марқұм болып кетті, жаны жәннәтта болсын!)келді түс мезгілінде.Әкесі жоқ, шешесі ішкіліккке салынған бала еді, футбол десе жанын беретін. "Қарындасым әліппемен қоштасқалы жатыр, соған ақша керек,2-3 мың бар ма?«деді, менде ондай ақша қайдан болсын.Өзім ағамның қолында тұрып оқып жатырмын.
-Кеше балалар гараж жақтан, алюмин мен мыс шығарыпты, сол жаққа барайық-деді сәл отырған соң.
Балқаштың шет жағында бұзылған, иесіз гараждар бартын.Бір тесіктен кірсең 5-6 гаражға бірақ өтесің. Келістім.Бардық.аралап жүрміз.Қолымызға іліккен керек-ау деген заттарды алдық.Бір кезде көзіміз „Победа“ машинасына түсті.
Әбіләкімнің  ауылы: Менің қылмысым...
Ашық-шашық жатыр.Артында „каробка передачи“ жатыр екен, соны екеулеп алып шыға бергенімізде менттер сау ете қалсын.Қашып үлгермедік.қолымызға кісен салып ҚІІБ алып келді. Саусағымызды майлап, белгілерін түсіріп алды.Мойындарың біраз гаражды ілеміз деп қояды.Видеоға түсірді.Мектептеріңе жібереміз дейді.Үлкен дәрет пен кіші дәрет қатар кетіп қала жаздады. Очм не керек сол жақта жездем бартын.Майор, жүргізуші куәлігін беретін жердің бастығы соның фамилиясын айттым.Аналар оған хабарласып, ақыры аман-есен ештеңеге ұрынбай қалдық қой.
ПыСы: Алмас ақыры осындай ит тірліктің кесірінен қайтыс болды.Мен әскерде болған жылдары, приозерск қаласының маңындағы иесіз қалған қоймалардан мыс жинап, сымды ерітіп отырғанда топырақ астында жатқан снаряд жарылып кеткен.Қасындағы бір бала мүгедек болып қалған екен.
Бөлісу:

