Қазақша фастфуд
Асты арқауымыз қып алдық. Отыз күн оразада да іптәрға арқау сол ас. Таңғы ас, түскілік, кешкі ас деп трапезаны үш мәрте қабылдау әлемдік өлшем бола тұра, түнгі оннан кейін кейде тәбет ашылып, тоңазытқыштың ішін алай да дүлей ақтаратынымыз бар. Мұның ағаттығы жоқ: қашанда жүрек жалғамаққа нәрлі нәрсені қош көру бұрыс пиғыл емес. Ағза қалады екен, оған да ұю шарт. Қомағайлана бәрін жапыра берген де жарасымсыз дегенмен.
Осы біз рационымызды қадағалаймыз ба? Асқазан деген ауылымызға қанша витамин, қанша калорий барып қонатынын есептемейміз-ау көп ретте. Үйдегі бар көкөніс, жеміс-жидектен жасалған кешкілік асқа қанағат қып, тойғанымызға тоба деу үлкендерден көріп өскен үрдісіміз, бойға сіңірілген стереотип.
Кеңсеге шынжырсыз байланғанымыздың біразы кейде қалай болсын солай
Біз өзімізше үйге келген бойда тез арада не тамақ жасауға болады, ортақтаса ұсынып көрейік. Өз басым тамақ істегенді өте ұнатам, ер адамға жат қылық емес сияқты.
Сонымен, бірінші рецепт:
Төрт-бес бас картоп, бір бас пиязды аршып, майдалаудан ірілеу етіп тураймыз. Үйде ет болса, қазанның астын аздап қыздырып, май құйып, кейін пияз бен етті он-он бес минуттай орташадан жоғарылау отта пісіріп аламыз. Сәбізіңіз болса, оны да аршып, ортасынан екіге бөліп, солай тураңыз. Картоппен бірге әлгі аздап пісірілген ет пен пиязға қосасыз. Аздап тұздап қояйық осы сәтте. Болгар бұрышы болса, оны да тазартып, орташалау бөліктер етіп турап, қосамыз. Үйдегі бар көкөніске қарай ас мәзірін түрлендіре беруге болады. Бастысы, қазанға түскен затыңыз әйтеуір піседі. Тек күйіп кетпеуін қадағалап отыру шарт. Ол үшін, мүмкін бола ағаш араластырғышпен араға он минут салып отырып араластырып отырыңыз. Етпен пісірсеңіз алпыс, сексен минут ішінде, етсіз қырық-елу минут ішінде пісетін тамақ. Сервис жасап, қонағыңызға берерде тамағыңызға көк шөптің түр-түрі бар болса, майдалап турап, үстінен себіңіз.
Екінші рецепт, сұйық тамақ:
Бұл жерде де алдымен қазанды қыздырып, аздап май құяйық. Пияз кетеді алдымен майдаланып туралып, ет болса оны да турап, басқа заттарыңызды турап болғаныңызша екеуі қазанда әбщение-печенье бола бергені жақсы. Осы кезде шәйнекке су құйып, соны қайната бересіз. Үйде көкөністен не бар, соларыңызды турап, қосасыз. Картоп, сәбіз, т.с.с. әдемілеп турап, қазанға баппен саласыз. Ет пен пиязды араластырып тұруды ұмытпаңыз. Қалауыңызша тұз қосасыз, шамамен жарты ас қасығы көлемінде. 45-60 минуттай орта отта піскесін, вермишель тәріздестен қосуға болады. Оныңызға 20 минуттай уақыт кетеді. Сұйық тамақты да ұсынарда көкшөппен әрлеп берген жақсы.
Осы палау дегенді үйрену керек болды.
Мен сосын дәмләмә рецептімен бөлісермін.
Мына рецептімен жасап жүрмін. Нәтижесі бастапқыға болатын сияқты, бабын іздеумен келемін әлі.
Зираны білетінмін, шафранды қайдан таптым деп уайымдап едім басында. Ондайдың сатылып тұрғанын көрмегесін бе екен. Бірақ, бақытыма орай, үйімнің жанындағы базардан-ақ табылды.
Құпиясын айтқысы келмейтіні рас-ау деймін. Мына рецептімен жасағаным қазақбайшалап жасағаныма қарағанда нетолау боп шығады.
Мүмкін болса, өз суреттерімізбен бөлісе отырайық.
түзету: сіңіріп
subscribe.ru/archive/lit.kids.dladetei/200904/17103414.html