47 пікір

patick
Ауылдың сыртында свалка болатын. Сонда барып әлумен теріп, сатып бір байып қалатынбыз. Сосын қара темір де жинадық. Құдайға шүкір ескі сапхоздың техникаларынан қалған қара темір көп болды. Ал, жазда саздан кірпіш басып, соны да сататын едік.
Zilola
менің де бірталай жасаған қылмыстарым бар, бірәқ оның бәрі балалық екен, қазір түк болмағандай жүрм ғо :)))
Nurgisa
Ана жаққа барғанда қылмысыңның бәрі ашылып, әшкереленеді дейді ғой. Ол жақта да енді балалықпен, шалалықпен, тиісінше білместікпен істеді деп жеңілдік берер. Саналы өмірде жаңсақ басудан абай бол бұдан былайғыда! ;)
Abilakim
Ол жақта бәрі дейді ғой
Қысы да жылы жаздайын /Досымжан Таңатаров/
Huan
Бутылка тапсырып, жеавачка алып, артынан темір жинап сотвый аламдеп, бірақ 1 курста кетті оқуыма кетті, олжағо, гараж демекші ондай қызықта болған бірақ біздер айналаға адамдар қойып, қолымызға қолқап, іздерімізді өшіріп кететінбіз, ех балалық қой
sammita
тура осындай оқиға бізде де болған 2 жыл бұрын. Жақындарымыздың 15 жасар ұлы үш баламен 8 наурыз алдында ақша керек болып ауыл сыртындағы Машдворға барады. Иесіз қалған құрылыс орындары бар еді. Содан үшеулер бір бетон дей ме, плита ма сондай үлкен қабырғаның астынан шығып жатқан сым, темір терсектерді аламыз деп қозғайды. Үлкен плита жаңағы туыс баланың үстіне құлап, арқасынан басып қалады. Қорыққан балалар көмек шақыру орнына "үйдегілер ұрсады" деп ауылға шауып барып, ат арба жегіп келеді. Үлкендер көріп шығарып алыпты, ауруханаға жетпей қайтыс болды, бүйрегі езіліп кеткен. Әкесіз өскен бала еді. Көзі жұмылғанша мамалап жылапты((( Қор қылған жоқшылық-ай, жағдайы бар болса темір-терсек терер ме еді…
alisha
денем тітіркеніп кетті ғой, құдай аясын…
sammita
мынадай Победа біздің гаражда тұр. Атамның мәшинесі. Бұлар раритетке жата ма екен?
Nurgisa
Солай ғой. Анау, науқан болған темір бір сомдықтар бар еді ғой, тақырбас бір атаның пошымымен. Соны нумизматтар қыруар ақшаға сатып алушы еді, құрамында бағалы қоспа бар деп. Бір көршіміз батып қап еді…
Abilakim
Гаражыңа барамын)))
Nurgisa
Мәшнәңді қойып кетуге ме?
Abilakim
әдетім қалмаған әлі де.Тонағым келіп кетті.победа көрсем тонағым келеді
sammita
әттең майор ағаң болмағанда, қазір түзеліп кетер ме едің:))
Abilakim
Жездем)))мен қылмыс әлеміне кірсем шыға алмаушы едім.Шын сөзім.Бір кездері сол жолға түссем бе деп үш күн үш түн ойланғанмын
omarbirat
Аселя сені таңдағаны ғой, демек :)
berik
ұрлық — ауыл баласының асық сияқты айнымас бір атрибутикасы ғой :)
ауылдағы санаулы орыстың бақшасынан ап-ащы, көкпеңбек алма ұрлау, төбемен жорғалап ащы құрт ұрлау, көктемде болатын «пахотқа» деп тауық ұрлау, қой кезекке мінетін ат ұрлау, өзенге барып аудан балық ұрлау, жүк машинасының багыне шлангы тығып бензин ұрлау, ауылдан өтетеін шымкенттің камаздары асханаға тоқтағанда қауын-қарбыз ұрлау, прицептен тюкпен шөп ұрлау, қыста «котельныйдан» көмір ұрлау, стройкадан шеге ұрлау,… түу несін айтасың, ұрлықтың түрі көп еді,… :) бірақ ұсталып қалсаң жаман а, базардан орыстың алдында сатып тұрған алмасын ұрлаймыз деп ұсталып қалып, шарбаққа сымтемірмен байлап қойып еді :) так што ұрламай-ақ қойыңдар, әйтпесе менің қасымда отырасыңдар, күзетшіден тығылып, соткамен дабайға, агентке кіріп…
asaubota
сен қайда отырсың? :)
Nurgisa
Аршат, неткен қатыгез едің…
alisha
жараның аузын тырнап деп қойсаңызшы
ken
бастықтарыңның подпистерін жасайсыңдар ма?
мен бірнеше рет жасағанмын. жағдай соған итермеледі.
ал бір жолы өзім істейтін компанияның тіпті вице президентінің қолын жасауға тура келді. сол кісінің атынан бір жерге хат жолдау керек еді. хатты дайындап вице президентке қол қойғызып қойып, хатты тағы бір қарап шығып едім. бір санды дұрыс жазбаппын. ал қол қоятын адам уже іссапарға кетіп қалған еді. содан жаңағы қате туралы ешкімге айтпай, өзім қайтадан дұрыстап жазып, жаңа бланкке шығарып, қолды өзім қойып жібердім. содан хатым кететін жағына кетті.))
Abilakim
Бастықтың қолы түгілі өз қолымды әзер қоямын. Жазуым 1ші кластағы дәрежеде қалып қойған
Zilola
ойбуй есіме енді түсті ғо, кезінде бір счетфактура жасмағаным есімде после вуза ғо, ой-санада түк жоқ, «пейнтпен» жақсылап отырып подделывать еттім :)))
отделдегі апаларым риза болды ғо, қолы алтын қыз екен деп :)
alisha
айттым ғой, бұл жерге өңкей қу, жымысқы, ұры, жылпыс адамдар жиналғанбыз деп;) тағы бір бұлтартпас дәлел!;)))))))
Abilakim
Осы жерде біреу кісі өлтірдім десе де сенейін деп отырмыз
alisha
мен таң қалмайтын сияқтымын енді оған…
omarbirat
Сапқоздың тараған кезінде көшенің бас жағындағы қарауылсыз һәм қараусыз қалған машдвордан бір электр есептегішті шығарып алып, бір саудагерге 450 теңгеге сатып едік. Алған ақшамызға аудан орталығына барып қыдырып келдік.
Nurgisa
Негізі қызық жазасыңдар ғой майын тамызып. Оқып отырып, кішкентай балалардың жасаған қылмысына, қисынға өңгерсең, қуану керек сияқты, ниеттес болу керек сияқты. Бірақ тәлімдік-тәрбиелік мәселе де маңызсыз емес. Осы сайтты он, жиырма жылдан кейінгі оқитын ұрпақ Саммита апалары мен Абилаким аталарының ғибратлі тәпсірлеуінен мұра ұқса игі.

Әйтпесе, бұлай шұбырып кете берсе, кәдуілгі нұсқаулық түзілейін деп тұр :)

Жасалған қылмыстың заңға сәйкес ескілік мерзімі бар да. Әйтпегенде… :)
sammita
түйін — ауылда ұрлықсыз өмір сүру ұят екен;) Бертін келе есікке құлып салынатын болды. Есік алдына түнге қалдырған фляг, шелек, кастрөлді жымқырып кетеді. Біреудің қойы жоғалса аса ренжімейді, сәтін салған күні өзгенің қойын өңгеріп әкеле салады орнына.
qisyq
Жаздым, жаңылдыым, қылмыс жасап едім осыдан екі-үш жыл бұрын…
alisha
айта беріңіз, бұл жердегілердің бәрі бір кездері ары алдында аласарғандықтарын мойындап жатыр…
qisyq
Кайся, сынок, кайся дегендей ғой…
asaubota
негізі заңға қайшы келетін әрекет істеп көрмеген адамдар аз шығар?
Gastarbaiter
Бала кезімде тутовникке баратынбыз. Балалардың барлығы футболкасының ішіне салып алып қызылға боялып қашып кететін. Кейбіреулері целофан алып келетін. Ал мен бірден аузыма салатынмын. Сөйтіп тойып алғанша кейін қалып ұсталып қалатынмын.
КӨбінесе тек ұрсып ұрсып қуып шығады.
Пікір түзетілген: 20 шілде 2011, 19:54
alisha
Гаста, жарылуға қалыпсыз ғой;)
ken
пара алған/бергендеріңді де жазсаңдарш)

мен жоғалтып алған әскери билетімді қайта қалпына келтіру үшін айыппұл ретінде төленуі керек соманы банкке емес, военкоматтағы бір бастыққа берген едім. «банкке төлейсің бе, или маған тастап кете саласың ба?» деп сұрады.
банкке барып, кезекте тұрып жүргенше маған сол жерде бірден бере салу жеңілірек еді))
sammita
«Бара бергенше пара бер» деген. Жиі берем параны (ауызбастырық, сыйлық деуге болар). Ісімді жылдам бітіру үшін. Сосын дәрігер қабылдауында болғанда ақшаны кассаға емес оған тастап кетем дәл сол соманы. Жалақысы аз, жұмысы ауыр, түсінемін.
Nurgisa
Иә, жол тәртібі сақшыларының да жалақысы аз ауыр жұмысын көлік жүргізушілері басына күн туғанда түсіне кетеді.
Zilola
жалпы өзім сыбайлас қамқорлықты қолдаймын :)
Nurgisa
:))))))) ұрымтал сөз екен… +1
Abilakim
менде +1 аттым. +2 атайын десем атылмайды
omarbirat
Бірәтішкелердің бірдеңе алуға тиыны жетпей тұрса, қоса салатын жомарттығымыз бар еді. Екіншісін мен қоса салайын :))
alisha
ағалар азаматтық танытып жатқанда біздің қарап қалғанымыз жарамас, мен де қостым;)
sammita
айыппұлды дәргердің көрсеткен қызметімен салыстырмасайшы.